Шілденің соңында Меккеде әлемдегі ең үлкен сағат іске қосылады. Ол уақытты хижра күнтізбесі бойынша көрсететін болады.
«Әл-Хаят» басылымының хабарлауынша, үлкен сағат тамызда басталатын қасиетті Рамазан айына дейін іске қосылады. Қажылыққа келген жамағат уақыт құралына қарап, намаз, ауыз бекіту мен ауыз ашу сәттерін айыратын болады. Ені мен ұзындығы 45/43 метр болатын циферблат 15 шақырым жерден көрінеді. Ол «Макка Клок Роял Тауэр» қонақүйінің алдына орнатылған. Қонақүйде Айды бақылау орталығы мен мұсылман діні мұражайы да болады. Бұған дейін Тегерандағы диаметрі – 15, бағыттарының ұзындығы 7,5 метр болатын уақыт құралы әлемдегі ең үлкен сағат делінетін.