Мұқан Төлебаев жылы жарияланды

Мұқан Төлебаев жылы жарияланды

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2013 жылды Мұқан Төлебаев жылы деп жариялады. Бұл туралы шешім былтыр Уфада өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің басқосуында қабылданған болатын.
Тума таланттың туғанына 100 жыл то­луына орай Қазақстанда, сондай-ақ Түр­кия­ның бірнеше қаласында маңызды мәдени шаралардың өткізілуі жоспар­ланып отыр. ТҮРКСОЙ ұйымдастырып өткізетін жыл сайынғы дәстүрлі опера күндері аясында түркі елдерінің белгілі өнер қайраткерлері мен әншілері Мұқан Төлебаевтың шығармаларын орындайтын болады. Композитор Мұқан Төлебаев қа­зақтың еуропалық үлгідегі кәсіби музыка­сының негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Оның 100-ден астам шығарма­сы бар. Композитордың қаламынан шық­қан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады.
Мұқаңның композиторлық дарынының шырқау шыңы болған «Біржан-Сара» операсы – КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған шығарма. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің екінші онкүндігі ба­рысында Мұқаңның «Біржан - Сара» опе­ра­сы орындалып, Роза Жаманова (Сара) мен Мұқан Төлебаевқа КСРО халық әртіс­тері атағы берілген.
Қайталанбас мұра қалдырған Мұқан Төлебаевтың есімі ел жадында мәңгі сақта­луда. Оның мол мұрасы  қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы болып қала бермек.
Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы арнайы Үкімет қаулысының негізінде той­ла­нуда. Үкімет қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарында Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кешін өткізу, республикалық кітапханаларда Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерей­то­йына арналған кітап көрмелерін ұйым­дастыру, Жамбыл атындағы Қазақ мем­ле­кеттік филармониясында М.Төле­баев­тың 100 жылдық мерейтойына арналған фес­тиваль өткізу, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы жаңа қойылымының пре­мье­расын жасау, ғылыми-практикалық конференция өткізу, «Мұқан Төлебаев» альбом-кітабын, монография басып шы­ға­ру тәрізді бірқатар маңызды шаралар қарастырылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста