Білім берудегі негізгі мақсатым - оқушының білім деңгейін көтеру

Білім берудегі негізгі мақсатым - оқушының білім деңгейін көтеру

Мектепте оқытудың тиімді әдіс –тәсілдерінен жинақталған үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жеткізіп, жақсы педагог болуға машықтандырады деп ойлаймын. Біздің іс – тәжірибемізден байқалған ең қиын мәселе –оқытудың бүкіл әдіс – тәсілдерін белгілі бір ізге салып, сабақтың құрылысы қазіргі өмірталабына сай құра білу. Әдіс А. Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, кезекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы,жаман болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына орай. Біздің мақсатымыз білімді үздіксіз және терең меңгерту,оқушылардың қабілетін оятып ,ұштап дамыту, білімдерін өз беттерімен толықтыру оларды іс жүзінде қолдана білу икемділігін қалыптастыру; өзін-өзі басқаруға, ішкі рухани жан дүниесін, ойын реттеп отыруға, оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, оқуға ынталандыру.

Сабақ үстінде оқушы өзінің қаншалықты түсініп, ұғып отырғанын сезгенде және өзіне-өзі іштей есеп бергенде ғана оқыту ісі жемісті болады деп ойлаймын. Біз оқушыны осындай ыждағаттылық жолына тәрбиелей алсақ, ісіміз сәтті болады. Сабақты тиімді жоспарлап, таңдап алған әдістерімізді ойластырып, түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып отырсақ, шәкірттеріміз өз беттерінше жұмыс істеуге тез үйренеді деп ойлаймын. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Менің білім берудегі негізгі мақсатым оқушының білім деңгейін көтеру, өзін-өзі реттей алатын, өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттарға жету үшін білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін қолданып, оқушының білімге деген құштарлығын артыруға және сабақтарымды осы мақсаттарға бағыштап жүйелі жоспарлауға тырыстым .Менің тәжірбиеге алған сыныбым 10 сынып,дәлірек айтсам сыныптың жартысы,себебі орыс сыныптары қазақ тілі сабағында екі топқа бөлінеді.Бұл сыныпта бірінші жыл сабақ берудемін,дегенмен сыныптағы оқушылардың мінез құлықтарын,пәнге деген қызығушылық деңгейін білемін.Сыныптың жалпы белсенділіктері төмендеу.Енді өз сабағымды оқушылардың белсенділіктерін арттыратындай етіп,қызығушылығын арттыратындай етіп қалай жоспарласам екен?Сабақтың жоспарын Блум токсономиясына салып жоспарлап көрдім. Сабақтың міндетін қалай қоямын?Әрине оқушыларға түсінікті тілде жазамын,себебі міндеттерді қолдана отырып,оқушылармен сабақтың мақсатын талқылауды көздедім.Блум токсономиясы ойлауды оқытуды көздейді.Сабағымды жоспарлай отырып,қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам екен?Қандай әдіс тәсілдерді қолдансам сабақтың мақсатына жете аламын?деген сұрақтар туындады.

Сабақты психологиялық ахуал орнатудан бастадым.Неліктен?Себебі оқушылар бір біріне жылы лебіздер білдіруде ынтымақтастық атмосфера орнайды.Ал топтық жұмыста ынтымақтастық өте қажет.Өзімнің өткізген сабақтарымның барысында оқу шының ойын дамытатын , қызығушылығын оятатын, жадыны дамытатын сыни ойлауға жетелейтін, білім- біліктіліктерін дамытатын тәсілдерді қолданып, оқушының ойын жинақтай алуына, білгенін еске түсіруіне, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыландыруға әрекеттендім. Өткізілген бір сабағыма тоқталар болсам тарау бойынша Қазақстан Республикасы туралы жалпы мәлімет.

Сабақтың мақсаты:Тақырыптың мазмұнын ашу .

Сабақтың міндеті : 1.Оқушылар ойларын дәлелдеп айтады.

2. Іскерліктерін пайдалана алады.

3.Топпен жұмыс істей алады.

4.Ой түйін жасай алады.

5.Өздерін бағалай алады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жигсо, ББҮ, анализ сұрақтары.

Сабақтың міндеттеріне жету үшін сабақтың қай деңгейінде қандай әдіс-тәсіл түрлерін пайдалансам ? Осы сұрақты өзіме қоя отырып , бұл сабағымды да Блум жүйесімен жоспарладым. Неге? Себебі Блумның деңгей өлшемі қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған. Сабағымның басында тіл дамыту мақсатында әр түрлі тақырыпта сыни ойландыруға бағытталған сұрақтар қоямын. Мысалы :Сен Қазақстан Республикасының балғын азаматысың! Бірақ осы жерде өмір сүргенің үшін ғана өзіңді осы елдің азаматымын деп айтуға бола ма? Неліктен? Оқушылар өз ойларын айтып пікір таласқа түсіп жатты. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа ақпаратты ұғу, есте сақтау,білгенін есте сақтау мақсатында итермелеу сұрақтарын қойдым,оқушылар жұптарымен талқылап,жауап беріп жатты. Мысалы, Ата Заң туралы білетіндерін еске түсіріп, және жұпта талқылап, ББҮ кестесінің бірінші бағанын толтыруды сұрадым. Бұл жерде оқушылар өзара диалогтік қарым қатынасқа түсіп, ой бөлісіп жатты. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөшегі болып табылады. Ал әңгімелесу, пікір алмасу диалог арқылы іске асады . Мектептегі тәжірбие кезінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі етіп , сабақтарыма қолдануға тырыстым.Осы тәсілдерді оқушыларға дұрыс қабылдатуға және диалогтық әдісті қолданғанда нақты сұрақтар қоюға, оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа дағдыландыратын және қайталауға, жинақтауға, білімдерін жүйелеуге жетелейтін тапсырмалар ұйымдастырамын.Мысалы:мәтіндегі ойды жалғастыр,сөздерден мақал-мәтел құрастыр,эссе жазу. Тіл қарым-қатынас құралы. Қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқытуда диалогтік әдістің маңызы зор. Сөйлесу арқылы оқушылар бір-бірімен қатынасқа түседі. Біз дәстүрлі сабақ кездерінде ойландырмайтын сұрақтар қойып, оқушыларды ары қарай ойланып ізденуіне итермелемейтінбіз. Жауапты дұрыс дұрыс емес деп ойлауына шектеу қоятынбыз. Выготскиидің жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе даму әрекеттері жақсарады. Балалар анағұрлым қабілетті оқушылармен араласып өзара қарым-қатынас жасау арқылы дұрыс ойлануға дұрыс сөйлеуге дұрыс жауап беруге үйренеді. Выготский оқытудағы сөздің сөйлеудің негізгі рөлі туралы айтқан пікірін қолдаймын. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диолог құру арқылы білім алады. Біз сабақ жоспарлағанда оқушының ойын кеңейтетін яғни ойын дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, олардың ойлау деңгейін көтеріп, сөйлеу дағдыларын дамытамыз. Мұны мен өз сабағымда қалай іске асырсам? Қандай әдіс тәсіл түрлерін қолдансам? Сабағымның білу сатысындағы жұппен талқылап еске түсірулері, түсіну сатысындағы Жигсо әдісі, қолдану деңгейіндегі қорытынды жасаулары,талдау деңгейіндегі презентация жасаулары, бағалауда жетістіктерін бағалап ойларын айтулары барлығы дерлік диалогтік оқытуды қамтиды.

Сабақта оқушылар пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болады. Сабағымның барысында сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған сұрақтарды орынды кіргізе алдым ба? Сыни тұрғыдан ойлауды қалай анықтауға болады? Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды делінген (Оқу-әдістемелік көмекші құрал) Топтағы мағынаны тану жұмысы кезінде оқушылар өздері ойланып, өздері жұмыс істеп, мәселелерді шешуге әрекеттеніп жатты. Сабақтың түсіну деңгейінде Жигсо әдісін пайдаландым. 

Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып, ойларын ортаға салып жатты. Бұл кезеңде дарынды және талантты балаларды бақылауға мүмкіншілігім болды. Оқушыларға мәтінді меңгерту кезінде олар топта өз ойларын ортаға салып, бір бірінің идеяларын тыңдап, бір-біріне түсіндіруге тырысып жатты. Әсіресе, Анара Санат атты оқушылар топта белсенділік танытып, үлгерімі төмен Ибрагимге орысшалап айтып, дүнгеншелеп айтып мәтіннің мазмұнын түсіндіруге тырысып жатты. Ибрагим болса қызығушылық танытып, оларға сұрағын қойып жатты. Бұдан менің ойға түйгенім, топтық әңгіменің оқушылардың білім алуына әсері мол. Себебі оқушылар бірін бірі оқытады екен.

Қолдану, талдау деңгейінде түсінгендерін тәжірибеде пайдалану мақсатында оқып түсінгендерін ментальды картаға түсіріп, презентация жасады. Мерсердің айтуынша әңгімелесудің зерттеушілік түрі табысты талқылауларда басымдыққа ие. Презентация жасау кезінде Санат атты оқушым топты жетекшілікке алып, көбінесе ортаға сұрақ тастап отырды ,мысалы:неліктен Қазақстанды Отанымыз дейміз? ал топтағы басқа оқушылар Сания,Фатима, Ибрагимдер ақылға қонымды ойлар айтып жатты. Әңгіме әдісі бойынша оқушыларға оқу материалын меңгерткенде мен сыныпқа жетекші сұрақтар қоямын ,мысалы қалай ойлайсыңдар,мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан басқа тілдер маңызды емес пе? Оқушылар бұл сұрақтарға ойланып жауап қайтарады . Сөйтіп, мен оқу материалын сұрақтармен толықтырып, оқушының жауабын алу арқылы олардың жаңа тақырыпты меңгеруін қадағалаймын .

Жұптық әңгімелесу әдісін ұйымдастыру мақсатында “Қазақстан табиғаты”тақырыбына диолог құру тапсырмасын бердім. Диалог әдісі оқушылардың ойын жинақтап, дұрыс қорытынды шығаруға дағдыландырады. Жақсы көрсеткіштерге жетелейтін жолдардың бірі диалогтық оқыту деп ойлаймын. Қарым-қатынасқа түсу арқылы ойланады, пікірлеседі оқушыға әртүрлі дәрежедегі сұрақтарды қойып, оны ойлауға, тілдік қарым-қатынас жасауға жетелеймін. Бала ойланады, жауап береді, ал ойдан-ой туатынын ескерсек бала тілдік сыни ойлайды Сондықтан да әр сабағымды оқушы не біледі, не айта алады соны анықтаудан бастаймын. Осы арқылы ой қозғау, ояту, ой жинақтау жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Ойлау, үйрену арқылы- мағынаны тану. Бұл кезеңде оқушы тақырып бойынша жұмыс жасайды, өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетеді.Білемін, білмеймін, білгім келеді- белгілерін қояды.Оқушы топпен жұмыс кезінде ұжыммен пікірлесуді, ортақ шешімге келе білуге, ойын ашық түрде айта білуге үйренеді. Күнделікті өз сабақтарымда оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыға қойылатын сұрақтардың нақты болғанын қалаймын.

1. Сыни тұрғыдан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыға ойын ашық айтуға мүмкіндік беру.

3. Әртүрлі идеяларды, пікірлерді қабылдау.

4. Оқушының іс-әрекетін қолдау.

5. Оқушылардың берген жауаптарының дәйекті болуын қадағалау.

6. Бағалау

Оқушының білімін бағалау кезінде, оған сыни көзбен қарап, әділ болғанды қалаймын. Негізінен бағалауды оқушылардың өзіне тапсырған жақсы.Әр тапсырмаға күрделі, жеңіліне қарата ұпаймен бағалап отырады.Көшбасшы тобындағы баланың жауабына қарай баға беріп отырады.Сабақ аяқталған соң, көшбасшы балалардың ұпай сандарын есептеп қорытындысын шығарады.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау сыныптағы бағалау тек қана текникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе

ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез –келеген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар ғана емес сондай-ақ баланың дамуы оқуы жіне уәжі туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік күш-жігерсияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Александер,2001). Менің ойымша баға-оқушы білімінің нәтижесін жүйелі түрде белгілеу.Бағалаудың 2 тәсілі бар :

1. Формативті бағалау

2.Жиынтық бағалау

Формативті бағалау-таңба, баға қойылмайды, 5 баллдық жүйеге жатпайды.Бұл бағалау балаға мадақтау сөздер айту, әдемі суреттер, фишкалар беру арқылы ынталандыру. Яғни баланың өздігінен білім алуына талпынту, түрткі болатын тәсіл.Ал, жиынтық бағалау-формативті бағалаудан шығатын, яғни нақты таңба “5” , “4” , “3” қойылатын қорытынды баға.Қазақстанның білім беру жүйесінде 5 баллық жүйе бойынша бағаланады. Жалпы оқушы үшін еңбегінің нәтижесін бағалау ең маңызды. Әр оқушы өзін де өзгені де бағалап үйренуі қажет. Сондықтан мен сабақтарымда бірін –бірі бағалау, топтық бағалаудың тәсілдерін қолдандым.Неге?

Бұлай бағалауда:

- Сабақ түбегейлі оқушыға бағытталып, ұжымды қарым-қатынас орнайды;

- Оқушының үлгерімі жоғарлайды;

- Ойларын ашық айтуға үйренеді;

 

 №12 Масанчи атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рустемова Бақытгүл Қасымбайқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста