Адамның дене пішіні оның мінез-құлық ерекшеліктерімен байланысты. АҚШ Ұлттық қартаю институтының зерттеушілері мұны 1988 адам қатысқан сынақ барысында анықтады.
Ғалымдардың ұзақ жылдық зерттеуі дені сау және жоғары білім алған адамдарды қамтыды. Олардың 71%-ы – ақ нәсілді, 22%-ы – қара нәсілді, 7%-ы – өзге этникалық топтардан. Респонденттердің тең жартысы – әйелдер. Сауалнама нәтижесінде, еріктілердің мінез-құлқы шынайылық, адамгершілік, батылдық, көнбістік және невротизм сияқты бес психологиялық өлшем бойынша бағаланды. Белгілі бір кезеңнен соң сынаққа қатысқандардың салмағы өлшеніп отырды. Зерттеу нәтижесінде, кімнің эмоционалдық белсенділігі жоғары болса, соның артық салмақ жинайтыны да анықталды. Көңіл күйі ырықсыз адамдар сабырлыларға қарағанда 10 келіге семіз болып шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, сабырсыз адамдар салауаттылықты ұстануға, өзін жағымсыз әдеттерден тыюға келгенде құлықсыздық танытады. Олардың семіздік ауруына жиі ұшырауы да сондықтан болуы мүмкін.
Мінез-құлық адамның дене бітіміне әсер етеді екен
Последние статьи автора