физика және музыка

Толеубекова Асем Амандыковна
физика пәнінің мұғалімі
Астана қаласы
№69 мектеп-гимназия

 

Сабақтың тақырыбы: Физика және музыка.
Мақсаты:

Білімділік :

а) толқындар туралы түсінік беру.
б) тербелістер мен толқындар туралы алған теориялық білімін пайдалана отырып музыканы сипаттап, өз бетінше қорытындыға келуін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын көтеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа, ұлттық музыкаға деген құрметке, адамгершілік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, домбыра, камертон.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру .
1.1. Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу
1.2. Көңілдерін сабаққа аудару
1.3. Оқушыларды психологиялық дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
ІV. Жаңа сабақты меңгеру.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау.
І. Үй тапсырмасын тексеру


ІІ. Өткенді еске түсіру. (физикалық диктант) Физикалық диктант ( 5 минут.)

1. Бірдей уақыт аралығы өткен сайын дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыстар механикалық тербелістер деп аталады.
2. Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды математикалық маятник деп атайды.
3. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын тербеліс периоды деп атайды.
4. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.
5. Тербеліс амплитудасы- деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
6. Электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек тербелмелі контур деп аталады.
ІІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындық.
Ертегі –аңыз.
Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласын атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып, күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
ІV. Домбыра, қобыз, баянның құрылысы.
Презентация қорғау
Статистикалық тепе-теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды.

1. Ұлы суретшілердің туындыларын, сұлу табиғатты көзбен әсерлеу немесе мәселені баяндау –есту мүшелеріне байланысты болады. Барлық өнер ақыл –ойға жүгінеді. Архитекторлар болашақта салатын үйлерінің проектісін жасағанда ғылыми теорияларға, ал музыка толқындар тербелісінің заңдарына бағынады. Қоғам мен адамзат мәдениетінің дамуында ғылымның ролі өте күшті. Көптеген ұлы адамдар әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнаған немесе өлең жазған.
2. Адамға рухани күш беріп, жанын жайландырып, тамаша әсерге бөлейтін музыкалық дыбыс адамды қашаннан қызықтырған. Неге олай? Олар бірінен-бірі қалай ерекшеленеді? Физика мен музыканың байланысы қандай? Міне бүгін біз осындай сұрақтарға жауап береміз.
3. Біз дыбыстар әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстар 3 топқа бөлінеді:
Дыбыстық соққы, шу, музыкалық дыбыс немесе тон. Енді, осы терминдерге тоқталып өтейік.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне
таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп айтамыз.
Ауырлық және беттік керілу күштердің әрекетінен туындайтын толқындарды гравитациялық толқын деп айтамыз.
Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығынды толқын таралатын арақашықтық. Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.

 Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары толқындар-ультрадыбыстар, ал 16 Гц-тен төмені-инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы естімейді.
Камертондардың немесе басқа да гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Тембр-адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу- әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар

Бір дыбыс біреуге музыка болып естілгенмен, екінші біреуге ол шу болуы мүмкін. Құстардың сайрағаны, аттың кісінегені, шөптің сыбдыры орманшыға әуен болып естілсе, біздерге ол шу болуы мүмкін. Сол сияқты симфониялық оркестрдің орындауындағы музыка немесе опералық ариялар көптеген адамдарға тартымды ештеңесі жоқ болып көрінеді . Ал, кейбіреулер музыканың құдіреті міне осында деп таңдай қағып жатады.
Сонда физикалық тұрғыдан музыкалық дыбыс пен шудың айырмашылығы неде?. Музыкалық дыбыстар неге ұқсас емес? Өйткені жиілік дыбыстың басты сипатының бірі. Ол секунд ішіндегі тербеліс санын білдіреді.
Сонымен физикада дыбыстың жоғарлығы тербеліс жиілігімен анықталады. Ішек тербелген кезде де дәл осы байқалады. Ішекті күштірек керсек тербелістер жиілігі артады. Адамның құлағы қабылдамайтын 16000-20000 Гц тік тербелістер тасты жарады, татты кетіреді, материалдарды ұсақтайды.
Ең төменгі музыкалық дыбыстардың адамға естілу жиілігі секундына 16 тербеліс. Ал секундына 27 тербеліс тоны құлаққа анық естіледі.
V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
Тест жұмысы. 5 минут.



Есептер шығару, 8 минут
1. Толқын ұзындығы 2м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
2.Бөлшектердің толқындағы тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12м/с. Толқын ұзындығын табыңдар.
26 – жаттығу №2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.
№3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста