ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған "Менің елім!" атты шығармашылық концерті

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған "Менің елім!" атты шығармашылық концерті

Өскемен қаласы әкімдігі
«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ
«Балбұлақ» өнер мектебі ҚМКҚ
Қобыз бөлімінің жетекшісі
Сахариева Балшекер Тоқашқызы

1)Қазақстан Республикасы әнұраны
2)Әдеби монтаж
3)Концерттік бағдарламаның ашылуы

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Менің елім!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

ҚР әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,- дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Әкітбаев Есім Тұрысбекұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Көпбейінді №3мектеп-гимназиясының көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Әдеби монтаж

Ажар: №1 «Тәуелсіз Қазақстан – елім менің»
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде жырлайды өзіңді 3 -А
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ажар: №2 «Ерке қыз»
Тәуелсіз елдің ерке қыздары,
Жарып өткен қиындықты мұздықты.
1 «А» сынып еркелері ән салсын
«Ерке қыз» -деп баршаңызға жар салсын
Ажар: №3 «Қазақстан»-
Кең байтақ жері бар,
Ұйытқыған елі бар.
Шақырайық 5 «А»-ны
«Қазақстан»-деген әні бар

Ажар: №4 «Мен бақытты баламын»
Бейбітшілік қаладым,
Қолымда кітап –қаламын
2 «А» сынып ортамызда
«Мен бақытты баламын»

Ажар: №5 Би
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық ,
Нұрлы достық,
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
3 «Г» сыныбы биімен де үн қосты

Ажар: №6 «Мен қазақтың қызымын»
Елімнің төгілген жырымын
Әдемі өрген бұрымын
2 «В» сынып ортамызда
«Мен қазақтың қызымын»

Ажар: №7 «Ана тілім»
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Қасиет етіп, қастерлеген ақ гүлім.
Ортаға шақырайық 4 «А»-ны
Асқақтатар ана тілдің ақ туын.

Ажар: №8 «Елге тілек»
Еліне арналатын тілегі шын,
Ұстаздар–Отанымның тірегісің,
«Елге тілек» әніменен
Ұстаздар мектебіміздің жүрегісің.

 

1-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

2-жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Назарларыңызға рахмет!!!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста