Өзге ұлт балаларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру жолдары

Уақыт пен заман талабының дамуымен үндестікте болу мақсатында қазақ тілін оқыту сабақтарын жаңартылған мазмұнда,сонымен қатар инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізуге зор мән беріліп отыр. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі сабағын оқытудың өзіндік әдісі мен талабы бар. Бұл пәннің негізгі көздейтін мақсаты – оқушылардың қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін үнемі өзімнің кәсіптік шеберлігімді уақыт талабына сай жүйелеп жетілдіремін.

Білім жетілдіру курстарына қатысып 2-деңгей бағдарламасы бойынша білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді,қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайына сай даму мақсатында алған қосымша білім мен дағдыларды іске асыра отырып олардың қолданылу әдістерін үйрендім. Мектебіміздің оқу- тәрбие жұмысын жүргізу барысында қойылған өзекті мәселесіне байланысты жаңа технология әдістерінің өз іс- тәжірибеме тиімді деп тапқан әдістерін қолданып отырамын. Сабақтарымда бірнеше педагогикалық амал тәсілдерді пайдалана отырып шәкірттерімнің оқу- үйрену қызметін, ойлау жүйесін шығармашылықпен дамытуға әрекеттенемін. Сонымен бірге оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында проблемалық- ізденушілігін әдістерді қолданамын, қызықты тапсырмалар жүйесін, дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Сабақ барысында берілген тақырып бойынша негізгі ойды айыра білуге, өз ойымен тұжырымын дәлелдей білуге, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыландырамын.

Мәтінмен жұмысқа арналған ойындар

«Домино» ойыны.

Мәтінді бөлімге бөлу, ат қою. Мәтін Абай Құнанбаевтың балалық шағына байланысты іріктелінеді.

«Тұлғаны таны» ойыны.

Балалық шағы Көкшетауда өткен. Ол әжесінің тәрбиесінде өскен. Бала кезінде өте қабілетті, зерек болған. Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған.

«Ойжұмбақ» ойыны.

1. Ертеде саяхатшылар түнде жолға шыққанда оған қарап бағытын анықтаған. (Темірқазық)

2. Қазақтар түннің қай сағаты екенін оған қарап анықтаған. (Үркер)

Сөздік қорын дамытуға байланысты ойындар.

«Сөзден сөз шығару»

Сөздердің аудармасын жазып, сөйлем құрастыр.

Еңбексүйгіш

Ең – сүй, егіс, үй, үш, тік, тек, кіші, іші, бекі, екі есті т.б.

«Құпия хат»

Берілген сандарды әріптермен ауыстыру керек.

22.1.13.7.1. 20.13.16.1.17.1. 1.23.20.13.16.1.

Шығармашылықты дамытуға арналған тапсырмалар.

1. Мәтіндегі ойды жалғастыру.

2. Мәтін бойынша еркін пікірталас.

3. Шығарма жаздыру, тірек сөздерді пайдалану, сурет қолдану, өмірмен байланыстыру.

Кейіпкерді сипаттау

«Ақбөкен»

«Адасқан сөздер» ойыны

Қос сөз. Біріккен сөз. Қысқарған сөз. Тіркескен сөз

Берілген сөздің әр әріпінен жеке-жеке сөз құрап жаз.

Қ А Б І Л Е Т

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.

«Артық сөзді тап», «Кім шапшаң?», «Сөздің соңғы дыбысынан сөз құра» т.б.

дамытуға арналған жаттығулар үлгісін жасап сабақтарыма қолданамын.Сонымен қатар дидактикалық ойындар мен деңгейлік тапсырмалар жиынтығын сабақтарыма қолданамын .

Сабақтарда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың қазақ халқының тұрмысымен мәдениетіне қызығушылығы артып, қажеттіліктері туындады. Жоғарғы сынып оқушыларының осы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзімнің «Қазақы тәрбие тәрбие арқауы» атты авторлық бағдарламамды ұсындым.

Мемлекеттік тілді оқыту А. Затаевичтің сөзімен айтқанда «Азиядағы Ұлы көшпенді халықтың» тарихымен қайталанбас өзіндік мәдениетімен, әдебиетімен, жақсы қасиетімен, әдет-ғұрпымен таныстырумен ұштастырылса ұлты басқа балалардың қазақ тілі сабағына ынта ықыласын арттырады, қызықтырады. Осыған байланысты авторлық бағдарламаға қазақ халқының

салт- дәстүрлері, әдет-ғұрып, тұрмыс- қалпына байланысты тақырыптар енгіздім. Мақсатым осы тақырыптар төңірегінде кең мәліметтер бере отырып, қазақы тәрбие тиімділігін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қолдану, халықтық педагогиканың қадір- қасиетін түсіндіре отырып, халықтың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, өнерін рухани қазына деп тануға дағдыландыру.

Қолданбалы курс бағдарламарына қойылатын талаптарды ескере отырып авторлық бағдарламада берілген материалдарды оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша әдебиеттерден іріктедім. Бағдарлама бойынша жұмыс жоғарғы оқу орындарындағы зертеуге ұқсас, бірақ ол кішірек ауқымды қамтиды. Сабақтарды дәріс түрінде емес, әрбір оқушымен кеңесе отырып, тапсырма орындатып, пікір алысу түрінде өткіземін. Яғни бұл жерде, мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікірсайысқа, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, тапсырмаларды еркін орындауға арналады.

Бағдарлама сабақтары бойынша мына жұмыстарды жоспарладым:

* Реферат,

* жоба жасау,

* пікірталас ұйымдастыру,

* дөңгелек үстел өткізу,

* шағын конференция өткізу,

Бағдарламадағы мәтіндер бойынша, оқушылар

* сөзжұмбақ құруға ,

* лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығуларды орындауға,

* сұхбат құра алуға дағдылану керек.

Аталған тапсырмаларды орындауда мынандай жұмыс түрлерін қолданамын.

* топтық жұмыс

* жеке жұмыс

* жұптық жұмыс

* ұжымдық жұмыс

Оқу жоспарының вариативті компоненті ретіндегі қолданбалы курстарға жоғарғы сыныптағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуі тиіс деп айтылып жүргеніндей, оқыту тәжірибесінде олардың мектептің оқу жоспарымдағы орны, әдістемелік ерекшеліктері, оларды жүзеге асыру технологиялары да енді ғана қолға алынып жатқанына байланысты бағдарламаға арнап әдістемелік нұсқау хат және оқушының жұмыс дәптерін жазып дайындадым.

Бағдарламаның зертеушілік сипаты оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне игерген білімін жаңа жағдайда қолдана алуларына шығармашалақ іс әрекет тәжірибесімен мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзыреттіліктерімен қарулануына себептесін болуға бағытталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бектанова Айнагүл Муратовна,

Қордай ауданы №12 ОМ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста