Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға ауылы. МКҚК «Ақбұлақ» балабақшасының музыка жетекшісі:
Жолдасова Гүлия Мұханбетшәріпқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Музыка
Мақсаты: Ұлттық дәстүрлерді бала кезінен санасына сіңіре білуге баулу.Сабырлы, баяу орындалатын әнді түсіне білуге, дыбыстарды таза айтуға үйрету.
Алдын-ала жұмыс: балаларға тақпақ беру, шақырушы.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бесік, бесік жабдықтары, әже
Билингвизм: Әже – бабушка Бала – ребёнок.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ұлттық дәстүрден хабардар болып, ұлттық,дәстүр деген сөздерді
Игереді: бесік жырының әуенін ажырата біуді
Меңгереді:Әнді сабырлы орындауды,дыбыстарды таза айтуды