Сіздің танымыңыздағы Абай қандай?

Сіздің танымыңыздағы Абай қандай?

Абайдың өлеңдері, қара сөздері, философиялық ойлары – бүгінгі ұрпағына таусылмас қазына. Сондықтан Абай атамыздың өлеңінен нәр алып, қара сөздерінен ой түйіп, философиялық пікірлерімен санаспайтын қазақ кемде-кем. Абай ақын, философ қана емес, ұлы ойшыл болғанының да айғағы – ол қалам тербеп, ой айтпаған дүние жоқ. Ел басқару, демография, дүние-мүлік, мал-жан, дін тіпті заң да жазған. Әйтсе де бүгінгі күні Абайдың діни көзқарасын, дүниетанымын бұра тартып, өз ұстанымдарына пайдаланушылардың қатары аз емес. Осы орайда «Сіздің танымыңыздағы Абай қандай?» деген сауалды әр сала өкілдеріне ұсынып көрген едік...
Мақаш ТӘТІМОВ, демограф:
Мен Абайды өзіме жолбас­тау­шы­дай санаймын. Ең алғаш сту­дент кезімде де­мография са­ла­сын қолға алып, зерттей бас­таған кезімде Абай атамыз түсіме кірді. Қасында Шә­кәрім мен Мұхтар Әуе­зов те бол­ды. Абай ата­мыздың түсіме кіруін мен сол уақытта ма­ған берілген аян­дай қабыл­дадым. Сол уақыттары қа­зақ да­ласын жай­лаған талай нәу­бет, аштықтан аман қал­ған қазақты тү­гендеуді міндетім са­надым. Тү­сім­де үлкен селдің орта­­сында Абай, Мұх­тар, Шәкәрім ақ шапан­да­рымен тұр екен. Олар сол селді тоқтатқысы келіп, әуреге түсіп жүр екен. Түрлері үрейге толы. Біраздан соң селмен бірге олар да ғайып болып, ор­нын қалың көк, шөп басты. Сол уақытта мен қа­зақ­ты ұйысқан ұлт ретінде көр­гісі кел­ген бабаларымыз мені же­­леп жүр екен. Селдей аққан қиын­­­шы­лық­тар да өтіп, халқы­мыз­дың саны өсіп кө­бейеді екен­біз деп жо­­ры­дым. Де­мографиямен дендеп ай­­на­­лыса бастадым. Абай­дың түсім­де, осы­­лай­ша, жол сіл­теуі бү­кіл өміріме ба­ғыт-бағдар бергендей болды.
Құлбек ЕРГӨБЕК, филология ғылымының докторы, профессор:
Менің танымымдағы Абай – ұлы­лар­дың ұлысы. Ол – көне дінді, көне қытай, орта ға­сыр­дың араб фило­со­фиясындағы адами иман­дылық, гума­нис­тік идеяларын қазақ да­ласына әкел­ген тұлға. Мүмкін, бұған Фа­рабидің де ықпалы тиген болуы керек. Менің та­нымымдағы Абай – мәңгілік Абай. Біз оның қадірін жете түсінген жоқпыз. Тірі кезінде сабадық, өлі кезінде жау­лас­тық. 20-30 жылдары Абайдың тұ­қым­дарын жер ау­дар­дық. Мәселен, Абай­дың ұлы Тұрағұлдың сүйегі Шым­кентте бір зауыттың астында жатыр. Абай­дың ұл ұрпақтарынан ешкім қал­­ған жоқ. Қыздан шөбере-шөпшек бо­луы мүм­кін. Абайдың тікелей ұр­пақ­тарын жойып жібергеніміз үшін оның рухынан кешірім сұрау ешбір қазақтың ойына келетін емес. Оңтүстік Қазақстан – рушылдық пиғыл та­нытып, бір ескерт­кіш қойған адамға 90 ескерткіш қою­мен әуре. Шымкент қала­сының орта­сы­нан Құнанбаев Тұрағұл Абай­ұлына неге ескерткіш орнатпаймыз? Сонда бұл біздің Абай рухынан сұраған ке­ші­рі­міміз болар еді. Менің танымымдағы Абай – менің баламның баласының, бала­сы­ның құрдасы, сыр­ла­сы, рухани қорегін бе­руші ұлы тұлға. Яғ­ни ол ұрпақпен бірге мәң­гі-бақи жа­сай беретін болады. Қазіргі абай­та­ну­шылар Абайды дұрыс танымай жүр. М.Әуезов біраз жерге алып барды, бі­рақ заманадан қорқып, қате трактовка жа­саған жерлері көп. Ал кейінгі абай­танушы­лар М.Әуе­зовтен аса алмай, соны қайта­лау­мен, шиыр­лаумен келе жатыр. Абайға жа­ңа­ша та­ным керек, ол үшін қазақ рухани дү­ние­т­а­нымының жаңа биігіне көтерілуі тиіс. 
Қалдыбек СӘБДЕНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
Абайдай дана ақын жоқ. Бұл – та­лас­сыз дүние. Әйтсе де маған ол фи­ло­софиялық ойларымен ерекше жа­қын. Бүгінгі күні де орын алып жатқан кейбір дүниелерді Абай осыдан 100 жыл бұрын айтып кеткен. Сондықтан Абай­дан үйреніп, оның ойына сүйенуден қаш­пау керек. Былтыр жұбайым қайтыс бол­ғанда қатты қайғырдым. Сонда өзіме Абайдың сөзімен тоқтау айтып, есім­ді жидым. Сол секілді дана Абай­дан жұбату, қолдау күтетін кездерім аз емес. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста