Мерекелі, берекелі- Алтын күз!

Мерекелі, берекелі- Алтын күз!

Наурызбаева Асем Бекмуханбетқызы
«Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:
1.Күз мезгілінің ерекшелектері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2.Өлең айту, тақпақ айту, би билеу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

3.Мерекелік көңіл- күй сыйлау

Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді!
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола,
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс?
Болмасын жан қалыс
Тойлайық күлейік
Қуанып билейік!

(Балалар әдемі әнмен залға билеп кіріп, жарты ай боп тұрады)

Жүгізуші:
Балалар күн нұрын сыйлап отырған Күн анамызбен, алтын астық дәнін беріп отырған Жер анамызбен, тату-тәтті болып жүрген достарымызбен, келіп отырған қонақтарымызбен амандасып алайық.
Армысың, қайырымды Аспан ата,
Армысың мейрімді Жер ана,
Армысың алтын күн!
Қайырлы таң, қайрылы күн
Армысың достарым
Армысың қонақтар.
Жүгізуші:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде болады
(Жақсы әнмен залға күз кіреді.)

Күз:
Сәлем өрең достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қоныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік ойнайық!

Күз: Балалар неше жыл мезгілі бар?
Балалар: төрт

Күз: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз

Күз:Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі, кәне атап беріңдерші?
Балалар: күн суытады, жиі жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, жеміс-жидектер, көкеністер піседі т.б.

Күз:Жарайысыңдар балалар, күз мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер, ал енді күз туралы тақпақ білесіңдерме?

Еркеназ:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсің халқымыз.

Мөлдір:
Күз айы басталды
Құстар қайта бастады
Жапырақ сарғайып
Жерге түсе бастады

Ө.Алинұр:
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштықта
Қап-қап қауын алдық біз

Жүргізуші: Ал енді балалар, «Апорт алма» өленің айтып алайық
Күз: Жарайсыңдар балалар, сендер күз мезгілі жайында көп біледі екенсіңдер, сендерге көп рахмет.

(Алыстан бір дыбыс естіледі (көңілді гном келеді))

Күз:Балалар бір дыбыс естіледі, бұл не болды екен?
Балалар алдарында жатқан жапырақтарымен беттерін жауып отыра қалады

Көңілді гном:

Күз де келді
Салқындады ептеп күн
Жел ысқырды
Дүлей дауыл жетпек шын
Толып қалды жапыраққа
Мына нулы орманым.
Орманымның іші жапырақтарға толып қалыптығой, біраз орманымды жапырақтардан жинап қояйын.


Ойын: «жапырақ жинау»

(Үн таспадан желдің дыбысы естіліп, жапырақтар ұшады.)

Күз:
Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жиналып қалайық
Кәне-кәне кім жылдам?

(Ойын 2-3 рет қайталанады.)

Көңілді гном:Бұл жапырақтар қайта-қайта шашылып болмады ғой, енді жапырақты бір-бірлеп жинайын.
(балалар жапырақтармен беттерін жауып орындарына отыра қалады)
Көңілді гном:
Бұл жапырақтар емес екенғой, бұл балаларғой, менің орманыма не үшін келдіңдер?

Жүргізуші:
Біз сіздің орманыңызға жеміс-жидектер және де күзгі табиғатты тамашалауға келдік. Бірақ біз орманыңызға құр қол келмедік, өнерімізбен келдік.

Көңілді гном:Онда менің орманыма қош келдіңдер! Ал енді өздерінің өнерлеріңді көрсете қойыңдар.

Әбілмансұр:
Тапталды табанға
Сылдыр-сылдыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Боянғандай атырап.

Амина:
Таңмен көзімді ашамын
Әлемге нұрын шашамын

Күз:
Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі.
Сан алуан жапырақпен
Біз бір билеп алайық

Би: «Жапырақ»

(Күннің күркреген дауысы естіліп, бұлт келеді.)

Бұлт:
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Қаласаң қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын
Сендер неге сондай көңілдісіңдер

Балалар: Біз Алтын күз мерекесін тойлатып жатырмыз.
Бұлт: Жоқ сендерге бұл мерекені тойлатуға жол бермеймін, Алтын күзді алып кетемін де, ал сендерге нөсерлі суық жаңбырымды жаудырып кетемін.
Жүргізуші: Ал енді балалар бізді жаңбырдан не қорғайды?
Балалар: Қолшатыр.
Жүргізуші: Олай болса біз сендермен «Қолшатыр» ойының ойнап алайық.
(балалар жарты ай болып тұрады, көңілді ән ырғағымен бір-біріне қолшатырды береді, кімде қолшатыр қалып қояды сол бала тақпақ айтады)

Жанерке:
Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін

Бейбарыс:
Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды

Ержан:
Мен алмұртпын алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың

Жарқын:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.

Ботагөз:
Таңдандырар бәрін
Асөабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі

Айару:
Менің атым қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жауыңыз

М.Алинұр:
Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін

Адинай:
Мен жүзіммін, жұзіммін
Моншақ болып тізілдім

Сұлтан:
Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұлар бал дәмім

Жұлдыз:
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Аружан:
Қиярлар мен қызанақ
Бар және сәбіз бен салат
Тәтті бұрыш пиязда
Қырыққабатта қатарда

 

Бұлт: Балалар, бүгінгі сендердің тақпақтарың да , киген киімдерің де өте әдемі екен. Енді біз сендермен тамаша ән айтайық
Ән «Жемістер»
Күз: Балалар, бүгінгі көрсеткен өнерлеріне көп-көп рахмет. Сендерге бүгін арналған сыйлықтарымды таратып берейін
Жемістердің бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқан біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты,-
демекші, міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Мерекелі, берекелі – Алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста