Кит тұқымдас балық сөйлеуді үйренді
Калифорнияда кит тұқымдас жануар адамның сөзін қайталай алатын болып шықты. Оның сөйлеу мүмкіндігі жергілікті акваторияда жүргізілген суасты сынақ нәтижесінде расталды.
Нок есімді ақауыз киттің ерекше дыбыс шығаратынын ең әуелі сүңгуірлердің бірі байқаған. Ол су астында болғанда әлдекім құрлықтан «rise» деп дыбыстаған. Адам судан көтерілгенде, белухадан басқа ешкім болмай шығады. Сүңгуірдің серіктері жануардың сөйлей алатындығын тексеруге бастама көтереді. Киттің тіршілік ету ортасындағы суасты байланысты тестілеуден өткізген кезде, Ноктың, расымен де, адамның сөйлеуіне ұқсас және өзге кит тұқымдас жануарлар тілінен бөлек дыбыстар шығаратыны анықталды. Мамандар ақазу кит адамдар жиі дыбыстайтын сөзді жаттап алған болуы мүмкін деп топшылайды, өйткені «rise» («судан шық», «көтеріл») сөзі – әдетте сүңгуірлерге берілетін бұйрық. Кит адамша дыбыстаған кезде, оның үні өз даусынан бірнеше октаваға төмен шыққан.