Адамның жазуына қарап, онда паркинсон ауруы белгісі бар-жоғын анықтауға болады. Израильдің Хайфа университетінің ғалымдары бұл ауру меңдей бастаған адамдардың жазуы кішірейе түсетініне көз жеткізді.
The Times of India-ға сілтеме жасаған Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, ғалымдардың сынағына паркинсонизм белгісі бар 20 адам мен 20 сау адам қатысты. Олар өз аты-жөні мен мекенжайын толық жазып беруі тиіс болды. Зерттеудің нәтижесінде жүйке жүйесінің созылмалы ауруына шалдыққандардың қаламға салмақ түсіріп әрі әр әрпін шамадан тыс кішірейтіп жазатыны анықталды, сонымен бірге олар сау адамдарға қарағанда баяу жазатын болып шықты. Профессор Сара Розенблумның айтуынша, жазу-сызу – моторика ғана емес, жүйке және ақыл-ой жүйесінің көрінісі де, сондықтан науқастың белгісін жазуына қарап анықтауды тәжірибеге енгізуге әбден болады.
Кеселдің алғашқы белгісі жазудан білінеді
Последние статьи автора