Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ақпараттық−коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі

Токумбаева Айгуль Асылхановна
№38 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы

Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. ХҮІ ғасырға дейін - материалдық жүйелер, ХҮІ - ХХ ғасырлар - энергетикалық жүйелер, ХХ І ғасырдан бастап – ақпараттық жүйелер, микропроцессорлық пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты.
Ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi - адамдардың 50%-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды.
Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не?
Пәндік білім - оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Технологиялық білім- оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Осы үш білімнің қилысуы Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімді береді. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Пәнді оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланысты белсенді қолдану оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіштері. [2;62-65]
Жоғарыда келтірген қағидаларды негізге ала отырып, мен өз іс-тәжірибемде оқытудың үш аспектісін қалай тиімді қолдануға тырысқаным жөнінде тоқталып өтсем.
Мен мектептің бастауыш сатысында АКТ-ны пайдалануда тәжірибелік сабақ ретінде дүниетану пәнін алуды жөн көрдім.
Жалпы дүниетану пәнінде оқушыларға биология, география, физика, тарих, математика ғылымдарының негізі бойынша мағлұмат беру, оқушы бойында ғылыми негіздерді қалыптастыру болып табылады.
Пән бойынша оқушыларға берілетін өзекті білімі анықтап, оқушылардың оқуды меңгеріп алуы, яғни, сапалы білім беру жолында АКТ-ны тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдым.
Пән барысында АКТ-ны қолданудағы жалпы мақсатым оқушыларды бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу; ақпараттық мәдениеттердің алғы шарттарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Жас ерекшелігіне сай ақпарттық сауаттылығы дамиды:
• компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қоса алу, орындау дағдылары қалыптасады;
• компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқулықтармен жұмыс жасау икемділіктері жетіледі.
Алғашқы сабағымда бірден АКТ мүмкіншіліктерін пайдаланудан бастауға оқушылардың жас ерекшеліктері негізіндегі оқудағы мүмкіншілік деңгейлерін, олардың өзгеріске деген бейімділігі мен бағдарламаны бірден игеріп кету қабілеттеріне ойша күмәнмен қарадым. Сондықтан да, АКТ-ны үй жұмысын беруде қосымша мәліметтер қару мақсатында ғана пайдалануды жоспарладым.
Сол күнгі сабақтың тақырыбы уақыт және ұзындық өлшемдері. Сыныпта жайдары атмосфера орнату негізінде сабақты әзіл–әңгіме айтудан бастап, оқушыларды туған сағаттары бойынша топқа бөлінулерін сұрадым. Одан кейін назарларын пәнге аудару, жинақтау мақсатында «Сағат бізге не үшін қажет?» деген сауал төңірегінде пікірлерін тыңдап алып, топтық жұмыс ретінде белгілі бір уақыт өлшемінде атқаруға болатын істер төңірегінде ой қозғауларын сұрадым. Топтық жұмысты орындауда оқушылар бойынан ерекше белсенділіктер және мен күтпеген ой-пікірлерді байқадым.
Оқушылардың оқу барысындағы жасаған іс-әрекеттері маған ерекше әсер етіп, өзімнің оқушыларымды жетік тани білмегеніме, олардың мүмкіндіктеріне бекер күмәнмен қарағаныма өкіндім. Тәжірибелік сабақтың алғашқы күні сыныптан алынған сауланама нәтижесі мен кері байланыс парағын оқи отырып, өзімнің қателескеніме көзім жетті. Сауалнамаға 21 оқушы қатысты, нәтижесінде:
- Сыныптағы барлық оқушыға дүниетану пәнінің ұнайтындығын білдім. Себебін 15 оқушы қызықты мәліметтер алуда деп түсіндірген.
- 19 оқушы пәннен жақсы жаңалықтар күтетінін, ал 2 оқушы зерттеу жұмыстарының кіргізілуін күтетіндіктерін жазған.
- Пәннің өтілу барысы -10 оқушыны қанағаттандырса, 4 оқушы өзгеше алаңдарда өткізілуін, ал 7 оқушы жұмыс жасау барысында АКТ-ны қолдануды қалайтындықтарын айтқан.
- 10 компьютерде ойын ойнайды , 7 ойын ойнап, жазу жаза білді, 4 интернет желісіне қосыла алады;
- 14 пән бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі энциклопедияларды пайдаланатындықтарын көрсеткен.
Ал кері байланыс парағында оқушылардың барлығына бүгінгі сабақтың ұнағандығы, бірнеше оқушы АКТ-ны сабақ барысында көргілері келетіндерін және арнайы мультмедиалық кабинетке барғылары келетіндерін ұсыныс ретінде жазған.
Сауалнаманың нәтижелерін, оқушылардың тілек- ұсыныстарымен қатар, орындай алу мүмкіншіліктерін ескере отырып екінші сабағымды жоспарладым.
Сабақты бастау бірінші кезеңде сыныпта ынтымақтастықты орнатып, кері байланыс парақтарынан үзінділерді оқып беру арқылы олардың білдірген өтініш-тілектерін болашақта сабақ барысында қолымнан келгенше ескеретінімді айтып өттім. Ондағы мақсатым оқушылардың өзіме деген сенімдерін қалыптастыру және кері байланыс парағының маңыздылығын ұғындыру еді.
Өткен сабақ бойынша үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылардың АКТ-мен берілген "Ең ұзын, ең қысқа, ең жылдам, ең баяу» белгілері бойынша анықтау тапсырмасын көпшілігі аса үлкен қызығушылықпен орындап келген. Әрине, тапсырманы орындауда ата-аналарының ықпалы зор екенін байқалып тұр. Дегенменде, үй тапсырмасын орындауда үлкен қиындықтар туғызып жүрген Аскапов Нұрдәулет пен Ибрагимов Рамиль екеуі бірігіп, тапсырма бойынша жыландардың түрлері туралы суреттер алып келіп, түсіндіріп беруі және сыныптағы үздік оқушылардың қатарындағы Мекебай Дінмұхамедтің дайындап келген «ең жылдам, ең баяу көліктер» туралы слайдты мәліметтері басқа оқушыларға ерекше әсер етті.
«Температура және масса» тақырыбындағы сабағымның түйінді идеясы температураның массаға тәуелділігін тәжірибе жасау барысында анықтау. Тәжірибені бастамас бұрын оқушылар топта біріге отырып, термометрдің атқаратын қызметі мен құрылысы туралы білетіндерін еске түсіріп, болжамдарын жасап өтті. Осы кезде Искаков Асланның термометрдің қолдану мүмкіндіктері туралы айтқан ойы ерекше болып, кейбір оқушыларда сенімсіздік ойлар туып, қарама-қайшы пікірлер пайда болды. Осы ретте мен Асланның ой толғамдарының шындыққа жанасатынын және басқа оқушылардың күмәнін сейілтеу негізде термометрдің құрылысы мен пайдануына байланысты түрлері туралы бейнебаян мен слайд көрсетілді.
Тәжірибелік сабақты өткізу кезінде АКТ-ның тағы бір мүмкіндігі PASCO оқу құралын қолдандым. Судың әр түрлі жағдайда (ыстық, суық), сынып бөлмесі мен көшедегі ауа-райының температурасын анықтау кезінде дәстүрлі термометр мен PASCO оқу құралы, ұялы телефон арқылы интернет көмегімен алынған көрсеткіштерді салыстырды. Массасы әр түрлі ыдыстағы судың салқындауын анықтауда PASCO оқу құралы арқылы Data Studio бағдарламасын қолдандым. Осы кезде оқушылар судың қанша уақытта салқындайтынын графиктік түрде экраннан көре алды. Бұл кезде оқушылар заттың массасына байланысты температурасының өзгеретініне таң қалысып, өздері қорытынды жасап шығарды. Ол сабақтың мазмұнын аша түсіп, оқушылардың пәнге, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Тіпті сабақ өту кезінде эмоциясын білдіре бермейтін Қасымов Әділеттің өзі талқылауға араласып кеткенін байқадым. Сол сәтте салқын судың жылыну кезіндегі өзгерісін де графитік тұрғыдан көрсеткенде оқушыларға салыстыру мүмкіндігі туып, сабақ одан әрі нәтижелі болар ма еді деген ойда қалдым. Оқушылар осы сабақта өздерін зерттеуші ретінде сезініп, сабақтан үлкен әсер алғандарын рефлексия сәтінде атап өтіпті.
«Денелер. Заттар. Құбылыстар» тарауының «Денелер» тақырыбына сәйкес келді. Таруда беріліп отырған оқу материалы ғылыми тұрғыда күрделі. Сондықтан да оқушылардың жас ерекшелігіне бейімді түрде ұсыну жақтарын қарастыра келе, бұл сабақта мен интерактивті тақта мен дербес компьютерлер (ноутбук) көмегіне жүгінген дұрыс деп шештім. Өткен «Табиғат» тарауын қайталауда тест тапсырмасы әр оқушыдан дәстүрлі парақшада алынды. Ал тексеру кезінде, тақтада анимациялық қозғалыс арқылы ортақ тексердік. Ал сабақтың барысында оқушылардың топтық жұмыстарының қорытындысын шығаруда, дәлелдемелерінің дұрыстығын тексеруде интарактивті тақтаны көрнекі көмекші құрал ретінде қолдандым. Сонымен қатар, сол күнгі алған білімдерін қорытындылау ретінде электрондық оқулықты пайдаландым.
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде табиғат құбылыстары туралы материалдарды интернеттен қарап, жинастыруды тапсырдым. Нәтижесінде, оқушылар үлкен құлшыныспен үй тапсырмасын орындап келетіндіктерін, тіпті қайдан, қалай іздеу керек екендігін үзіліс кезінде де бір-бірімен талқылап жүрді. Мен оқушыларымның бойыннан шығармашылық ізденіске, зерттеушілікке деген қызығушылықтарының оянғандығын байқадым.
Мектеп кезіндегі үш апта кезіндегі АКТ-ны қолдана отырып өткізген іс-тәжірибелік сабақтарымды саралай келе түйген ойым:
• Оқушылардың бойында пәннің жалпы мазмұнына, өткізілу формасы немесе көрнекі құралдарының әсемдегіне ғана емес, ғылыми мазмұнына деген қызығушылықтары оянды;
• Шығармашылық оқу икемділігі, жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, икемділіктері қалыптаса бастады;
• Оқушылардың АКТ-ны қолдана білу, ақпараттық кеңістіктен өзіне қажеттіні іздеп, таба алудың алғы шарттары қалыптасты.
АКТ-ны сабақ барысында қолдану, оқушыларға өте қатты ұнады. Әрине, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, болашақта:
• Сабақтарда АКТ-ны тек демнострациялық көрнекі құрал ретінде ғана емес, ақпаратты алмасу құралы ретінде де пайдалануды жүзеге асыру.
• Сабақтың басқа да кезеңдерін жоспарлауда АКТ көмегіне жүгіну.
Оқушылардың қабылдау, есте сақтау қабілеттерін және ата-аналарының да оқу үрдісіне тарту, ең бастысы білім сапасын арттыру мақсатында интернет желісінде сыныптың жеке парақшасын ашу. Сол арқылы кейбір форс-мажорлық сәттерде оқушыларды қашықтан оқыту арқылы үздіксіз білім алуларына көмектесу.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста