ЭССЕ ЖАЗУ ТҰЛҒА БОЙЫНДАҒЫ РЕФЛЕКСИВТІЛК ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

ЭССЕ ЖАЗУ ТҰЛҒА БОЙЫНДАҒЫ РЕФЛЕКСИВТІЛК ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

С. Симбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан

Түйін
Мақалада педагогикалық үдерістегі рефлексия маңызы көрсетіледі. Рефлексия жасаудың бір түрі ретінде эссе алынып, оны жазудың ерекшелігі көрсетіледі. Соңғы жылдарда эссе жазуға кеңінен көңіл бөлініп отырғаны және оның тіліне, көлеміне қойылатын талаптар көрсетіледі.

Аннотация
The article describes the importance of reflection in the pedagogical process. The essay is given as one of the form of reflection. And in this article I reveal its feature es.
Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс, яғни маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін немесе мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап, оны бекітіп отырады. Жалпы, әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет болмайды Адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол жеткізген білімі мен қылықтарына назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп қарастырылады. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз, қиял сияқты саналы қызметтің барлығы да рефлективті ойлау бола алады. Бірақ оның барлығына сыни тұрғыдан қарап, «мен неге бұлай ойлаймын?», «мен неге бұлай қиялдаймын?» деген сияқты сұрақ қойып отыратын болса ғана.
Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға таладу жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты
Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады.
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр.
" Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген.
Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі [1,41].
Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.
Эссенің кейбір белгілері:
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы;
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін білдіреді;
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды;
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі, атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссе құрылымы мен жоспары:
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады:
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т);
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі.
Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал [2,16].
Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
Дәстүрлі қалыптасқан ережелерден эссе жазу кезінде оның тақырыбын таңдап алып жазуды ғана атауға болады.
Эссенің ішкі құрылымы ерікті түрде жазылады. Бұл жазба жұмысының шағын үлгісі болғандықтан, қорытындыны оның соңында қайталаудың қажеті жоқ, ол негізгі мәтінде немесе тақырыпта айтылып кетуі ықтимал.
Дәлелдемелер мәселенің тұжырымдамаларын негізге алуы мүмкін. Мәселенің тұжырымдалуы соңғы қорытындымен сәйкес келуі ықтимал.
Кез келген оқырманға бағытталған рефераттан эссенің айырмашылығы – ол белгілі бір адамның оқуына арналады. Сондықтан, «Мен ... туралы айтқым келеді» деп басталып, «Мен ... қорытындыға келдім» деп аяқталады. арналған реплика. Сондықтан, авторға қызметтік жағдайларды егжей-тегжейлі баяндамай, жаңа ой жазуға, оны ашуға мүмкіндік береді. Эссе жазудағы мақсат өзіндік шығармашылық ойлауды дамыту мен өз ойын жазбаша түрде бере білуге үйрету.
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды:
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады.
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн.
Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы.Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы.
Ерк ін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.
Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.
Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.
Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:
- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;
- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу ;
- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.
- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. Детальдардың жетіспей тұруы. Мысалы, негізсіз деректерді келтіре беру;
- көпсөзділік.
Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойыңды сол көлемге сыйдыра білу керек. Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе, оны әрі қарай айта берудің қажеті шамалы.

Ұзақ фразалардан гөрі қысқа сөйлемдер көп болғаны жөн. Кейде ұзақ фразалар мен қысқа сөйлемдердің ауысып келіп отырғаны да ұтымды шығуы мүмкін. Эссені қайта-қайта оқыңыз. Сосын оқуға ыңғайлы абзацтарға бөліңіз.
Энциклопедия, кітаптардан алынған дұрыс қолданылып тұрмаған фразалар, мәліметтермен сықитып қойсаңыз эссенің көркемдігі, нанымдылығы азаяды.
Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады.

Пайдаланылған әдебиет
1 Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий.-Санкт-Петербург: «КАРО», 2002.-368С
2 Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы, 2003.-136 б.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста