Ұстаз – ұлы есім (музыка сабағынан мұғалімдер күніне арналған ән кеші)

Шығыс Қазақстан гумантарлық колледжінің
жекелей музыка пәнінің оқытушысы
Тоқатова Гүлдана Жұмақанқызы

Мақсаты: Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ән айту және сахна мәдениетіне үйрету, әннің сөздерін жаттай білуге баулу.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар, слайд.

Ұйымдастыру: а) Ән кеші өтетін орынды мерекеге сай дайындау;
б) ән кешінің қонақтарын қарсы алу, арнайы дайындалған гүл шоқтарын тапсыру.

Барысы:
Көрермендер залға кірген кезде «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады, күй мазмұнына сай №1 слайд көрсетіледі.
Би: «Ақбұлақ», «Аққулар» би тобының орындауында.
1-жүргізуші: «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»- деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай ұстаз ерекше мамандық. Сондықтан да бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ән кешін Сіздерге арнаймыз. Музыка ырғағымен студенттер ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.

2 - жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғалым дана да.
ӘН: «Ұстазым» С. А.Шамкенов Ә. Ә.Еспаев, №2 слайд көрсетіледі.

1 - жүргізуші:
Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл - қыздың арман - әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.

Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Аққу» биін билейді.
1 - жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін...
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән «Аяулы әнім мектебім» орындалады.
2 - жүргізуші:
Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе - бет сен келесің.

Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға, сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.
1 - жүргізуші: «Ұстаз – ұлы есім» көрініс қойылады (7 студенттің қатысуымен жүзеге асады). Мақсаты: сахна және сөз мәдениетіне баулу, ұстаздарға құрмет көрсете білуге үйрету. Әнді дұрыс орындай білуге жетелеу.
2-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен:
Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
2-жүргізуші:
Сіздерге қандай құрмет көрсетсек артық емес, еңбектеріңіз ерен. Шәкірттеріңіз тек биіктерден көрінсін. Келесі тамаша әнді қабыл алыңыздар.
ӘН: «Ардақты ұстаз » орындалады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста