Иммунитет, иммунитеттің түрлері

Иммунитет, иммунитеттің түрлері

Биология сабағынан 8 сыныпта өткізілген ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың иммунитет туралы білімдерін тереңдете отырып, оның түрлеріне тоқталу.
І. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу, бағалау парағын тарату.
Рефлексия. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін мен сендерге өте жақсы көңіл күймен келдім. Ал сендердің көңіл күйлерің қандай? Білемін қобалжулысыңдар, қазір алдарыңдағы қағазға алақандарыңның суретін салып, саусақтарыңа көңіл-күйлеріңді жазып қойыңдар. Сабақ соңында осы жаттығуды аяқтаймыз.
ІІ. Миға шабуыл. «Кім көп біледі?» слайд арқылы сұрақтарды ұяшықтардан көрсетіп тұру
1. Қан қандай ұлпаға жатады?
2. Қанның жасушаларын ата?
3. Қанның қызыл түсті жасушасы?
4. Қанды ұйытушы жасушалар?
5. Ақшыл-сарғыш түсті ағзаның ішкі ортасы?
6. Эритроциттердің бірігіп қалуы?
7. Микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорыту?
8. Қанда болатын ерігіш нәруыз?
9. Қан алатын адам?
10. Қаназдық ауруы?
ІІІ. «Қайталау-оқу анасы»
«Ғажайып жетілік» 7 сұрақ
1. Жасуша
2. Ұлпа
3. Жүйке жүйесі
4. Анализаторлар
5. Тірек-қимыл
6. Организмнің ішкі ортасы
7. Обыр жасушалар
ІV. «Сандар сөйлейді!» ағзаның ішкі ортасы тарауы бойынша әр топқа сандар таратылып беріліп, жауап алынады
V. «Гематология әлеміне саяхат» ( «+» және «-» стратегиясы бойынша)
1. Қан ағзаның ішкі ортасы.
2. Ағзада қалыпты жағдайда 5л қан болады.
3. Қан эпителий ұлпасына жатады.
4. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекті және көмірқышқыл газын тасымалдау.
5. Эритроциттер қанның түссіз жасушасы.
6. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 120 күн.
7. Лейкоциттер ядросы бар жасуша.
8. Гемофилия тұқым қуалайтын ауру.
9. Эритроциттер қанды ұйытатын жасуша.
VІ. «Сен білесің бе?» танымдық тапсырма.
Қан туралы қызықты деректер. (Жақсы оқитын оқушылармен жұмыс)
VІІ. «Білім-өмір азығы»
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде «Ой қозғау» Біздің ата-бабаларымыздың денсаулықтарының мықты болу себебі неліктен?
Түйін «Құнарлы тағам иммунитетті жақсартады»
VІІІ. Иммунитет және оның түрлері. Кітаппен жұмыс жасау. Жұппен жұмыс. Топпен кластер құру.
Иммунитет – жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті.

ІХ «Атаулар сыры» сөздікпен жұмыс жасау.
Х. «Қызықты математика» Қан топтарына байланысты.
Сергіту сәтіне жұмбақ жасыру.
Жанды мотор сынбайды,
Күні түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды (.........)

 

 

Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам (..........)
ХІ.«Торға түскен адамды құтқару» Сабақта қатыспаған, енжар жұмыс жасаған оқушылармен жұмыс.
1. Қан өмір сыйлаушы дегенді қалай түсінесің?
2. Қан арқылы берілетін тұқым қуалайтын ауруларды білесің бе?
3. Адам жүрексіз өмір сүре ала ма?
4. Қазақ халқы “ Жеті атадан ” бері қыз алыспаған, оның сыры неде?
5. Қанның түсі неге қызыл?
6. Ауруға қарсы тұру қабілеті?
7. Иммунитет нешеге бөлінеді, ата?
8. Табиғи иммунитет пен жасанды иммунитеттің айырмашылығы қандай?
ХІІ. Сабақты қорытындылау мақсатында «Мағынаны айыру»
Семантикалық картамен жұмыс

ХІІІ. Топ басшыларының бағалауы.
Сабақ соңында «Алақан» ойынын аяқтау, сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін қағазға түсіру. (оқушылардың көбі сабақтың басындағы абыржуларын білдіріп, сабақ соңында өздерінің ішкі толқуларын жеңе білгендіктерін жазған)
Жалпы сабақты бағалау. Үш ыдысқа жемістерді салу арқылы өздерінің сабақтағы иммунитеттерін көтергендіктеріне баға берді . (Лимон- онша ұнамады, алмұрт-жақсы, апельсин-өте жақсы)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста