Бунақденелілердің дамуы

Бунақденелілердің дамуы

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларың бунақденелілер туралы білімдерін пысықтай отырып, олардың дамуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Интерактивті әдістерді пайдаланып, салыстыру, талдау-жинақтау арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сабаққа оқушылардың белсенділігін арттыру.

Жұмыс түрлері:  әңгімелесу, слайдтармен жұмыс, фронтальдық, өздігінен жұмыс, кестемен жұмыс, рефлексия.

Оқыту әдістері: 

  • Перцентивті (білім беру) аспект:әңгімелесу, көрнекіліктер, проблемплық, іздену. 
  • Логикалық аспект:қорытындылау, жүйелеу, классификация
  • Басқару аспект: мұғалімнің бағытауы бойынша, өздік жұмыс
  • Мотивациялық аспект: зияткерлік тапсырмалар
  • Бақылау аспектісі: фронтальды, топтық, қорытындылау

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативті, тұлғалық жетілу.

Сабақ жоспары:
І кезең - Ұйымдастыру
ІІ кезең - Еске түсір!
ІІІ кезең - Жаңа сабаққа көпір
ІV кезең - Жаңа сабақ
V кезең - Пысықтау
VI кезең - Үйге тапсырма

І кезең - Ұйымдастыру
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, бүгінгі сабақты біз бір- бірімізге қарап жымиып, «Шаттық нұрын» сыйлаудан бастаймыз.Себебі, көтеріңкі көңіл - күй жұмысқа қабілеттеріңді арттырып, зейін мен байқағыштыққа жақсы әсер етті.
ІІ кезең - Еске түсір! (слайд№1)
Мақсаты: Бунақденелілер туралы білімдерін жинақтау.


Сұрақтарға жауап бер:
1. Бунақденелілердің дене бөліктері
2. Мекен ортасы
3. Қозғалуы
4. Тыныс алу мүшесі
5. Қанайналым мүшесі
6. Асқорыту мүшесі
7. Зәр шығару мүшесі
8. Жүйке жүйесі
9. Зерттейтін ғылым


ІІІ кезең - Жаңа сабаққа көпір
Мақсаты: Бунақденелілер туралы білімді тереңдету.
Көбею дегеніміз не?Биологиялық мәні неде?
Бунақденелілердің көбі дара жыныстылар. Дара жыныстылардың қос жыныстылардан айырмашылығы неде?
Ұрықтану дегеніміз не?Нәтижесінде не түзіледі?

Қорытынды: Ұрықтанғаннан кейін бөлшектену, ұрық түзілу, сонан кейін ол ересек ағзаға айналу процестері жүреді.
1. Ағзаның дамуы кезінде жұмыртқадан ересек дараққа айналу қалай жүреді?
2. Бунақденелілер әлемінде дамудың қандай түрлерін кездестіруге болады?
3. Қай типі прогессивті?
4. Ендеше, бүгін осы сұрақтардың бәріне жауап беретін боламыз.

ІV кезең - Жаңа сабақ (слайд№2)
Дәптерлеріне ай,күн,сабақтын тақырыбын жаздыру.

Ұрықтанғаннан кейін жәндіктер жұмыртқа салады.Кейбір бунақденелілер жұмыртқасын бір- бірлеп немесе үйіп салады. Пішіні мен орналасуына қарай жұмыртқа салған жәндіктің түрін ажыратуға болады.

Слайд№ 3


Бірнеше күннен кейін жұмыртқалардан дернәсілдер шыға бастайды.Кейбіреулері өзінің ересектеріне ұқсаса, кейбіреулері онша ұқсамайды екен.

Интерактивті тапсырма.
Мақсаты: оқушылардың байқағыштығын тексеру
Электронды қаламның көмегімен жұптарын табу:«Ересек жәндік–дернәсіл» Слайд№4


Ал, енді балалар қалай ойлайсыздар, мына дернәсілдердің қайсысы тез ересек күйге ауыса алады? ( ересек ағзаға көбірек ұқсайтын дернәсілдер)
Алған жауаптарды қорытындылай келе, барлық бунақденелілердің даму түріне қарай екіге бөлуге болады.

Слайд№5.


Сұрақтарға жауап бер:
1.Ересек жәндікті дернәсілімен салыстыр.
2.Ұқсастықтарын тап
3.Айырмашылықтарын тап.
4.Дене мөлшері не айтуға болады?
5.Дернәсілінің өсуі қалай жүреді?
6.Олар немен қоректенеді?
7.Даму сатысының сызбасын сыз.Қорытынды жаса.

Слайд№6. Интерактивті тапсырма. Электронды қаламмен тиісті жауаптарын кестеге жаз. Дернәсіл мен көбелекті салыстырып, кестені толтыр.

Кеміруші, жапырақ, екі жұп, түтік тәрізді, ұзынша, жұлдызқұрт, жоқ, шірнелік, бір жұп.

Тапсырма бойынша сұрақтар:

V кезең - Пысықтау
Мақсаты: сабақта алған білімдерін бекіту.
Слайд № 7. Интерактивті тапсырма.

Дәптерге толық және шала түрленіп даму сатыларының сызбасын жаз.

Тест жұмысы.
Дұрыс жауаптардың номерін дәптерге жаз.
1. Қоңыздың даму сатысының бірі – қуыршақ
2. Шегірткенің дернәсілі өзінің ересек түріне ұқсайды
3. Дернәсілдер түлемейді
4. Шала түрленіп даму: жұмыртқа --- дернәсіл ---- ересек жәндік
5. Қуыршақ - өсу мен белсенді қоректену сатысы
6. Көбелек пен баларасына толық түрленіп даму типі тән.
7. Көбелектің дернәсілі –жұлдызқұрт

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» ой толғаныс

VI кезең - Үйге §45 оқу, мазмұны, сұрақтарға жауап беру.
Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру.

Бағалау. 

 

Кожахметова Бакит Садаховна,
№58 мектеп-гимназиясының
директордың ҒӘЖ орынбасары,
биология пәнінің мұғалімі

Астана қаласы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста