Иран мұрын пішінін өзгерту операциялары жөнінен әлемде көш бастайды. Жыл сайын елдің 200 мың тұрғыны мұрнына пластикалық операция жасатады екен.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті мен Иран ринологиялық зерттеу қоғамы мамандарының статистикасына қарағанда, Иран мұрын хирургиялық операцияларының әлемдік астанасына айналып отыр. Бұл елде ринопластикалық операциялар Америкаға қарағанда, жеті есе көп жасалады. Қымбатқа түсетініне қарамастан, жыл сайын мыңдаған ирандық мұрнының пішінін өзгертеді. Тіпті соңғы кездері мұрнына операция жасатушылардың арасында жасөспірімдердің қатары да көбейген. Ринопластиканың дамуымен бірге елде заңсыз операциялар белең алып барады. Тегеранда ғана ресми түрде 157 пластикалық хирургтің лицензиясы бар, ал астыртын әрекет ететіндер 7000-нан асады.
Мұрын операциясы жөнінен көшбасшы ел анықталды
Последние статьи автора