Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі - диалог сөз

Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі - диалог сөз

Манапова Арайлым Омирхановна ,
Шилібастау орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жамбыл ауданы
Алматы облысы

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі, бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, тиімді болары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үдерісінің технологияландыру мәселесін қойып отырғаны даусыз. Оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары сарапталып, жаңашыл, шығармашыл ұстаздардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі таңда оқытудың жаңа тәсілі Кембридждік оқыту тәсілі енуде. Басты мақсаты оқушының пәнді терең түсінуі қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы бағдарламаға сүйене отырып, мен жеті модульдің бір модульін «Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер» диалогтік оқытуды іс – тәжірибемде зерттеуге алдым.
Александр (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Ал Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 39 бет]
Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды.
Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі - диалог сөз./ Диалогтік оқыту оқушыларды қажетті қарым-қатынас жасай білуге қалыптастырады. Бұл әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдауды білдіреді және диалогтік оқыту оқушылардың кітаппен жұмыс істей білу және т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосады.
Диалогтың жүзеге асырылуы мақсаттың қалыптасуы арқылы қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігін туындатады. Диалогтың қалыптасуы, одан әрі дамуы сөйлеушілер мақсатына тікелей тәуелді. Тәжірибе барысында жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдандым.
Білім беру барысында диолог негізгі рөл атқаратыны белгілі. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігі жөнінде жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
• Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі.
• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
• Оқушыларға білім беру барысында мұғалімдерге оқушылардың қандай білім деңгейінде екендігін түсінуге көмектеседі.
Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. (МАН 12- бет) Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007ж.) Бұрынғы дәстүрлі сабағымдағы диалогтік оқыту жай ғана шығарып оқушыларды дайын сұрақтар мен жауаптар болатын болса, қазіргі сындарлы оқыту тәсілі бойынша бала өз ойын еркін жеткізе алуына жол көрсетеді.
Бір – бірімен ашық сұхбатқа түседі. Ағылшын тілін оқытуда біздің негізгі мақсатымыз оқушының сөздік қорын дамыту, диалогке түсу, ағылышын тілінде еркін сойлеу ге заман талабына сай білім алуында.
Зерттеу мақсатында 5 сыныбы болды. Ең бірінші сабағым «Мен ол жерге қалай жетемін?» тақырыбы. Блум таксаномиясына негізделе сабақ жоспарын құрадым.
Білу кезеңінде мен миға шабуыл жасап,оқушыларға сұрақ қойып, жауап алдым. Содан өздерін бір – бірімен диалогке түсуін талап еттім. Диалогке түсу кезінде менің қойылған сұрақтарым жақсы көмектесті. осы жерде екі тапқа екі сурет бердім және оқушылао өз сөздерімен берілген суретті суреттеп берді. Атап айтсақ Сергей Аяулым, Тілеухан Жамбыл, Тілеухан Бейбарыс, Несіпбаев Мирас қызықты диалогке түссе, Әлібек Аяулым, Алимкулов Мадияр және Әкімжан Аяжан суреттеуден өздерін жаксы кырларынан көрсете алды. Осы тапсырмаларды орындау барысында тек А,В оқушылары ғана емес С тобы оқушыларының да сабаққа деген қызығушылықтары артқанын байқадым.
Түсіну кезеңінде берілген жаңа сөздерді тек сөздігіне түсіріп қоясалмай, жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендірді.
Қолдану кезеңінде сол жаңа сөздерді пайдаланып диалог құрады.
Мысалы:
Аяулым: Oh Ayazhan, Come to my house after school.
Аяжан: Where do you live?
Аяулым: We live at 18 Zhambyl street.
Аяжан: Go staight on Abai street, turn lefton Temirzhol street, turn right on Zhambyl street. Our house is on the right.
Ал жинақтау кезеңінде «How do you get from your house to school?» тақырбына топтар постер сызды. Қорғау барысында мазмұнды сызбаларын сүйене отырып топ мүшелері тағыда өзара диалогқа түсті.
Осы жұптық әнгімеде В оқушым диалогке қызығушылық танытып, қатысып топтың атын қорғап, намысқа тырысты. Ол оқушымның бұл жерде сабақ тақырбына байланысты қызыққанын кітаптан өзіне мағлұмат ала отырып, А оқушымен диалогке түскенін байқадым. Диалогке түсе ол оқушылардың ойлауы, дұрыс сөйлеуі дамығаны байқалды.
Дәстүрлі сабақ беру кезіндегі жүргізілетін диалог жұмыстарының кемшілігін қазір анық байқадым. Кей жағдайда тақырыпты таңдауға еркіндік берілмейтін және нақты сұрақтар жұмысы жүргізілмейтін. Сондықтан да балалар сөйлем құрап, сұрақ қоя алмайтындығы.
Сабақ соңында мынандай нәтижелерге қол жеткіздім.
- Жүйелі ойлау қабілеті оянды;
- Нақты сұрақ қоюға жол ашылды;
- Сөздік қор жиналды;
- Ізденіс күшейді.
- Өз ойын еркін жеткізе алды.
Осы жетістіктер менің оқушыларымнан байқала бастағанын қуана айтқым келеді. Бала логикасын дамытуды, өзін еркін сезінуді, ойлану қабілетін шектемеуді көздеген дұрыс. Қателер мен жалаң ойларын, теріс пікірлерін уақытылы қадағалап, уақытылы ескертулер беру – жақсы нәтижелер береді деп ойлаймын.
Ал келесі сабағымның тақырыбы «Шырын ішкіңіз келе ме?» сабағы. Мақсаты оушылардың тақырыпқа қатысты сөздік қорларын дамыту, өз ойларын ағылшын тілінде емін еркін жеткізүге дағдыландыру.
Сабақтың түсіну кезеңіне арналған тапсырма мазмұны бойынша оқушыларыммен шағын диалогқа түстім. Мен сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техикаларын пайдаландым. Жеңілден күрделенген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой өрісінің артуына, өз ойларын қысылмай, еркін жеткізе отырып, сөйлесу қабілеттерін жоғарылатуға бағыт бердім. Айтарлықтай оқушылар жауап беріп, өзара жұп – жұппен диалогтар құрды. Мысалы:
Бейбарыс: Hello Miras! How are you?
Ақнұр: Hi. I'm fine and you? I'm well.
Бейбарыс: Come to my house after school.
Ақнұр: I can't. I don't know where do you live.
Бейбарыс: Go staight on Abai street, turn lefton Temirzhol street, turn right on Zhambyl street. Our house is on the right.
Ақнұр: O'k.
Осы жұптық әңгімеде тілінің кемістігінен ұялатын менің С тобындағы оқушым өзінің есте сақтау қабілеті өте жақсы екенін көрсетті. Және ол бала кекештігінен ұялудың қажеті жоқтығын түсінді.
Ал Талдау кезеңі: «Journalist» тапсырмасында оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақ қойды. Алынған жауаптарын үшінші жақта жазып, оны тобына таныстырды. Осы интервьюды дайындау кезеңінде оқушылар аса белсенділік танытты, алдыңғы сабақтардағыдай емес, бұл жолы олар уақытты ұтымды пайдаланды.
Осы тапсырмада С оқушымның белсенділгін көрдім.Ағылшын тілінде болмаса да қазақ тілін қосып, кітаптың көмегіне жүгініп, берілген тапсырма бойынша сұрақтар дайындап, оған барынша сауатты жауап беруге тырысып бақты. Осы тапсырма барысында C оқушымның алға ілгерлігі айқындалды, сенімділігі пайда болды.
Мысалы:
- Do you like pizza?
- Do you like salad?
- Would you like some juice?
- Would you like an orange
My friends' name is Zhambyl. Zhambyl likes pizza. He doesn't like salad. He likes drink juice. My friend doesn't like oranges.
Жинақтау кезеңінде топтарға кросворд құрастыру тапсырмасы берілді. Осы тапсырманы орындау барысында А оқушым В,С, оқушыларым белсенділік танытты. Өткен сабақтан гөрі, бұл жолы оқушылар уақытты тиімді пайдаланып, біреулері сурет салса, біреулері бояп, тағы біреулері айтатын сөздерін жазып отырды, олар бастапқысында аздап дауласқанымен ақыр соңында бір – бірін тыңдап, ортақ шешімге келу нәтижесінде топтық әңгімеден зерттеушілік әңгімге қарай ойысты.
Келесі үшінші сабағымның тақырыбы «Мен гамбургер қалаймын». Жаңа сөздерді игере отырып саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырату. Алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге дағдыландыру, дұрыс әрі нақты сөйлеу қабілетін арттыру .
Осы сабақтың Білу кезеңінде «Қарлы кесек» тәсілін пайдаландым. Бұл тапсырмаға А, В, С, топтарының оқушылары қалмай қатысты. Оқушылар бір-біріне ең қарапайымнан күрделіге әкеліп сұрақ қойып және оған жауап бере алды. Бұл тапсырмада А,В,С оқушыларымның СТО –дан ойлауын ықпалдастыра логикалық ойлау қабілетін дамытып,өзара топ арасында диалогке түсіп, сызба тапсырмасын орындады. Осы тапсырманы орындау барысында ерекше белсенділік танытқан А оқушымнан В,С, оқушыларым артта қалғысы келмегендіктері айқын болып тұрды.
Түсіну кезеңіне арналған тапсырма джигсо әдісі бойынша әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша мәтінді аударып, арасындағы жақсы түсінген оқушы келесі топтарға түсіндірді. Топтағы әр оқушы түсінгенін диалог ретінде бір-бірінен сұрақ жауап алды. Яғни тапсырманы орындау барысында ең алдымен жеке өзі оқыды, жұппен талқылады, топпен жұмыс жасады, ұл жерде әңгіменің барлық түрі қамтылды. Тапсырма бойынша оқушылардың сұрақ – жауаптарын атап айтсам.
Аяулым: Madiyar, what do you want to eat for lunch?
Мадияр: I'd like a hamburger.
Аяулым: What do you want to drink?
Мадияр: I'd like some coke.
Аяулым: Where do oranges come from?
Мадияр: They come from Marocco.
Төртінші тақырып «Тапсырыс бергіңіз келе ме?» Мақсаты: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып әңгіме құра алу. дастархан мәдениетін сақтауды дағдыландыру.
Білу кезеңінде «Өрмекші» әдісін қолдандым. Бұл тапсырмада мен оқушыларға Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін ықпалдастыра отырып, деңгейін жас ерекшелігін ескере, біріне бірі тақырыпқа қатысты сұрақ қоюуына ықпал еттім.Осы тапсырмада менің А,В,С, оқушыларымның даму деңгейі жоғарылап, алға жылжығаны анық байқалды. Өзін – өзі еркін ұстауы, создік қорлары көбейгені мені қуантты. Мысалы С оқушымның В оқушыға қойған сұрағы Would you like an orange? B жауабы No, thanks. I don't eat orange. С оқушым А – ға Do you like pizza? - деп сұрақ қойса, A оқушым Yes, I do. I like pizza. - деп жауап қайтарды.
Талдау кезеңінде «Кафеде» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырдым. Ең алдымен әр топ өздері кеңесе - келісе отырып «Меню» құрастырды. Сабақта сөйлеуге ұялатын менің С тобындағы сақау 1 оқушым, ұялшақ 1 оқушымның актерлік қабілеті бар екеніне осы рөлдік ойын ұйымдастырғанда алғаш байқадым.
Бұл тапсырмада А,В оқушыларымнан сөйлеу мәнері, фонетикасы, өз ойларын емін еркін жеткізу, жетістіктерін байқадым. Ал С оқушым осы кезеңде ерекшелігіне, деңгейлігін ықпалдастыра отырып, түрткі тастап, оқушыға өзім сұрақтар қойдым. Бұл сұрақтың жауаптарына сыни тұрғыдан ойлана отырып, шағын әңгіме жазды.
«My name is Ayazhan. I would like to eat eggs for breakfast. I like to drink tea, but without milk. I don't like to drink milk. We often go to the cafe in evening.»
Мениң жеткен нәтижем бұл тапсырмада С оқушымның сөздік қорының азда болсада молайғандығын байқадым.
Диалогтік оқытуда іс-тәжірибеде кездескен сәтті тұстары өте көп болды. Диалогтік оқытудың топтық жұмыс түрі балаларға өте ұнайды, ізденеді, қызығады, бір-бірінен білмегенін сұрайды. Сөйтіп, достық, жолдастық қарым-қатынас орнайды. Өз ойын еркін айтуға талпынады, сол арқылы өзін-өзі басқару қабілеті пайда болып, өзіне деген сенімі күшейеді. Өз тобын басқаруға, қасындағы оқушының пікірін тыңдауға, қатесін түзеп айтуға, басқа топтан қалыспау, яғни намыс, жігері оянады. Осының негізінде баланың пәнге деген қызығушылығы артады. Топтық жұмыста жақсы, нашар оқитын бала болып бөлінбейді, нашар үлгереді деген оқушының өзі де өз үлесін қосып пікірін айтуға тырысады. Бұл қазіргі заман ұғымымен түсіндергенде, оқушының коммуникативтілік құзырлылығын қалыптастырады. Қоғамда өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны дайындауға өз нәтижесін береді. Мен өзімнің диалогтік оқыту негізінде өткізген сабақтарымның нәтижесінде осындай қорытынды жасадым.
Нәтижем мен бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарымда ықпалдастыра отырып, жаңа тілдік құралдарды меңгеруге, оқушылардың өз ойларын толық жеткізуге, өзін - өзі реттеуге, ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ,бір бірлерін мұқият тыңдап топ ішіндегі ұйымшылдыққа, оқушылар диалогтік оқу арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға , тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлай отырып орындауға, өзін-өзі және сыныптастарын бағалауға, көшбасшылық таныту сияқты нәтижелерге жеттім.
Диалогтік оқытуда іс-тәжірибемде кездескен кедергілер: оқушылардың ағылшын тілінде сөздік қорының аздығы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ауыстыруы, сұрау есімдіктерін дұрыс қолдана алмаулары, төменгі, жоғары деңгейдегі сұрақтардың құрылымын шатастырулары және жауап беруде өздеріне деген сенімсіздігі, интернет желісінің жетіспеушілігі, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының жетіспеушілігі орын алып жатты.
Болашақта іс-тәжірибемде диалог арқылы оқытуды жетілдіруде оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу әрекетін сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып жетілдіру және де әріптестеріммен ақылдаса отырып, сұрақ қою техникасын дамытамын. Сұрақтарға нақты жауап беруге жетелеймін; Оқушыларды нақты идеяларын айтуға мүмкіндік жасаймын. Сөз соңында Тони Дорсеттің «Табысқа жету үшін оған итермелейтін, шабыт беретін нәрсенің көзін табу керек» деген сөзімен аяқтағым келеді. Осы цитатаны өмірімнің ұстанымы етіп қолдана отырып оқушыларымды білім әлеміне енгізуге тырысамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық, (2012). «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ.
2. Дәріс материалдары: «Бетпе бет».
3. Оқулық: «Ағылшын тілі» Т.Аяпова, З.Әбілдаева «Атамұра» баспасы 2010ж
5-сынып


Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста