Жастар және дін: рухани қажеттілік пе, әлде сән бе?

Жастар және дін: рухани қажеттілік пе, әлде сән бе?

Қазақстан Саяси шешімдер институтының сарапшылар тобы жастар тақырыбының жаңа маусымын жалғастыра отырып, «Жастар және дін: таңдау дилеммасы» деген бүгінгі күннің өзекті тақырыбы аясында пікір-сайыс ұйымдастырды. Басқосуға жиналған сарапшылар жастардың жаппай дінге бет бұруында қандай сыр бар? Діндарлықтың дендеуіне не себеп? – деген сауалдар төңірегінде өз ойын ортаға ашық тастады.


Ерлан Смайылов, модератор:
Бәріңізге аян, дін тақырыбы өте маңызды әрі өте өзекті. Оның үстіне, аса нәзік. Негізгі баяндамашының әңгімесінен кейін тақырып қызу талқыға түседі деген ойым бар. Себебі соңғы кезде діни идеялар екпіндеп дамып келеді. Бұл үрдіс қоғамдық сана-сезімнің елеулі өзгеруіне және дінге деген қызығушылықтың жаппай өсуіне әкелді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің еліміз трендтерге сәйкес дамып келеді: барлық конфессиялар бойынша діндарлардың саны өсіп жатыр. Мысалы, түрлі зерттеулерге сүйенер болсақ, еліміздің 90 пайыз тұрғыны өзін қандай да бір дінмен байланыстырады екен. Діни бірлестіктер саны 1991 жылы 671 болса, 2014 жылы 3481-ге (Мәдениет комитетінің дерегі бойынша) жеткен. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, жастар арасындағы діндарлық көрсеткіші 75,3 пайызға тең: 18-29 жас арасындағы төрт азаматтың үшеуі өздерін әр деңгей-дәрежеде діншіл санайды. Бүгінгі тақырыпқа тереңірек үңілу үшін сөз кезегін Мұратқа беремін.

Мұрат Смағұлов, Саясаттану және дінтану институтының докторанты:

Жастардың белгілі бір бөлігі өзінің қалыптасу тұлғасын, бейнесін діннен іздейді. Тұрмыс-тіршілігін осы жолмен байланыстырса да, дін мінез-құлық, жүріс-тұрыс және ойлау формасы мәртебесінен айырылып отыр. Дін түйткілдерін зерттеу орталығының мәліметіне қарағанда, өткен жылы осы орталыққа сан түрлі деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен 215 адам көмек сұрап хабарласыпты. Жалпы түрлі сектадан 500-ден аса адам зардап шегіп, зәбір көрген екен. Солардың 80 пайызы тағы жастар. Біздің елімізде дүнияуи құндылықты жалған діни құндылыққа ауыстыратын, этномәдени байланысты жоятын, негізгі әлеуметтік институттарды күйрететін құбылыстарды жастарға, қоғамға және мемлекетке қауіп ретінде қарастырған абзал. Бір айта кетерлігі, жастар дінді саналы түрде таңдауға қарағанда, сәуегей мен жұлдызнама болжамына сенеді, ал кейбірі тіпті кез келген діндегі сәнді ағымға еліктейді. Жалпы алғанда, дін қоғам дамуының жағымды факторы екенін айтқым келеді.


Илдар Дауранов, Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Соңғы зерттеу жастардың шынында да, дінге мұқтаж екенін көрсетеді. Орталық Азияда жүргізілген бір сауалнамада «Жастардың түрлі секталарға және басқа да радикалды құрылымдардың жетегінде кетіп қалмауы үшін жүргізілетін жұмысқа көңіліңіз тола ма?» – деген сауал болған. Сұралғандардың 53 пайызы бұл мақсатта жүргізіліп отырған іс-шара жеткіліксіз деп шешкен. 25 пайызы жауап беруге қиналған. Тек 25 пайызы ғана көңілі толатынын айтқан. Осы жерде мен өзіміздің ішкі мәселемізге тоқтағым келеді. Таяуда БАҚ-та діни қызметкерлердің жалақысы тым төмендігі жөнінде ақпарат шықты. Астанада аттестациядан өтпеген дін қызметкерлері бар екен. Мұндай мәселелерді шешу керек.


Гүлнар Қуатбаева, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің профессоры:
Мен тақырыптың экономикалық мән-мазмұнына тоқталғым келеді. Жастар Қазақстанның өндіруші, жұмыс күші. Осыған орай экономикалық есептеме керек. Дін – еліміздің дамуына жағымды ықпал ететін бұл қызмет көрсету нарығы, тауар нарығы. Оны мүмкіндігінше болжап, экономикалық жағынан қарастыру керек. Егер жастар ештеңе өндірмей, өзін тек дін жолына арнаса, экономикалық қарым-қатынас субъектісінен айырылады. Бұл – үлкен қауіп. Себебі мемлекет жұмыс күшін жоғалтады. Бұған қоса, мынаны да айтқым келеді. Бір зерттеу мәліметтеріне қарағанда, діни сайттардың танымалдығы басым. Бұлар көп оқылады. Осыған да көңіл аудару керек.

Олег Борецкий, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы:
Дінді нарық ретінде бағалау және оны Қазақстан экономикасына пайдалану, меніңше, «суперидея». Мен мұндай пікірді қалай қабылдарымды білмей отырмын. Құрметті спикер, бүгінгі пікір-сайысымыз дін жөнінде кім не біледі, сол туралы айтып, «құрақ көрпеге» айналып кетпесінші. Өз басым бүгінгі басқосудан жастардың діни сана-сезімінің себеп-салдарын білгім келеді және осы жерде бір нәрсені анықтап алуымыз керек. Сіз діни сенімдегілер 75 пайызды құрайды дейсіз. Бұлардың ішінде діндарлар кімдер, наным-сенімі барлар кімдер?! Екеуінің кішкене айырмашылығы бар ғой. Екінші мәселе: сіз диаграммада агностиктерді атеистерге қостыңыз. Дегенмен бұлар әртүрлі адамдар. Олардың наным-сенімге деген көзқарасы әрқилы. Осы жерде маған түсініксізі: «діншілдердің гайкасын бұрау» дегендегі ойыңыз не?

Мұрат Смағұлов, Саясаттану және дінтану институтының докторанты:
Осы жерде Илдар Даурановтың пікіріне шағын түзету айтқым келеді. Менің баяндамамда келтірілген көрсеткіштер Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамадан алынып отыр. 75 және 24 пайыз деген көрсеткіш еліміздегі дінге сенетіндер мен сенбейтіндердің тиісті көрсеткіші. Осы жерде сенетіндер мен сенбейтіндердің тиісті, сәйкес ара-қатынасын шығару қиын. Себебі қандай да бір діни салт-жоралғыны жасайтын адам өзін сенуші ретінде бағалай ма, жоқ па? – осындай мәселе туындайды. Ал агностик түріндегі атеистерге келсек, мен КСРО кезеңіндегі идеология жөнінде тілге тиек еттім. Сондықтан мен оларды жоққа шығаратын немесе бейтарап жағдайды ұстанатын үлкен бір шоғыр ретінде атеистерге жатқыздым. «Гайканы бұрау» деген мәселеде жұртшылықтың діни атрибутиканы қалай қабылдайтынын білгім келді.


Қанат Нұров, «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті:
Меніңше, жастар дінге рухани қажеттілікті іздеу аясында кетеді. Дәстүрлі емес ағымдарға олар ішкі әлеуметтік наразылықтан барады. Ал кейде жастардың дінге кетуіне психикалық тұрақсыздығы әсер етеді. Менің көзқарасым бойынша, діндарлық қоғамды біріктірмейді, қайта бөлшектейді. «Гайканы бұрауға» келер болсақ, бұл діни және жалған діни құндылықтардың тартымдылығын арттырады. Менің айтқым келгені осы.

jasqazaq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста