Ағзалардың көбею формалары

Ағзалардың  көбею  формалары

  Диалогтық оқыту
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы
«№1Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ
Химия-биология пәндері мұғалімі
Мусина Роза Сейтмухамбетқызы


Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру. Сабақтың нәтижелі өтуі мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оны өмірмен байланыстыра, ұштастыра білуінде, сонымен бірге мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты. Сабақта белсенділікпен өз бетінше жұмыс атқарып, одан қорытынды шығара білу оқушыны ізденуге, шығармашылыққа, іскерлікке дағдыландырады.
9-сыныпта биология пәнінен өткізілген «Ағзалардың көбею формалары» тақырыбы бойынша оқушылар жұппен, топпен берілген тапсырмаларды (сызбанұсқалар құрастыру, суретін салу, АКТ пайдаланып) орындап, көбею, жынысты және жыныссыз көбею, олардың формалары, сипаттамалары, айырмашылықтары және кемшіліктері туралы оқып, талдап, өз беттерімен білім алды. Бұл сабақта оқушылар өз ойларын ортаға салып, алған білімді іс жүзінде дәлелдеп, салыстыра отырып, қорытындылады.
Топтық жұмыста әр оқушы танымның ортақ мағынасына және соңғы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасты, тиімді нәтижеге бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жетті.
Сабақ соңында оқушылар сыныптастарын, өзі-өзі топта, бағалау критерийі арқылы бағалады. Бұл оқушылардың белсенділіктерін, өзіне және сыныптастарына деген сенімділіктерін, қызығушылықтарын арттырады. Жалпы оқушыларды бағалауда мадақтау сөздерін пайдалану, оқушылардың белсенділіктерін арттырады, білім сапасының артуына ықпалын тигізеді. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер 2001)
Сабақтың барысы:

Әдебиеттер:

1. М.Қ.Гильманов, А.Р.Соловьева, Л.Ү.Әбшенова. Биология. Алматы «Атамұра» 2013
2. Биология және салауаттылық негізі. Ғылыми-педагогикалық журнал №4, 2013
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста