Оксфорд университетінің диетологтері Альцгеймер ауруына шалдыққандардың есте сақтау қабілетін жақсартуға болатынын айтып отыр. Олар бірегей дәріні кокос майынан әзірлеуді ұсынады.
Big Pond News порталының хабарлауынша, кокос майына жасалған талдау нәтижесінде кетон атауымен белгілі қосындылар анықталды. Бұл химиялық заттар миға жылдам сіңіп, оның қызметін жақсартады. Ғалымдар есте сақтауды жақсарту үшін күніне 35 г кокос майын ішу керектігін айтады. Кокос майы бауырды токсиндерден тазартып, басқа да ішкі органдардың жұмысын жеңілдетеді екен. «Өнімді алжи бастаған адамдарға қолданған кезде олар өздерінің жеке басына қатысты сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жақсы әңгіме құра білді. Демек, кокос майының әсері өлшеусіз», – дейді зерттеуші Питер Клифтон.