Достығымыз жарасқан
Астана қаласы
№63 «Әсем-Ай» балабақшасы
Музыка жетекшісі: Р.М. Нұрымбетова
Тәрбиеші: А.Р.Сарсенбекова
(Музыка естіледі. Балалар залға кіріп, жартылай шеңберге тұрады)
Шерзод: Қуанышты күн де күліп қарайды,
Мейірленіп шашымыздан тарайды.
Шармен бірге шарықтатып көңілді,
Мамыр шеруі ән шырқатып барады.
Елнара: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар. Тағы да мереке басымызды балабақшада қостырып отыр. Бұл 1 Мамыр – бейбітшілік, ынтымақ, достық мерекесі.
Жүргізуші: Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт тілейміз!
Алан: Мамыр айы мереке,
Келді жерге береке.
Бақтар жайып желегін,
Құлпырады кең өлке.
Алихан: Бірінші мамыр бүгін,
Мереке келді деп.
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп.
Жайна: Көгілдір аспанда,
Көк сенгір жастар да.
Құлпырып жайнайды,
Мамыр гүлін ашқанда.
Адиль: Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Аделя: Мамыр келді сән құрып,
Жарасып, жаңғырып.
Гүлденіп, жайнатып,
Мамыр келді ән болып.
Ән: «Мамыр май - мереке»
Балалар отырады. Залға билеп көктем кіреді.
Көктем: - Көктем келді, тіршілікке жан кірді,
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Айнала құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де келдім сіздерге.
Мерекелеріңіз құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз аман болсын,
Үйлеріңізде той көп болсын!
Ән: «Ай – хой, тамаша!»
Жүргізуші: Рақмет, аяулы көктем! Балалар сенің құрметіңе өлең-жырларын, әндерін айтып береді.
Джамиль: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Джангир: Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Кел, балалар, әнімізбен
Қарсы алайық көктемді.
Ән: «Көктем келді»
Жүргізуші:Аяулы көктем, сенің келуіңмен табиғат ояна бастайды, айналаның бәрі құлпырып, гүлденеді. Міне, бізде де гүлдер шыға бастады.
Би: «Көктемгі әуендер»
Жүргізуші:Көктемнің келгеніне балалар өте қуанышты. Күн жылынғаннан бері балалар далада асыр салып ойнауда. Ендеше балалар,көктемге, келген қонақтарға ойынды қалай ойнайтынымызды көрсетейік.
Ойын: «Гүл құрастыру»
Көктем: Мамыр айында мерекелер көп,сендер сол мерекелерге дайындалған шығарсыңдар?
Жүргізуші: Дайындалғанда қалай! Балалар өзінің жерін, елін, Отанын қалай сүйетінін, достық туралы айтып бермекші.
Санжар: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос – бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Таир: Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ!
Диляра: Біз тілейміз бар бөбек,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Айсұлу: Сусынымыз қанады,
Өнер, білім нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Вокалдық топ: «Спрашивает солнышко»
Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Ал, мен де құр алақан келген жоқпын. Көгалда өскен гүлдерді алып келдім. Осы гүлдердей сендерде еліміздің ардақты балалары болып ,жайнап өсе беріңдер.
Жүргізуші: Балалар, Көктемге бізбен бірге билеп, ән салып,көңілімізді көтергені үшін,әкелген әсем гүлдері үшін рақметімізді айтайық.
Балалар: Рахмет! (Көктем қоштасып,шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар бізге басқа елдерден қонақтар келіпті қарсы алайық. Ортаға ұлт өкілдерін шақырайық.
Қазақтар:
Аян: - Ассаламалейкум, құрметті достар, тойларың құтты болсын!
Альнұр: Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Орыстар:
Джангир: Здравствуйте, дорогие друзья, той құтты болсын!
Дина: На просторах казахской земли
Много разных народов живет.
Все народы, как братья, дружный
Всем вам любовь и почет!
Өзбектер:
Аделья: Ассолом алейкум, азиз, мехмонляр! Тойыңляр мүбәрәк болсын!
Алтын: Қазақстанның қасиетті әр төбесі,
Қазақстанның шырайлы ғой әрбір жері.
Ғасырдан ғасырларға қанат жайып,
Асқақтап арта берсін мәртебесі.
Грузиндер:
Х.Жангир: Гамаржоба генацвале!
Тойларың құтты болсын!
Бейбарыс: Туған жер, Қазақстан, алтын өлке
Сен-ана, балаларың- халқың ерке
Ерсат: Көз тоймас келбетіңе көп қарадым,
Шалқалап шыққан күнмен шалқып ерте.
Украиндер:
Батырхан: Здоровеньки булы, ридни други! Праздником вас!
Елнара: Разгорелся утром рано
Светлый праздник в Казакстане.
Всюду праздник, всюду смех!
Этот праздник наш для всех.
Би сюитасы «Қазақстан – көп ұлттың мекені.»
Жангир: Арайлап атқан таңы бар,
Өріс толы малы бар.
Жұп-жұмсақ жұпар желі бар,
Мөп-мөлдір айдын көлі бар.
Еңбекті сүйген халқы бар,
Осындай менің жерім бар.
Дина: Ару қалам, Астана!
Бой көтерген жас қалам
Бәйтеректің биік шыңы,
Ерекше ғой басқадан.
Асанәлі: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қала, бас қала!
Ән: «Жасай бер, Астана!»
Жүргізуші: Балалар, таңертең пошташы апай мына хатты әкеп берді.Ішінде кассета жатыр және хат бар екен .Кімнен болды екен? Балалар Мәскеуден келіпті. Оқып көрейін.
«Балалар, 1 мамыр мерекесі құтты болсын! Тойларың көңілді өту үшін мына ән-биімізді ұсынамыз. «Шире круг» (кассетаны музыка жетекшісіне береді).
Ән-би «Шире круг»
Жүргізуші: Шат көңілді балалар
Шаршағанды білмейді.
Қонақтардың құрметіне
Жақсылап би билейді.
«Жігіттер биі»
Жүргізуші:Өзінің сәлемдесін Беларусьтың балалары да жіберіпті. Бұл Лавата деген ойын.
«Ойын Лавата»
Жүргізуші: Көп ұлтты еліміз көркейіп,даңқы арта берсін.халқыымыздың достығы нығая берсін.Осымен біздің мерекеміз аяқталды . Сендерге «Той құтты болсын!»- дегім келеді.
Бейбарыс: Достықты біз жырлаймыз,
Би билейміз, ойнаймыз.
Айтыңдаршы неліктен?
Балалар : Бұл Достық мерекесі !!!
Альнур: Аналар мен әкелер
Алаңға шықты қуана.
Айтыңдаршы неліктен?
Балалар : Бұл Достық мерекесі!!!
Батырхан : Құстар әнге салады,
Күн нұрына қанады.
Гүлге толды айнала,
Айтыңдаршы неліктен?
Балалар : Бұл Мамыр мерекесі !!!
Ән « Бау-бақша гүлдер»