Ғалымдар аталық ұрыққа нанобөлшектерді бекітуге қол жеткізді. Бұл – бедеулікті анықтап, жұмыртқа жасушасына дәрі жеткізу үшін қолға алынып отырған әдіс.
Бұл жайлы Ria.ru хабарлайды. Оксфорд университетінің зерттеушісі Наталья Баркалинаның айтуынша, бос конверт тәрізді нанобөлшектер жасушаның ішіне орналастырылады. Нанобөлшектер – шекарасы бар, қатты фазалы оқшау нысан, олардың көлемі 1-100 нанометр болады. Ғалымдар оларды кеміргіштердің ұрығына енгізудің амалын тапты. Ағзаға енген бөлшектер спермамен әрдайым бірге болып, мамандар солар арқылы қажетті ақпаратқа қол жеткізбек. Н.Баркалинаның айтуынша, еркек кеміргіштердің жыныстық жасушалары адамдікімен бірдей. Сол себепті келешекте бедеуліктің сирек кездесетін түрін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туып отыр.
Нанобөлшектер бедеуліктің емін тауып беретін болды
Последние статьи автора