Халықтық педагогиканың химия сабағындағы білімдік маңызы

Халықтық педагогиканың химия сабағындағы білімдік маңызы
Ғұлама ғалым, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Бұл еліміздің болашағы жас ұрпақты жақсылап тәрбиеле деген сөз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2030 бағдарламасында балалардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету салауатты өмір салтына ынталандыру міндетін қойып отыр. Әр мұғалім заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін аттыруда жаңа технологияларды, жаңашыл педагогтердің тәжірибесін, дәстүрден тыс сабақтарды қолданады. Мұндағы мақсат - тақырып мазмұнын оқушы бойына сіңіру, қазақ халқының бала тәрбиесіне жиып берген мол тәжірибесін пайдалану. Бүгінгі таңның өзекті мәселесінің бірі - білімге, ғылымға қызыққыш ой-өрісі жоғары жастарды тәрбиелеу. Осындай мәселелерді шешуде химия пәнін дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып оқытудың маңызы өте зор. Химия сабағында оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығуын арттыруда халықтық педагогиканың тәрбиелік, білімдік маңызы зор. Осы асыл мұрамызды жас ұрпаққа химия пәнінен тақырыпқа байланыстыра қолдану арқылы жеткізген жөн.
Мысалы, 9-сыныпта «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбын өткен кезде балаларды сабын алу тәсілімен таныстырып және сабынның химиялық құрамымен таныстырады. Сабын адамның өте ертеден пайдаланған заттарының бірі. Сабын құрамында 16-18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобының сутек атомына, негізінен натрий мен калий алмасқан туындысы. Сабындар қатты және сұйық болады. Қатты сабынның құрамына натрий, сұйық сабынның құрамына калий атомдары кіреді. Жоғары май қышқылдары майлардың (жануар, мал) құрамында май қышқылдарының (стеарин, олейн, линол, т.б) үш атомды спирт - глицериннен түзілген эфирі.
Бұл эфирдің неізгі қасиеті, судың әсерінен гидролизденіп, глицерин және маи қышқылдарын түзеді. Егер гидролизді калий немесе натрийдің тұздары қатысуында жүргізсе, май қышқылдарының калий немесе натрий тұздары түзіледі. Сабындық қасиеті болғандықтан бұл реакцияны сабындану реакциясы деп атайды. Ертеде халқымыз алабота өсімдігінен құрамында натрий, калий иондары бар екенін білмесе де, сабын ала білген. Баяғыда бір атамыз «осы шай мен сабынды дүкеннен сатып алғандарға таң қаламын. Өзен бойлап, орман тоғай кезсең, шай да, сабын да аяқ асты емес пе », - дейді екен.

Қазақи әдіспен сабын алу мынадай жолмен жүзеге асырылады

1. Алаботаның көк гүлі түспей тұрғанда ,тамыз айында жинап алып, тақыр жерге мол етіп үйіп өртейді.

2.күлін су сеппей суытса, ол қорып, байланып қалады. Содан соң
3 .қазанға су құйып, күл қосып қайнатады. Сақарды күні бойы

4. Қайнатып, түн асырып тұндырып қояды. Тұнбаны сілті деп атайды.

5. Сілтіні ертесіне отты баяу жағып араластырады

6. Әбден қоюланып, құрғап, ұнтаққа айналғанша қайнатады.

7. Оған малдың майын қосып тағы да қайнатады.

8. Қоюланған кезде шүберекке орап, белгілі бір кейіпке келтірсе, сақар яғни қара сабын дайын болады.

9. Дайын болған сабынды қолмен үзіп көршілерге үлестіреді. Оны бұзаушық деп атайды.

2. Сабынды химиялық зертханада алу тәсілі (аз мөлшерде алу).

1. Mай 6г + NаOH 6г+ су 8 мл + Nа 2 CO3 = сабын.

Қазіргі экстракциялау үрдісі де ерте заманнан- ақ өсімдіктерден бояу алуда қолданылған. Рауғаштың тамырынан, талдың қабығынан бояу жасап, жүн, шүберек, ағаш бояуға қолданған. Ұйыту, іріту үдерістерін де ерте кезден қолданған. Халқымыз мал, аң терілерін әр алуан әдіспен илеп, керегіне жаратқан. Иленген теріден тон, тымақ, ішік, шалбар, ер тұрман әбзелдерін жасаған . Теріні илеу үшін оны иге салады. И ретінде теріге айран жағып, иітеді. Айранның құрамында кальцийдің тұздары, сүт қышқылдары бар. Олар теріні жұмсартып, әр түрлі бактерияларды жояды. Иін қандыру асқан шеберлікті қажет етеді. Иден шыққан соң өсімдіктің, балықтың майын жағып кептіреді. Кепкен теріні уқалайды. Иленген теріден күнделікті өмірге қажетті заттарды жасаған.
Металдар тарауын өткенде шебер ұсталарымыз алтын мен күмістен алқа, жүзік, сырға, мыстың құймасы – жезден леген, құмған, оймақ тәрізді заттар жасағанын оқушыларға айту – халқымыздың шебер де іскер болғанын көрсете отырып, олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға болады. Сондай-ақ халық шаруашылығы ның негізінде химия жатқанына олардың назарын ерекше аудару керек.
«Халқы қандай екенін салтынан сынап біл» дегендей қазақтың қандай екенін көрсету үшін оның салт – дәстүрін, бай тәжірибесін әр пәнде тақырыппен байланыстыра ұрпақ бойына сіңіру қажет. Сонымен бірге химияны өркендетіп, мамандықтарды таңдайтын шәкірттерге мектепте оқитын кезден-ақ барынша ынталанатындай қызықты да қызғылықты білім беру міндеті – ең қасиетті борышымыз деп санап, соған қол жеткізуге барынша атсалысуға тиіспіз .
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста