Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру

Үміткен Еркінқызы Батаева, бастауыш сынып мұғалімі

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай,оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:

  • оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
  • бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
  • берер білімнің ғылымилығын арттыру;
  • алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
  • оқушысының ой белсенділігін дамыту;
  • әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын,қызығушылығын дамыту;

білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету.
Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлеcімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, өзгелердің ісінен сабақ алуға, танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

  • өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
  • пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
  • өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
  • жолдасының жауабына пікір айту;
  • сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
  • үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
  • үлгермеушілеріге түсініксіз жерін түсіндіру;
  • өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
  • танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.
Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  3. Сабақта оқушылардың өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығу шылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы: Қайсар атасымен қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен.
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір-екі бала былай деп аяқтапты.
«Қайсар жүгіріп барып,өрт сөндіргіш машинасын шақырды.Жан-жақтан көмекке адамдар да келді.Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды».
«Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға ризашылығын білдіріп, қошақан сыйлады».
2.Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады: «Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды.Оның жағдайын көріп аяп кетті. Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңізін ешқашан жамандамайтын болыпты».
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру;
Тақырып бойынша;
Жоспар бойынша;
Тірек сөздер арқылы.
8. Өлең құрастыру.
Дайын өлең жолдарының бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
11.Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма,сөзжұмбақ,ребус,құрастырмалы ойындар, т.б.).
15. Қайталау сабақтарында,оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын,жазушы шығармасына еліктеп өлең,әңгіме,ертегілер жазғызу т.с.с.

 

 

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности.Основные современные концепции творчества и одаренности. М.1997г.
2.Бастауыш мектеп. №7. 1993 жыл.
№ 2. 2008 жыл
№5. 2008 жыл
№1. 2011 жыл
3.Қазақстан мұғалімі. 16 сәуір. 2008 жыл.
4. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста