Жақсы тәртіпті әдетке айналдыруға кім кедергі?

Жақсы тәртіпті әдетке айналдыруға кім кедергі?

Жұртшылық арасында қоғамдық көлік қызметінің сапасына көңілі толмайтын адамдар өте көп. Саладағы сыбайластық пен жемқорлықты жеңуде құзырлы органдардың пәрмені әлсіз болып тұрғаны әр жерде айтылып та, жазылып та жүр. Жолаушыларға таласып, бір-бірімен жарысқа түсетін автобус жүргізушілерінің жүгенсіздігі; боқтампаз кондуктарлардың бейәдеп қылығы оған «отқа май құйғандай» болуда. Полиция қызметкерлерінің рейдтері кезінде есірткі шегіп немесе спирттік ішімдік ішіп рөлге отыратын жүргізушілер әлі де кездесуде. Оған жол беріп отырған автопарк басшылары айыппұлмен құтылуға әбден төселіп алған. Жұртшылық талқылауына түсіп, қоғамдық пікір тудырған жәйттардан соң кейбірінің жолаушылар тасымалдауға берілген лицензиясынан айырылуы да бұған тоқтау сала алмауда. Ал саланы дамытуға серпін береді деген мақсатта құрылған мемлекеттік автобус парктері мен кондукторларды алмастырған валидаторлар да жемқорлық пен сыбайластықты жеңе алмады.
Жолаушылар тасымалдау басқармасының талап етуімен жол ақысын жүргізушілерге беруге болмайтыны қоғамдық көліктердегі дауыс жазбалары арқылы ескертілуі тиіс еді. Бастапқыда ол орындалғанымен, жүре келе қайта ұмыт бола бастады. Жолаушылардың арасында жол ақысын жүргізушіге төлейтіндер де жойылған жоқ. Бірі оған ұсақ ақшасы болмағандықтан, екіншісі жүргізушінің өтініші бойынша мәжбүрлі түрде баруда. Осы арада жазушы Ғабиден Мұстафиннің: «Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық», – деген сөзі еріксіз ойға жетелейді.
Заңсыздықты тиюда алдағы жылдан бастап толықтай қолданысқа енгелі отырған «Оңай» деп аталатын жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі қаншалықты пәрменді болары белгісіз. Оның төлем карталарын алу үшін кезекке тұрып, әупірімдеп жүріп қол жеткізгендердің өзі барлық жерде бірдей қолдана алмай жүр. Кейбір «пысық» жүргізушілердің оны жапсырма қағазбен орап тастағаны бұқаралық ақпарат құралдарында да сыналып үлгерді. «Оңайдың» картасын билет тексерушілерге көрсету үшін ғана сатып алып жатқандар да аз емес. Олар қадағалаушылардың жоқтығын пайдаланып, қажетті жеріне жеткен соң жол ақысын төлемей түсіп қалуды әдетке айналдыра бастады. Бұл адамның бойында тәртіпті қадағалау сезімін дамыту шараларынсыз жасалған барлық өзгеріс толықтай нәтижелі бола бермейтінін аңғартады.


Ерлік Ержанұлы


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста