Қазіргі әрбір 12-жасөспірімде «ырыққа көнбейтін ашуланшақтық» ауруының белгісі бар. Гарвард медицина мектебінің дәрігерлері мұны 10 148 балаға жүргізілген тексеру нәтижесінде анықтады.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, ғалымдар кәмелетке толмағандардың үштен екісінің аяқасты ашу-ызадан төңірегіндегілерге қауіп төндіретініне көз жеткізді. Қазіргі жасөспірімдер оқыстан қызбаланып, өзін-өзі ұстай алмайтын болған. АҚШ-та 6 миллионға жуық жасөспірім осындай ауытқумен ауырады. Бұл – «әлемнің әрбір 12-жеткіншегі ашуланшақ» деген қорытынды жасауға негіз. Профессор Рональд Кесслердің айтуынша, бүгінде ғылым тілінде «ырыққа көнбейтін ашуланшақтық» деп аталатын ауруды дұрыс емдеу жүйесі қалыптаспай тұр. Егер ауру белгілерін ерте кезден анықтау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінетін болса, оны емдеудің тиімді тәсілін де тәжірибеге енгізуге болар еді.
Аяқасты ашулану жасөспірімдердің басты ауруына айналып барады
Последние статьи автора