Жылан – жақсылық нышаны

Әр келген жаңа жылдан әрбір адамның жақсылық күтетіні рас. Ал табалдырық аттағалы тұрған 2013 жыл – жылан жылы. Алайда жылан десе, көз алдымызға бірден айыр тілін сумаңдатқан, түсі суық мақұлық елестейді. Бірақ бұл бауырымен жорғалаушылардың жақсы қасиеттері өте көп. Тіпті түске кірген жыланның өзін жақсылыққа балап жатады. Үлкен әжелеріміз үй маңынан шыққан жыланның басына ақ құйып шығарып салса, қазіргі заманда жыланмен массаж жасау арқылы адамның жүйке жүйесін тыныштандыру үдерістерін жүргізетін орындар көбейіп келеді.

Жылан уы – дертке дауа
Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк уни­верситетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жы­лан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен қатерлі ісікті, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқ­татуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Жылан уының пайдасы мұнымен де шектелмейді. Мамандардың сөзіне сенсек, өндіріс салаларының ішінде жылан уын жинау – ең пайданы көп әке­летін, алтын қазудан кем түспейтін жұмыс. Себебі жылан уының бір грамы 2,5-5 мың доллар аралығында тұрады екен.
Жалпы жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болған. Мұны алғаш болып итальяндық ғалым Франческо Реди анық­таған деген дерек бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фон­тане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсін­дірген.
Бүгінгі медициналық символ – стаканға уын төгіп тұрған жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген.
Жыланның еті де ем
Терісі әшекей, сілекейі дәрмек болған жылан етінің де адам денсаулығын нығайтуда пайдасы өте зор. Жылан етінен жасалған тамақ ағзаны суықтан арылтып, буын ауруларынан, басқа да сырқаттардан арылтады екен. Жылан етінің қаншалықты пайдалы екенін Қытай, Тайланд, Сингапур, Малайзия, филиппиндіктер жақсы біледі. Олар емдік мақсатта арнайы жылан фермасын ұстайтын көрінеді. Ал жақында француздықтар жылан етінің обыр (рак) ауруына да таптырмас ем екенін анықтапты. Ол үшін жылан етін жүгері майына қуыру қажет. Француз емшілерінің айтуынша, кесілген жылан етін табаға салып, жүгері майына әбден шыжғырып қуырады. Содан кейін ауру адамға қуырылған жылан етін бес күн қатарынан түс мезгілінде аш қарынға жегізіп отыру керек. Емделетін адамға жылан етіне дейін нәр татқызбаған жөн. Қуырылған жыланды жеп болған соң, екі сағаттан кейін ғана ет пен жұмыртқадан басқа тағамдарды жеуге болады. Сонымен қатар, жылан еті адам ағзасын жақсы тазалайды. Мамандардың айтуынша, бірінші аптада бес күн қатарынан, содан кейін жеті күн үзіліс жасап, осы ережеге қайта кірісу керек. Адамды обыр ауруынан толық айықтыру үшін бұл ережені төрт рет қайталаған жөн. Кейбір дерек көздерінде «француздардың бұл емін қазір Қытай мен Сингапур сынақтан өткізіп жатыр» деген ақпар бар.
Жылан жоқ болса, кеміргіштер көбейеді
Жыландар Жер шарына кең тараған. Олар тек Антарктидада ғана кездеспейді. Ғалымдардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда жыландардың 3 мыңға жуық түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді. Жыландар тышқан тәрізділермен, бақа­лармен, омыртқасыз­дармен, зиянды кемір­гіштер, моллюскілер және жәндіктер­мен қоректенеді. Демек, жыландар ке­міргіштердің көзін жою арқылы да пайда әкеледі деген сөз. Өйткені кеміргіштер 20-дан астам аурудың тасымалдаушысы болып табылады.
Жылан жайлы аңыздар
Австралия, Орталық Африка або­ригендері, ежелгі грекиялық фес­салийц­тер, солтүстікамерикалық үндістер өз­дерінің ата-тегін жыландар деп есептейді. Сондықтан бұл тайпалар жыланға аса құрметпен қарайды. Алайда бертіндегі ғалымдар мұны ежелгі тотеизмнен қалған сарқыншақ деп түсін­діреді. Қалай десек те, ХVII ғасырда жыланға табыну – фанаттық формада жүзеге асқаны шындық. Жылан­дар зәулім храмдарда тұрып, рахат ғұмыр кешкен. Ал көптеген африкалық тайпалар жыланға қызмет көрсетуді мәртебелі іс санаған. Оқыған абыздар белгілі бір мерзімде елді аралап, 10-12 жасар қыз­дарды жыланға табынушылық құпия­ларына үйреткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста