"Aқылды ана, көркем қыз" атты қыз сыны байқауы.

"Aқылды ана, көркем қыз" атты қыз сыны байқауы.

Жұмағұлова Арай Мұқанқызы
№ 32 жбб мектеп. Алматы қаласы.


1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
3 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Aқылды ана, көркем қыз» атты Қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші:
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
3 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші:
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
3 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 - жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ұлдар тобының орындауында « Тұлпарым » әнін жолдаймыз.
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым,бүгінгі өткелі отырған «Aқылды ана, көркем қыз» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
3 - жүргізуші:
1 - Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 - Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 - Кімде болса бас иеді мойындап,
4 - Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - № 1 аруымыз
№ 2 аруымыз...
1 - жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2 - жүргізуші
Қазылар алқасының төрағасы....
3-жүргізуші.
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім: «Сұрақ - жауап». Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
ІІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІV бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
V бөлім: 1.Ойын. Аналары көп қыздың ішінен өз қызын табуы керек.
2.Ойын. Қыздары аналарына адымдап жеткенге дейін жақсы тілектер айтуы керек.
1-жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - дей отырып байқауымыздың (І) бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 – жүргізуші
ІІ - бөлім: «Сұрақ - жауап»
«Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз
ІІІ бөлім бойынша аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------
1 - жүргізуші
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
№ 1 аруымыз
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
ІҮ бөлім бойынша аналар дайындап келген тағамдарын қорғайды.
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Aқылды ана, көркем қыз» байқауы өз мәресіне жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста