Қазақ тілі сабағы: Табиғатты қорғау. Қос сөз

Қазақ тілі сабағы: Табиғатты қорғау. Қос сөз

Әлкеева Риза Сәйкенқызы
С.Торайғыров атындағы ПМУ, магистрант

Оқу орыс тілінде жүретін 10 сыныпта қазақ тілі сабағының күнделікті жоспары ұсынылады. Бұл сабақ «Әлеуметтік-мәдени аясының» ІІІ бөлімі – «Табиғат-жаратылыстану құбылыстарына қатысты адам есімдері» қарастырылатын тақырып. Сабақты жоспарлауда оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін дамыту – басты мақсат етіп алынды.

Мақсаты: ақпараттық құзіреттілікті дамыту мақсатында лексика-
грамматикалық тақырыптар туралы түсініктерін толықтыру;
коммуникативтік құзіреттілікті дамыту мақсатында тақырып
төңірегінде еркін ауызекі сөйлеу тілі мен сауатты жазба тілін дамыту;
өзіндік менеджментін дамыту мақсатында тапсырмаларды орындаудың
мақсаты мен орындау жолын таба білу машығын дамыту; мәдениет-
танымдылық құзіреттілікті дамыту мақсатында қоршаған ортаны
қорғап, қадір-қасиетін түсіне отырып аялауға шақыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру
Көрнекі құрал: аудиожазба , видеоүзінді, жаңа сөздер, таратпа карточкалар

Сабақтың барысы:
І. Ынталандыру-мақсаттылық кезең
1.1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
1.2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.
1.3.Сабақтың тақырыбын анықтау. Тыңдап түсіну.

Сөздік:
Қадірлеу - уважать,почитать
Тегін - незря
Ұқыпсыз - небрежно
Талап – требование
Аудиожазбаны оқушылар тыңдап, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Біз табиғатты қалай қорғаймыз? Жер туралы ой
«Жер - Ана» деп тегін айтпаған ғой ертеде. Адамды асырайтын да, өсіретін де жер. Жер де ана сияқты, күтпесе, қадірлемесе иілмейді. Егер жерді бүлдіріп, былапыт, салақ, ұқыпсыз пайдаланса, ұрпақ күнін немен көреді? Жері аз, жері кедей елдің – халқы да кедей. Бұл жердің қойнында ғасырдан-ғасырға жетерлік байлық, дәулет жатыр. Жерімізді қадірлей білейік! Ойланатын кез туды, ағайын: әр гектар жер – халық мәдениетінің, жігер-күшінің, талабының айнасы.Соны ұғатын уақыт жеткен жоқ па?
1.3. Ой қозғау. Пікір алмасу
- Мәтіннің соңғы сөйлемі кімнің есінде? Ол туралы не айта аласыңдар?
ІІ. Операциялық кезең
2.1. Сөздік жұмысы
Сөздік:
ортақ үйіміз – общий дом
асырап отыр – кормит
қауіптің бірі – один из опасностей
сынақ полигоны – испытательный полигон
жарылыс – взрыв
қоғамдық қозғалыс – общественное движение
тәуелсіз – суверенный
маңызды мәселе – главный вопрос

Жаңа сөздерді оқу, фонематикалық жаттығу, синоним, антоним, омоним сөздіктерінен баламасын табу, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.
2.2. Карточкамен жұмыс
- Балалар, тапсырмалар орындау барысында ғаламтор, сөздік, анықтамалық, дос, мұғалім көмегіне жүгінуге болады. Сабақтың соңында өз жұмыстарыңды өздерің тексеріп, өз еңбектеріңе баға қоясыңдар.

ІІІ. Рефлексия
3.1. Дұрыс жауаптары бар карточканы интербелсенді тақта арқылы көрсету, бағалау өлшеуіштерін ұсыну.
3.2. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап
- Сабаққа немен келдім /қандай біліммен/ келдім?
- Сабақта не білдім? Не түсінбедім? Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды? Тағы не білгім келеді? Келесі сабаққа не жоспарладым?
3.3. Видео көрсету. Семей полигонының зардаптарын, адамның жетістіктерінің арқасында өзіне тигізетін зияны туралы үзінді видеокеспелер ұсыну.
3.4. Үйге тапсырма беру: ізденіс шығармашылық жұмысы. Өз туған жерің - Павлодар қаласының өндіріс орындарының пайдасы мен зияны туралы эссе жазу, оны сыныптастарың алдында қорғау. Жұмыс формасы постер, кластер, слайд немесе видеожазба дайындау.
3.5. Бағалау

Пайдаланған әдебиет:

1. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. – Алматы: «Балауса», 1997.
2. Смағұлова Б.Т. Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 10 -сыныбына арналған оқу құралы-Павлодар, 2012

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста