Жол полицейінің өзін видеоға түсірген жүргізушімен соты

Маңғыстау облысында өзін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған жүргізушіні сотқа берген жол сақшысы жомарт адам болып шықты. Бүгін басталған сотта ол көлік иесінен талап еткен моральдық шығынды қайырымдылық қорына аударуды сұрады.

-Моральдық шығын бойынша өндіріліп жатқан жағдайда оны өзіме емес, жетімдер қорына беруіңізді сұраймын.

Жол-патрульдік полициясының қызметкері Мәулен Әбдуәлиев өзін бейнежазбаға түсірген азаматтан 500 мың теңге, ал оны жарыққа шығарған «ОСА» қоғамдық бірлестігінен 1 миллион теңге талап еткен еді. Сондай-ақ жүргізушіге ғаламтор желісінен бүкіл жазбаларды кетіріп, ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауын міндеттеуді өтінген. Оның бұлай талап қоюына былтыр қыркүйекте болған оқиға себеп. Полиция сержанты жұмыс кезінде жарығы сөніп келе жатқан көлікті тоқтатады. Ал оның жүргізушісі жарықтың жанып тұрғанын дәлелдемек болып, жол сақшысын бейнежазбаға түсірген. Артынша ол жазба «соқыр және топас жол полициясы» деген тақырыппен әлеуметтік желілерге тарап кетеді. Мәуленнің өзі «соқыр емеспін, медициналық бақылау көзімнің қырағы екенін көрсеткен» дейді. Негізсіз айыптаудан соң ол тіпті күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылыпты.

Мәулен Абдуалиев, жол-патрульдік полициясының қызметкері:

-Содан бері негізсізден негізсіз ұялы телефонмен танымайтын адамдар соғатын болды. Танитын адамдар да соғатын болды. Маған ол керек емес. Ұйқымды шынымен бұзатын жағдайға жетті.
ktk.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста