Ұйғыр сепаратизмі және ұлттық қауіпсіздік

Ұйғыр сепаратизмі және ұлттық қауіпсіздік

6 қыркүйек күні Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі Қытай елшілігі алдында тамыз айының соңында болған жарылысты ұйымдастырушылар ұйғыр террорлық топтары екендігін мәлімдеді. Ұйғыр террористік тобы мүшелерінің аттары да аталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігі алдында өзін жарып жіберген жанкешті тәжік паспортына ие ұйғыр азаматы. Бұл ұйғыр сепаратистерінің Қытайдан шет жердегі қытай мекемесіне алғашқы шабуылы. Көптеген ұйғыр сепаратистер Сириядағы қақтығыстарға қатысуда. Егер олар посткеңестіктегі Орта Азия республикалары жерінде Қытаймен соғысуға бел шешіп кіріссе, бұл аймақта тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін. Ұйғыр терроризмі мен сепаратизмінің қаупі туралы GAZETA.RU шолушысы Александр Рыбин өз сараптамасында ұйғырлар мәселесінің қиындығы сонда, бұл Орта Азиядағы өз мемлекеті жоқ ірі ел екендігін айтады. Ұйғырлардың басым бөлігі (10 млн) Қытайда тұрады. Қазақстанды 200 мың ұйғыр ұлтының өкілі мекендейді. Қырғыз жерінде 50 мың. Бішкектегі террорлық оқиғадан кейін Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин ұйғырлардың Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы тікелей Қытайға ғана емес, Сирияға және Орта Азия мемлекеттеріне үлкен қауіп төндіріп отырғандығын атап көрсетті. Бұл қозғалыс осыған дейін 200 террорлық оқиғаны өз мойнына алыпты. Ұйғыр террористері жасаған шабуылдан жүздеген адам көз жұмған. 1993 жылы құрылған Шығыс Түркістан Ислам қозғалысының «Талибан» және «Аль-Каидамен» байланысы болуы мүмкін. 2008 жылы Синьхуа агенттігі ұйғыр террористерінің тізімін жариялады. Ұйым мүшелері Қытайдың әртүрлі аймақтарында көптеген террорлық шабуылдар жасаумен келеді. Бұл қозғалысты БҰҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, Қырғыз Республикасы, Ауғанстан мен Қазақстан мемлекеттердің тұтастығына қауіп төндіретін террорлық ұйым ретінде таниды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста