«Жеңіс күнін тойлаймыз...»

Музыка жетекшісі: Р.М. Нұрымбетова
Тәрбиеші: Г.Х. Поданова

Музыка естіледі. Балалар залға кіріп, 4 қатарға тұрады.
Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ совет халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір қала, әрбір ауыл үшін ұрыс болды. Еліміз аянбай шайқасты.
Балнур: Отаным еркелеймін өзге кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің, Басыма қатер бұлт төнген күнде.
Айрат: Көктемде шуақты
Жауқазын гүл атты.
Мамыр ай мереке,
Әкелді береке.
Шолпан: Атам Отан қорғаған,
Онда қорқақ болмаған.
Алтын жұлдыз кеудеде,
Нағыз батыр ол маған.
Азат: Батыр ата-анамда,
Батыр үлкен ағам да.
Ал үйдегі әжеміз
Алғыс айтар заманға.
Асылбек: Міне, сондай ата-анам,
Мен үлкеннен бата алғам .
«Батырлардың үйі» деп,
Біздің ауылды атаған.
Жалғас: Что такое День Победы?
Это утренный парад;
Едут танки и ракеты,
Марширует строй солдат.
Жамиля: День Победы! Солнце май!
Всюду музыка слышна
Ветераны надевают
Боевые ордена.

Көрініс: Ата мен немересі.
Мәңгілік алауға атасы гүл қояды.

Рамазан: Ата,ата бұл қандай алау? Жылда келіп, гүл қоямыз!
Атасы:  Балам, бұл соғыста қаза тапқан ағаларымыз бен батыр аталарымызға арналған алау. Ел есінде мәңгілік сақталсын деп, қойылған ғой.
Рамазан: Ата соғыс деген не?
Атасы: Е, балам, соғыс деген сөздің өзі суық. Соғыстың қалай басталғаны әлі есімде. Мен ол кезде бозбала жігіт едім.
Көрініс:
(Үй ішіндегі адамдар ұйықтап жатыр.)
Азат: ( Үйге жүгіріп кіріп, есікті қатты тоқылдатты.) Соғыс басталды!
Әжесі: Не деп тұрсың ? Қайдағы соғыс!
Атасы: Радионы қосыңдар! (радио қосылды).
Балам, сен майданға барасың.
Отанынды, еліңді, жеріңді жаулардан қорғайсың!
Ал, мен саған бата берейін!
Бата:
Оң болсын, балам сапарың,
Молықсын дәмің, татарың,
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.
Тілеуіңді беріп,бағыңды ашсын.
Айналып келіп ай мен жыл,
Аман-есен көруге жазсын!
Азат: Бір қасық қаным қалғанша,
Шыбын жаным шыққанша, жаумен шайқасамын.
Аттан қазақ!

Балалар отряд болып тұрады.
Ән: « Ел қорғауға әзірміз»
Азат: Бұлт төнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған.
Шайқас: ( Екі баланың қолында 2 автомат және 2 граната бар)
Командир: Артымызда еліміз, жеріміз тұр.
Азат: Тек, алға – алға! Отан үшін Ура!Ура! (перденің артына кетеді)
Осындай батыр жауынгерлеріміздің жасаған ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.
Айбар: Тастар көкке атылды,
Орманы шулап, тау құлап,
28 батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
Дамир: Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.
Ән: «Момышұлы Бауыржан»(хор)
Тәрбиеші : Батырларымыздың арқасында көптеген жаудың құпия іс-әрекетін әшкере қылдық.барлаушы батырларымыз, от кешіп, мұз жастанып, қиындықтан қорықпай, берілген тапсырманы мұхият орындады.
Балалар ендеше біз «Барлаушылар» ойыны арқылы өздеріңнің қандай жылдам, шапшаң, төзімді екендеріңді көрсетіңдер.Қалғандарымыз жанкүйер болып отырамыз.
« 1-2-3 ойынға түс»
Тәрбиеші: Ару қыздарымыз майданда медбике болып ерлік жасап, жарақат алған жауынгерлерімізге көмек көрсетіп,ажалдан құтқарған. Медбике аруларымыздың ерен еңбектері бар.
Ойын: «Жауынгерге көмек көрсету»
Тәрбиеші: Қазақтың батыр өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты. Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпаймыз, есте сақтаймыз. Әлия мен Мәншүк ерлігін әнге қосып шырқап жүреміз.
Ән: «Мәншүк апа»
Тәрбиеші :Соғыс кезінде де біздің әскерлеріміз бір сәтке бойларын қорқыныш пен үрейден арылтып, әсем әнмен ,би билеп көңіл- күйлерін көтерді.
Сарбаздарымыздың тамаша биін тарту етеміз.
Тәрбиеші: Тылда апаларымыз , әжелеріміз майданда жүрген жауынгергерлерімізге қолдарынан келгенше көмектесті.

Рамазан: Сүйінші-сүйінші, соғыс бітті!

Рамазан: Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Соғыс бітті!!!

Жаттығулар: (гүл, кептер, жалауша) таратады.
Вальс биі: Балалар сұрапыл соғыс бітті, халқымыздың қуанышы қойнына симай, көшелерге шығып сарбаздарымызды, ән айтып, би билеп, қарсы алды.
Көрініс жалғасады.
(Ата мен немересі қайтадан мәңгілік алауға келіп, соғыс жайлы айтқанын есіне түсіреді).
Рамазан: Ата, мен сіздің айтқан сөздеріңізді ешқашан ұмытпаймын. Менде алдағы уақытта сіз секілді келіп, гүл әкеліп қоямын.
Тәрбиеші: Жауынгер батыр атанған Б. Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров және т.б. батырларымызға бас иеіп, тағзым етеміз. Батырлардың даңықтары арта берсін! Ленинград, Москва, Волгоград, Минск, Тула, Севастополь, Брест қалалары үшін шайқасқан ерлерге бас иеміз. ҰОС қаза болған ерлерді орнымыздан тұрып еске алайық.  1 минут үнсіздік.
Тәрбиеші : Одан бері 70 жыл өтті. 70 жыл ішінде қазақ халқының достығының арқасында үлкен жетістіктерге жеттік.
Нұрым: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт.
Асель: Біздің Отан кең байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ
Әлем сиып кетеді.
Тату елміз табысқан
Қазақстан, бақыстан.
Ән: «Балдырғандар әні»

Би: Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу маржан шашайық.

Би: «Балдырғандар».
Міне, ел басына түскен қиын-қыстау шақта ,тылда қара жұмысқа жегілген кешегі бозбалалар , бүгінде бір әулеттің ақ сақалды атасы,шежірелі қазынасы. Бүгін біздің ортамызда тыл және еңбек ардагері Батпенов Ақан атамыз отыр.

Ақан ата, сіз бүгінгі өскелең ұрпаққа, бүлдіршіндерімізге соғыс жайлы қысқа ғана айтып берсеңіз. (Мансұр мен Балнұр ортаға алып шығады. Атайдың әңгімесі) ) Тәрбиеші :Дүниеде кем болмайды баталы құл, Шашыңыз батаменен жемісті гүл. Деп балаларға батаңызды берініз.
Тәрбиеші Міне, Жеңіс күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталуға айналды. Балалар ,сендерге айтатыным, адамның жүрегі – ол отбасы. Біздің шаңырағымызда соғыс болмасын ешқашан.

Арнұр: Бақытты болсын балалар,
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.

Мансұр: Кең қойнауы кенге толған,
Кең жайлауы малға толған,
Жері ұйықтай, жері жайсаң
Жаны жомарт елі дархан.

Ән: «Бау-бақша белдер...»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста