Оқушылардың шығармашылығын дамытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың рөлі

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың рөлі


А.Н.Камзина
«Өрлеу» БАҰО АҚ-ы филиалы ШҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушы Қазақстан, Өскемен

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өзі бетімен ала алатын және оны түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған әдіс-тәсілдеріне көшу талабын қойып отыр.
Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.
Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда, яғни шығармашылық тапсырмаларды іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптар:
Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой – өрісін, қиялын, т.б. дамытатындай, соған байланысты іс – әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыру көзделуі қажет.
Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет.
Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының пәнінен алатын білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.
Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған үлкен міндет. Негізгі мақсат – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда инновациялық технологиялар стратегиясын шебер, жүйелі қолдануы қажет. Осы бағытта мұғалімдерге оқушылардың шығармашылығын, құзыреттілігін, белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдердің бірі интербелсенді оқыту.
Интербелсенді оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интербелсенді әдістің мақсаты – тек ақпартты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өздігінен табу дағдысын меңгертуімен байланысты.
Интербелсенді әдістің тиімділігі:
тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;
мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды;
оқушыларда алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу;
оқушылар ойын ашық айтуға, пікір алмасуға үйренеді;
мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
оқушылардың шығармашылық белсенділігі артады.
Бүгінгі күні жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруда мұғалімдерге интербелсенді әдісті тиімді пайдалану қажеттігі туындайды. Демек, мұғалімдер педагогикалық іс-әрекеттерін білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына сәйкес ұйымдастырулары қажет.
Осы орайда, мұғалімдерге педагогикалық үдерісте инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгерту, кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Педагогтердің өзін-өзі жетілдіруін, ізденісін дамытуға көмектесетін интерактивті әдіс-тәсілдерді көрсету, педагогтердің ішкі қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін белсенді іске қосу арқылы шығармашылықтарын дамытуға көмектесу – курс тақырыптарының өзектілігі болып табылады.
Курс бағдарламасы мұғалімдердің инновациялық технологиялар бойынша ғылыми-теориялық білімдерін тереңдетуге, тәжірибелік дағдыларын, ізденіс қабілеттерін, интерактивті әрекеттерін дамытуға бағытталады.
Біліктілікті арттыру курсы барысында мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерін дамыту төмендегі көрсетілген модульдер арқылы іске асырылады:
Нормативті-құқықтық модулінде ҚР 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын, білім берудің жаңа парадигмасы мен философиясын таныстыру қарастырылады. ҚР білім беруді дамыту стратегиясы және әлемдік білім кеңістігіне кірігуін көрсетуге негізделеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауына шолу жасалынды. ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, тәрбиеге жаңа көзқараспен таныстырылады. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (12 жылдық білім беру) жобасының мазмұнына талдау жасалынады.
Басқарушылық модульде қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы және ондағы мұғалімнің рөлін көрсетуге негізделеді. Мұғалімдердің педагогикалық басқарушылық даярлығын арттыру мақсатында қарым-қатынас функциялары, қарым-қатынас анықтамасы, педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы мен ерекшелігі қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық модульде мұғалімдердің оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін білуі, оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамытудың психологиялық заңдылықтары туралы білімі, оқушылардың оқу пәні бойынша білім мазмұнына сәйкес білімі, оқытудың әдіс-тәсілдері туралы білімі кеңейтіледі.
Мазмұндық модульде мұғалімдерге бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер бойынша теориялық білімдерін жетілдіру, пәндер бойынша ғылыми әдістерді меңгеруі, педагогика, дидактика, педагогикалық инноватика туралы жаңа білімдер беріледі.
Технологиялық модульде мұғалімдерге педагогикалық технологияларды, интербелсенді оқыту әдістерін, тәрбие беру технологияларын меңгерту тәсілдері беріледі. Оқу-тәрбие үдерісінде интербелсенді оқыту әдістерін қолдану тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетіледі.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушының таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу туралы мұғалімдердің түсініктерін қалыптастыру, шеберлігін арттыру мақсатында шеберлік сыныбы өткізіледі.
Шеберлік сынып
Тақырыбы: Құзырлы мұғалім- құзырлы оқушы
Сәлемдесу. Тыңдаушылар аудиторияны аралап жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдеседі.(Сәлем! Ассалаумағалейкум!) Сәлемдесуде бір-бірін мақтау сөздерін айтады. (Бүгін өте әдемісің! Құлпырып тұрсың!)
Топқа бөлу: Әртүрлі сөздер (мейірім, ақылдылық, ізгілік, білімділік, қайрат ) жазылған парақты әр тыңдаушы таңдауы бойынша алады. Тыңдаушылар берілген сөз бойынша мақал-мәтел, нақыл сөздер айтып , сол құрамда 5 топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс. «Миға шабуыл» әдісі
Құзырлы мұғалім кім? Құзырлы мұғалім қандай қасиеттерге ие болуы қажет? дегенді
Құзырлы оқытуды қалай түсінесіз? Тиімділігі туралы не айтасыз?
Интербелсенді әдістерді сыныпта қандай дәрежеде қолданасыз?
“Жигсо” стратегиясы
ЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі бойынша топтар «Педагогтің кәсіби құзырлылығы» тақырыбын өздігімен меңгеруге жұмыс істейді.
Мақсаты: Топ мүшелері тақырыпты алдымен жеке, сосын топта талқылай отырып, бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйретеді. ЖИГСО әдісінің алгоритмі бойынша мынандай жұмыс жүргізіледі:
Тақырып бес бөлікке бөлінеді. Мұғалімдер 1–ден 5 –ке дейін нөмірленеді.
Топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар, яғни “сарапшылар тобын” құру.
Оқығандарын жан-жақты талқылау. “Не үйрендік?”
“Қалай үйретеміз?” деген сұрақ бойынша талқылау.
Сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып, білгендерін
ортаға салу.
Түсіндіру жұмысын кластер, постер, тірек сызбалар арқылы жүргізеді.
Үш қадамды сұхбат.
«Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім» мәтіні таратылады. Топтар мәтін бойынша сұхбат алуды жүргізеді.
1-мұғалім 2- мұғалімнен сұхбат алады. 2- мұғалім 1- мұғалімнен сұхбат алады.
3- мұғалім 4- мұғалімнен сұхбат алады. 4-оқушы 3- мұғалімнен сұхбат алады.
5- мұғалім сұрақ-жауапты жазып отырады.
Венн диаграммасы.
Мақсаты: Топтар құзырлы мұғалім мен құзырлы оқушыны салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді.
Пирамида құру.
Мақсаты: Құзырлы мұғалімнің педагогикалық ұстанымы, құзырлы мұғалімнің құндылықтары, құзырлы мұғалімнің стратегиялық іс-әрекеті қандай болуы керек? деген сауалдар бойынша топтар талқылай отырып, өз шешімдерін пирамидаға салады.
Кері байланыс: Сэндвич әдісі
Әдебиеттер тізімі
1. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы. Астана 2010.
2. Әлімов А. Оқу құралы. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да колдану
мәселелері. Алматы, 2013.
3. Б. Әбдірешұлы. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. Ізденіс-
Поиск. 2003
4. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық
ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа
орталығы 2003 ж.
5. Жайтапова А.Ә., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. 21-ші
ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында. - Алматы: ББЖКБАРИ, 2009
6. Құдайбергенова К.С. Құзырлық білім сапасының критерийі: әдіснамасы
және ғылыми-теориялық негізі. Алматы, 2008ж

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста