Бүгінгі сабақ: Түбір

Бүгінгі сабақ: Түбір

Алматы облысы, Ақсу ауданы
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, метепке дейінгі шағын орталығы мен мемлекеттік мекемесі.
Қанатқызы А.
Мақсаты:1.Дыбыс және әріп туралы білімдерін қалыптастыру, фонетикалық материалдарды сатылай комплексті талдау барысында жүргізілетін жұмыстарды үйрету;
2. Оқушының өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру және ой өрісін дамыту;
3.Халқымыздың тіл байлығын бағалауға тәрбиелеу. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекті құрал: Суреттер, кесте, оқулық, дәптер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Әдісі: ой қозғау, топтық жұмыс.
Барысы: 1. Ұйымдастыру.
-психологиялық даярлық;
-сабаққа назарын аудару;
-үй тапсырманы тексеру, берілген тапсырманың дұрыстығын тексеру.
Балалар, мына кестеге назар аударайық
2. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң-шешен,
Ақылы асқан көсем.
Бұл не?...
Сөйлеу барысында «кітап» деген сөз өзгеріске ұшырайды. (Байқайық, бірнеше мысалдар келтіру)
Дүкеннен кітап сатып алдым. Кітапты күтіп ұстау керек. Кітаптан көп мағлұмат аласың. т.б.
Бірақ осы сөздердің басты бөлшегі-кітап өзгерген жоқ. Олай болса, өзгермейтін бөлігі түбір деп аталады. Әрі түбір сөздің негізгі мағынасын білдіреді.
Әрбір сөздің түбірін тапқанда мынадай белгіні қоюды ұмытпа:
Түбір сөз

Жұрнақ ^ Жалғау
туынды сөз сөзді түрлендіреді
Ереже оқу.
3. Оқулықпен жұмыс
14-жаттығу 1-тапсырма
Түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.
Жұмыс, дос, сый, талап, | -лық,- шы, -ші, -кер, -тық
қызмет,дойбы, ас.
2-тапсырма
Түбір сөз бен қосымшалы сөздің құрамы мен мағынасын салыстыр.
15- жаттығу Теріп жазу
1-топ 2-топ
Түбір сөз Туынды сөз
Өнер,... Жазушы,...
16-жаттығу 1-топ
Мақалды оқы, туынды сөзді тауып, тақтада сөз құрамына талда.
2-топ
Мақалдың мағынасын түсіндір.
Сергіту сәті.
17-жаттығу
1-тапсырма
Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сыз.
2-тапсырма
Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.
18-жаттығу Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда. Олардың ішінен туынды сөзді тап.
4. Шығармашылық жұмыс
Ұш, жақсы, сән, мейірім, біл, оқу, өнер.
Заттың аты Заттың сыны
... ...
Оларды өздері байланысатын сөздермен тіркестіріп оқы.
5. Ой қозғау
(Балалардын жауабын тыңдау)
Сергіту сәті.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
6. Бағалау.
7.Үйге тапсырма Ереже жаттау, 20- жаттығу 125- бет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста