Қалтай Мұхамеджановтың "Көктөбедегі кездесу" пьесасы.

Қалтай Мұхамеджановтың "Көктөбедегі кездесу" пьесасы.

Қ.Дамитов атындағы орта мектебінің мұғалімі:
Жарманаева Айгуль Сакенқызы

Сабақтың мақсаты:
Шығарма авторы жайында мәлімет бере отырып, шығарманың мазмұнын талдай, саралай білу, кейіпкерлер әрекетіне баға бере білуге жағдай жасау.;
Дос қадірін бағалай білуге баулу арқылы оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту, өзінің пікірін айтуға, ойын жеткізе білуге бағдар беру;
Шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: cлайд , стикерлер, плакаттар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, рөлдік ойындар, «ойлаудың алты қалпағы» ,кластерлер, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды Сәкен Майғазиевтің «Достарым» әні жолдары арқылы топқа бөліп отырғызу. Кеспе қағаздарды алып, өз топ мүшелерін жинайды. Топ басшысын анықтайды. Топ ережесін еске түсерді.
Қызығушылықты ояту
Әдісі: Сұрақ-жауап. Сұрақтар қою:
1. Балалар, біз сабақты неге достар жайлы әнмен бастадық?( Сабақтың тақырыбын ашуға жетелеу, мақсатын қою)
2. Сендер достықты қалай бейнелер едіңдер? Өз ойларын білдіреді.

Достық символын жасайды, кластерге көрсетіп, түйінді сөз жазады. Қорғайды.
Мағынаны тану.
Әдісі: диалогтік оқыту, рөлдік ойындар, зерттеу. 1. Автор өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақтар қою.
Қабілетті балалар алдын ала берілген тапсырма бойынша шығармадан көрініс көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді.

Басқа балалар кейіпкерлердің сөзін тыңдай отырып, өздерінің достық туралы ой түйіндерімен сәйкестігін анықтайды; Автор қандай ой тастайтынын пайымдайды.
Әдісі: «Ойлаудың алты қалпағы» 2. «ойлаудың алты қалпағы» әдісімен үш топқа шығарма мазмұны толық ашылтындай тапсырма беремін. 1. Қызыл қалпақ – эмоцияны білдіреді.
2.Сары қалпақ – өз артықшылығымен дара тұрған кейіпкерлер туралы айтады.
3. Қара қалпақ – заман ағымымен бе, әлде басқа себептермен өзгерген адамдар туралы. 4. Жасыл қалпақ – заманға лайық мамандыққа көзқарастары туралы .
5. Ақ қалпақ – ақындық туралы, Сабырдың өлеңдеріне байланысты.
6. Көк қалпақ – шығарманың маңызы. туралы

Әдісі: Оқулықпен жұмыс, талдау, зерттеу, топтық жұмыс. 3. Шығарма ерешеліктерін талдау:
І топ - шығармадағы тыныс белгілері ерекшеліктері.
ІІ топ – Шығармадағы тілдік ерекешеліктерін зерттеу.
ІІІ топ – драмалық шығармалардың ерекшеліктерін зерттеп, талдау.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, дәптерлеріне жазады. Әр топтан бір спикер шығып, түсіндіріп береді.
Ой толғаныс Бұл шығарманы басқаша қалай атар едіңдер?
Ой тізбегін жасау. «Қайткенде адам қалады адам болып...». Оқушлар өз нұсқаларын ұсынады. Өз ойларын бөліседі.
Сынай білуі 1. Маған пьесадағы мына кейіпкер ұнады...
2. Шығарманы оқи отырып, менің түйгенім... Өз ойларын, кейіпкерлерге бағасын береді. Әр оқушы тыңдалады.
Бағалау: Форматиті, жиынтық бағалау Топ басшыларын тыңдай отырып, оқушылардың жиынтық бағасын қояды. Топ басшылары формативті бағасын бағалау бетшесі криетийлері арқылы жариялайды.
Үйге тапсырма. «Адамға адамдық жарасады» ойтолғау жасау Күнделіктеріне жазу
Кері байланыс Оқушылар стикерлерге «екі жұлдыз, бір тілек» сабақ туралы өз ойларын жазып іледі.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста