Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері

Құмарбекова Рысалды Қызырхановна
№100 балабақша-бөбекжайы
Өскемен

Аңдатпа: Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері айтылады. «Таным», «құзыреттілік» және т.б. ұғымдарға түсінік беріледі, көптеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалады.

Түйін сөз: [таным], [құзыр], [құзыреттілік], [танымдық құзыреттілік]

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды [1].
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.
Құзыреттілік мәселесі бойынша А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко, Л.А.Петровская, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің, А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың, В.Е.Гаибова мен А.П.Чернявская, А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау құзыреттілік ұғымының мәнін нақтылауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар құзыреттілік ұғымына, П.Симонов, М.Чошановтар өз ойларын білдіріп, талқылаған. Дегенмен, П.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе құзыреттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік) ретінде қарайтын көзқарастарға тоқталады. Ал В.Ландшеер құзыреттілікті терендетілген білім деп түсінеді [2].
«Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі», - делінген.
Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзыреттілікті адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы әдістердің оралымдылығы ойлаудың сынаулығы.
Құзыреттілік деп белгілі бір сала бойынша оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзырлылық деп олардың калыптасқан тұлғалық сапасы мен сол іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін түсінген жөн.
Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себебі бірдей, ол - адамның жеке тұлға ретіндегі ахуалы, эмоциясының тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулығының жақсы-жамандығы тағы да басқалары. Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр» (компетенция) - біріншіден қайсібір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау; екіншіден тіл мен психолингвистикада - тілдің базалық, абстактілі ережелерін меңгеру деп көрсетілген. Ал түсіндірме сөздіктерде «құзыреттілік» ұғымы құзырлықты меңгеруші ретінде қарастырылады. Құзыреттілік жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. «Competent» сөзі французша «компетентті», «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Құзыреттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды [3].
Сонда, құзыреттілік (компетентность) ұғымы қазақ тілінде белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады.
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы балалардың психологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндігінен анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д.Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
– «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
– құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
– құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;
– құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады [4].
Бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік тұғырының маңызы зор. «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері де зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Бұдан мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәдени жиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады [5].
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарты бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.
Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.
Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген [6].
Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Г.Нұрышева танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі үдерісі деп анықтама берген. Ғалымның таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады, сондықтан танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген құнды пікірімен де келісуге болады. Бейнелеудің философиялық теориясы тұрғысынан алғанда танымның үш түрі: сезімдік, логикалық және прагматикалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен, ересек топтағы балалардың танымын дамытуда сезімдік, логикалық және практикалық түрі ұйымдастырылуы шарт деп санаймыз. Таным теориясында танымның маңызды жақтары ретінде бейнелену көрінеді. Мұнда бейнеленудің бірнеше деңгейлері ерекшеленген:
- өлі табиғатта бейнеленуі;
- тірі табиғатта бейнеленуі;
- әлеуметтік деңгейдегі бейнеленуі;
- жеке санамен сезінуі;
- қоғамдық санамен сезінуі. Біздің мәселемізді талдау үшін жеке деңгейдегі бейнеленуі маңызды болып табылады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындардан мысал келтірсек [7]:
Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.
«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек.
Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).
Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).
«Көгалда» ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөз белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын қалыптастыру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға қимыл-қозғалысты айтылатын сөздермен үйлестіре отырып, гүлдермен жаттығулар орындауды ұсынады. Жаттығуды әнмен орындауға болады.
Бірінің соңынан бірі, жұптасып, үштікпен жүреді. Балалар алаңды (зал) айнала жүгіреді – көгалда жүгіріп, гүл тереді.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс. «бір-екі» деп санағанда, қолдарын екі жағынан жоғары көтереді; бастарын көтеріп, гүлдерге қарайды. «Үш-төрт» деп санағанда – қолдарын екі жақтан төмен түсіреді.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, қолдарына гүл ұстап, арт жаққа жасырады. Денені алдыға еңкейтеді, аяқтары түзу, гүлдерді алдыға сермейді.
Бастапқы қалып – отыру, аяқтары екі жақта, түзу, гүл ұстаған қолдары артта, басты тік ұстайды. «Бір» деп санағанда «гүлдерді қою» алдыға еңкейеді. Гүлдерді аяқ арасына неғұрлым алыс қояды. «Екі» деп санағанда – тік тұрады, «үш» дегенде «гүлдерді алу» – алдыға еңкейіп, гүлдерді алады.
Бастапқы қалып – негізгі тұрыс, гүлдер қолдарында. «Бір-екі» деп санағанда – отырады, қолдарымен тізені құшақтайды, бастарын алдыға еңкейтеді. «Үш-төрт» деп санағанда – тік тұрады, қолдары екі жақта.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзерттілігі – қоршаған орта туралы білімі, сенсорлық мәдениеті, оларды қолдану біліктілігі, дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.

 

 

Библиографиялық сілтемелер
1. Білім туралы. Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. -Алматы: Литера, 2007. - 96 б.
2. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. Перевод с англ., - М., - 2002.
3. Тубельский А.Н. Детско-взрослые сообщества как субъект компетентностного содержания обрования. //Материалы конференции. www/conf/ krasu.
4. Муравьев Е.М. Компетентностный подход как одно из оснований обновление образования. //Народное образование. - №5. – 2003. - 55-64 б.
5. Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста. //Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – 35–37 с.
6. Нысанбаев Ә., Есім Ғ., Изотов М., Жүкешев К. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
7. Ембергенова Ә.С. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста