Ұлыбританияда Данте атты үй мысығының ет жемейтіні анықталды. Жергілікті ветеринарлар вегетариан мысықтың денсаулығына алаңдаулы.
21 жастағы Беки Пэйдж көшеден иесіз мысық тауып алып, үйіне әкеледі. Ашыққан болар деп, оған піскен ет берсе, мысық жемей қояды. Бірақ кейін асүйдегі көкөністерді көріп, бірден бас салыпты. Пэйдждің айтуынша, мысық орамжапырақ, қарбыз бен бананды сүйіп жейді екен. Есесіне, тышқан аулау ойына кіріп шықпайтын көрінеді. Және көкөніс пен жеміс-жидек арасына білдірмей ет не балық қосып берсе, мысық бәрібір «өзіне керегін» ғана жейді екен. Британдық мамандардың сөзіне қарағанда, етті аз жеген жағдайда жыртқыш тұқымдастардың көзі нашар көретін болады. Бірақ Дантеден мұндай кемшілік байқала қоймаған.
Ет жемейтін мысық пайда болды
Последние статьи автора