Елімізде омарташыларға арналған курс ашылмақ. Оқуды тәмамдағандарға омарташылық жабдықтар мен бал аралары беріледі. Тіптен қажет болса несие де беріледі екен.
Солтүстік Қазақстан облысында аймақты өздерінің балымен қамтамасыз ету үшін қалауы барлардың барлығы үшін омарташылық курсын ашпақшы, – деп хабарлайды ҚазТАГ. Мұндай мәліметті СҚО омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гаврилов таратқан. Оның айтуынша, омарташылық белсенді түрде дамып келеді және бұл салаға деген қызығушылық артып келе жатқандығы байқалады. Бірақ бұл істі қалай бастау керектігі туралы білікті кеңес алу омарташылықты енді бастағандарға өте қиын. Сондықтан осындай курстарға деген қажеттілік туындаған. Курстың негізгі мақсаты – омарта үйшіктері мен омарташылардың санын арттыру және аймақты толығымен өздері өндіретін балмен қамтамасыз ету. Бастаушылар үшін курс үш айға созылады. Омарташыларды бал арасының мамандары оқытады және аталмыш қауымдастық омарташылықтың барлық қырларын қамтымақшы. Бал арасы мен олардың отбасылары туралы жалпы ақпарат, омарташылықтың бал беретін базасын үйрену, нақты іс жүзіндегі мастер-кластар өтеді. Курстардан соң, оны бітіргендерге омарташылық жабдықтар, бал аралары беріліп, сондай-ақ бал беретін өсімдіктері бар жайылымдар бөлініп және қажет болған жағдайда несие де беріледі екен.
Омарташылық курс ашылмақ
Последние статьи автора