Әлемдегі ең үлкен гүл саналатын Titan Arum гүлдеді. Ол Бельгияның Мейзе қаласындағы Ұлттық ботаникалық бақта өсіп тұр.
Utro.ru-дың хабарлауынша, Titan Arum немесе «мәйіт гүлі» деп аталатын өсімдіктің ұзындығы – 2 м 44 см, салмағы – 50 келі. Алып гүл мәйіттің немесе шіріген балықтың иісіндей жағымсыз иіс бөледі. Гүлдің тұқымға айналатын аналық бөлігі сары түсті, ал тәжі қарақошқыл. Titan Arum үш-сегіз жылда бір гүлдейді, ол тұңғыш рет 2008 жылы гүлдеген еді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңі үш-ақ күнге созылады. Кейбір мамандар гүлдің сасық иісі адамдардың бойындағы күш-қуатты арттырады деп есептейді.