Оңтүстіккореялық ерлер косметика қолданудан әйелдерді басып озып барады. Бұған қоса әрбір бесінші бозбала макияжсыз жүре алмайтын болған.
Бұл туралы мәліметті Euromonitor International ұйымы жария етті деп хабарлайды ВВС-дің Сеулдегі қызметі. Оңтүстік Корея жігіттері арасында тері күтімімен әуестену сәнге айналған. Былтыр ерлердің бетіне арналған кремдер мен басқа да косметика саудасы елде 10%-ға артса, биыл 14%-ға өсіп отыр. Ерлер күтіміне арналған гигиеналық бұйымдар нарығының көлемі 900 млн АҚШ долларын құрайды. Amore Pacific косметика корпорациясының маманы Лим Ёнсиктің мәліметінше, Корея Республикасында әрбір бесінші ұл жасөспірім де бет күтіміне айрықша мән береді және өздерін нағыз еркек санайтын бозбалалар үшін бұл әсте ыңғайсыз жайт емес.