Батыр Баукеңнің көзі – тектіліктің өзі...

Батыр Баукеңнің көзі – тектіліктің өзі...

Жалғанның жазылмаған заңдылығы ма, барлық кезде қыраннан – қыран, тектіден текті туа бермейді. Тарихты парақтасақ, ондағы заманалар мен дәуірлерден қаншама атақты, абыройлы тұлға­лар­дың артын­да қалған ұрпағы қау­қар­сыз­дық танытып, ұлы адам­ның атын сақ­тай алмаған кез­де­рі аз бол­ма­ға­нын көре­міз. Осы ретте қандай да бір құрметке лайық, яғни қасиетті тегін еш­кімнің ал­дында аласартпай, әке ама­на­тын адал ар­қала­ған бір есімді ерекше атар бол­сақ, ол – Бақыт­жан Мо­мыш­ұлы. Қазақ үшін ғана емес, адамзат үшін қан май­данда қалың шептің ал­дына түсіп, бораған оққа кеу­десін төсеген қаһарман Бауыр­жандай батырдан жаман ұл, нашар ұрпақ туса, қалың елі тағдырдың он­дай қиянатын кешірмес еді... Биыл батыр ұрпағы – Бақытжан ағамыздың дүние салғанына бір жылдың жүзі болыпты.

«Бауыржанның баласымын» деп бір есікті қағып көргенім жоқ...»
«Адамда әке – жалғыз. Ол кісі өзі айт­қан­дай, «Қойдың бойында арқардың қаны болмаса тастан секірмес еді», менің денемдегі тамырларда тара­лып жатқан қан әкемдікі емес пе?!. Әйтсе де өз ба­сым «Бауыржанның баласымын» деп күні бү­гін­ге дейін кеуде көтеріп, бір есікті қағып көр­генім жоқ. Бірақ қалай болғанда да әкемнің бел баласы­мын... Әкемнің биік тұл­ғасына деңгейлесе алмайты­нымды жақ­сы білемін, бірақ соған бір қадам жа­қын­дап, оның атына ендігі жерде көлеңке түсірмеу – менің перзенттік борышым...» деген қағидамен өмір сүрген Бақытжан Мо­мышұлындай қазақтың қайсар ұлы пә­ни­ді тастап, мәңгілік өмірге кеткелі бері де көктем, қыс-жаз ауысып, қайтадан күз ке­ліп үлгеріпті, жалған-ай!..
«Баукеңнiң баласы» деген аттың өзі біл­генге мың-сан мәртебеден артық әрі жү­гі ауыр екені айтпаса да түсінікті. Осы рет­те Бақытжан ағаның қандай ұл, жалпы қандай азамат болғанын ол кісінің жары, Батырдың ғана емес, қала берді қалың қазақ­тың келіні атанған Зейнеп Ахметова апамыздан артық ешкім де білмейді. Ол кісінің қайын ата топырағына тартып, қа­лам­ды серік еткені баршамызға белгілі. Ендеше, Зейнеп апаның жазбасындағы мына жолдарға бей-жай қарауға әсте болмас: «Бақытжан – Алматыда туып, ор­ыс­ша оқып ержеткен қаланың түлегі. Даң­қы жер жарған әкесі бола тұра, әкенің ме­йі­рімі мен тәрбиесіне мұқтаж болып, жан азабын да, тән азабын да көп тартқан, әсіресе жастық шағы қиын болған адам. Өз өміріне қолын бір сілтеп, қалай болса, солай бетімен жүрген кездері де болыпты. Анам: «Тегі жақсыдан жаман туады десең де, тегінің бір сарқын-сарқыты көрінбей қой­майды. Тегі нашар­дан қанша жақсы туды десең де, түп қазығы бақайынан тарп­тай қоймайды», – деуші еді. Сол сөз шын­дық екен. Бақытжан қыран қонған ал­тын тұғырлы қара шаңырақ – әке үйін бе­рік ұстап қалды».
Қасиетті Құран Кәрім һәм Дина әженің күйі
Ал Бақытжан Момышұлының нағыз азамат, бол­мысының нағыз қазақы болып өсуіне тегімен қа­тар, анасы Жамал апаның тәрбиесінің ықпалы зор болғаны даусыз. Көзіқарақты қауым апамыз­дың «Лениншіл жас» газетінде қызмет еткенін жақ­сы біле­ді. Ендеше, бала Бақытжан көзін тыр­нап аш­қаннан анасымен бірге редакция та­бал­дырығында Кәкімжан Қазыбаев, Сат­тар Бөлдек­баев, Бүркіт Ысқақов, Камал Смайылов, Мыңбай Рәш секілді белгілі жур­налист, қаламгер ағала­ры­ның арасын­да өсуі оның болашақ өміріне керемет ір­ге­тас болды деуге негіз мол. Өзін шығар­ма­шы­лыққа жетелеген сол ағалары екенін Бәкеңнің өзі көзі тірісінде «Мейрам сайын олар үйде әдемілеп қа­бырға газетін шыға­ратын. Сондай-ақ «Ер Тар­ғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек» операларына да ме­ні сол аға­ларым апарды алғаш» деп айтып оты­ратын болса керек. Әсіресе Бақытжан ағамызға өте қатты әсер еткен, күй тыңдауға құштар­лы­ғын оят­қан Дина әже Нұрпейісованың концерті екен. Олай болса, Бақыт­жан Мо­мыш­ұлының ұлттық ментали­тет­ті де бо­йына қайдан сіңіргенін аңғару қиын емес.
Зейнеп АХМЕТОВА, Бақытжан Момышұлының жары:
– Бәкеңнің жандүниесін серпілтіп, ша­рапат шуағын төккен, ізгілікке жетеле­ген қасиетті кітабымыз – Құран Кәрім еді. Әке қабірінің ба­сында емін-еркін Құран оқи алатынына, Алла­ның осы күнге жеткізгені­не күнделікті дұға-тілек тілеп, тәубеге ке­ле­ді. Бәлкім, біреу болмаса біреу «мына кісі жұба­йының бағасын асырғысы келіп отыр» дер. Өз ойы – өзінде оған таласым жоқ. Бәкеңді мақтауға менің қарапа­йым тілім жетпейді. Тек қана айтарым, алтын­ның сынығы да – алтын. Тұлпар­дан туып, дәл сондай тұлпар болмаға­ны­мен, жабы емес, өз шабысы, өз ек­пі­ні бар жүйрік. Қа­зақ­тың үлкен бір ша­ңы­рағына ие болып, әке атына қылау түсірмей өт­кен қабырғалы азамат. Құ­дайым әркімнің маңдайына ос­ындай-ақ ұл берсін!

«Әкем ту сыртымнан бақылап жүргендей болады»
Егерде Бақытжан ағамыз жай қара­шаңы­рақ иесі, болмаса тамырында Бау­кең­дей батырдың қаны ағып жатқан «ата­ның ұлы» ғана болса, біз ол кісі жайлы ес­ке алар ма едік, бірақ мәселе осы бір азамат­тың тектілігінде болып тұр емес пе? «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» де­ген сөз текке ай­тыл­маған, әрине Бақыт­жан ағамыздың әкесі се­кілді қолына қару ұстамауына ол кісі кінәлі емес және де ол шарт емес. Бастысы, ол кісінің өзге­лер­ден оқ бойы озық тұратыны – Баукеңнiң қанын ғана емес, кеудедегі жаны, яғни шығарма­шылық мұрасын бүгінгіге бүтiн күйiнде жет­кiзе бiлуiнде. Батыр атаның әрбiр жаз­ған парағын, айтқан сөз­дерiн сақтап, са­рап­тап, мұра етiп жариялау тектi азаматтың қолынан ғана келетiнiн Бақытжан аға дә­лел­дедi. «Восхождение к отцу» Бақытжан Мо­мыш­ұлының әкесі жайлы алғашқы кітабы еді.
1982 жылы маусым айының 10-ы. Бей­сенбі. Қазақ тарихында қаралы күн дер­лік осы датаны біріміз білсек, біріміз, яғни бүгінгі ұрпақ біле бер­меуіміз кәдік. Бұл – көзі тірісінде оқтан да, оттан да қай­мықпаған, ажалмен талай бетпе-бет кел­ген хас батырдың Алла алдында жан тап­сырған күні еді. Алаш жұртына бұл күннің «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама­дай» аласапыраннан ауыр түспесе, кем түспегені анық. Ал енді кең дүниеге сый­май кеткен әкесінің төңкерілген қазандай бір төмпешік болғаны Бақытжандай ұлға қалай тигенін елес­тетудің өзі қиын. Үнде­мей күйзеліп, қайғыға батып кеткен ұлды сол тұңғиықтан суырып алып шыққан Жаратқанға деген сенім мен уақыт, сосын қаламы болса керек. Сөйтіп, Бәкең «Вос­хож­дение к отцу» деген кітабын дүниеге келтірді... «Молодец, сынок! Про отцов так и надо писать». Әкесінің қандыкөй­лек қа­ру­ласы, сенімді досы Дмитрий Снегиннен осы сөзді естігенде Бәкең жылап жіберсе керек. Өйт­кені ол жай сөз емес, «әке ал­дындағы боры­шымды өткердім бе?» деп күйзеліп жүрген Бақыт­жандай ұл үшін бұл нағыз баға еді әрі бойға жігер беретін күш еді. Себебі содан соң Бақытжан әкесі­нің ар­хивін ақ­та­рып, оның рухани әлемін, жан-тән, мәңгілік рух, кие жайлы терең фи­лософиялық ойларын, тіршілік, таби­ғат, бақи мен пәни туралы көзқарас-пікір­лерін зерделеп-зерттеді. Сөйтіп, «Во имя отца», «Сыновья великого волка» деп ата­ла­тын тағы екі туындыны дүниеге әкелді. Бақытжан Момышұлы солайша әкесіне тіке­лей арналған үш роман-эссе жазған қа­ламгерге әрі әке қанын ақта­ған перзент­ке айналған. Сонда да көңілі көншімей, «әке тану жолында жүрмін, кез келген шы­ғар­маны жазып отырғанымды ту сыртым­нан, иығымнан ба­қылап, қарап тұрғандай бо­лады. Құдды бір қа­тал редакторым сияқ­ты «әй, мына жерің дұрыс емес, тө­мен­деп кеттің», «мынаны түзе, аспандап, іріленіп барасың, саябырсы, сабаңа түс», «өзіңнің ойыңды жазуға құқың бар, бірақ жал­ған сөйлеуге қақың жоқ» дейтіні анық сезіліп тұра­ды» деген Бақытжан Момыш­ұлының сөздері осы бір тұлғаның нағыз асқақтығын аңғартса игі.

Әкемнің күлкісі
(әңгімеден үзінді)
Сен өзгенің жетістігіне қуанып, жолы болмаған кездерде табаламауға үйреттің. Сен мені арзан бөзге қызықпауға, жалпы, бос шашылған ысырапқа қарсы болуға тәрбиеледің, ішпыстылыққа салын­бауға үйреттің, қатты айтқанда, «қолы бостардың ғана іші пысады» дедің. Сен мені сүттей ұйыған тыныштықтағы жұмыс кештерін сүюге баулыдың. Иә, сенде мен мәңгілік бойыма дарытар тағы қандай ізгі қасиеттер бар? Сен мені домбыраны сүюге үйреттің, көне патефонның түбіне отырғызып қойып, алақұйын Құрманғазының күйін тыңдайтынсың, екеуміз қосылып жапа шеккен қазақтар әні «Елім-ай»-ды  шырқайтынбыз. Кіп-кішкентай мені даңқты ақсақал Жамбылға алып барған да өзіңсің. Сонда ұлы жыршы маған ақ батасын берді.
Бақытжан Момышұлы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста