Желілі ойын
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№12 «Арай» бөбектер бақшасының
даярлық тобы тәрбиешісі
Таурбаева Айнаш Сәкенқызы
Тақырыбы: «Отбасы. Пошта. Банк. Ателье. Жанармай бекеті. Жолаушылар тасымалдау көлік паркі»
Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнату және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде өздерін еркін ұстауларын жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диологтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: «Отбасы», «Пошта», «Банк», «Жүргізуші», «Ателье», «Жанармай бекеті» ойындарына қажетті құрал жабдықтары.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар толық байланыстырып сөйлей білу керек.
Түсіне білу керек: Әр ойынның қалай ойналатынын және мамандық түрлері туралы түсініктері болу керек.
Көрсете білу керек: Балалар өздері рөлге бөлініп ойнап көрсете білулері керек.