Тұтынушының өз құқығын білуі маңызды

Елімізде тұтыншы құқығы күнде бұзылады десек те болады. Өйткені біздің барлығымыз тұтынушымыз.Кез келген жерде, кез келген сәтте құқығымыз бұзылуы әбден мүмкін.
Дүкенде сапасыз азық-түлік сатылады, тұрмыстық техника екінші күні сынып қалады. Сатып алушыға дөрекі сөз айтылуы, төмен сападағы қызмет көрсетілуі мүмкін. Сатып алынған кез келген зат, мейлі йогурт немесе күрделі цифрлық тех­ника болсын, күтпеген нәрсеге тап болу тәуекелімен байланысты болады. Бұған жол бермес үшін мемлекет тұтыну­­шылардың құқықтарын қорғай­ды, сондай-ақ, сатушыларды, кәсіп­кер­лерді сатып алушыға тек сапалы өнім­дерді ғана ұсынуға мәжбүрлейді. Тұтыну­шының құқықтары әртүр­лі заң­намалық актілерде – ел Консти­ту­циясында, Азамат­тық кодексте, «Тұтыну­шылардың құқықтарын қор­ғау туралы», «Тамақ өнімдері­нің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» заң­дар­да және басқа да нормативтік акті­лерде бекітілген. Сонымен қатар, осы заңнамалық актілер қабылдан­ғаны­мен, Қазақстанның нарықтарында сатып алушыларды алдаумен байла­ныс­ты жағдайлар азаймайды. Тұтыну­шыны қандай да бір алдау тәсілдерін немесе тауарлардың жасанды түр­лерін өз мерзімінде анықтау бойын­ша білімнің қажетті көлемімен «қару­лан­дыру» қажеттілігі туындайды. Тұтынушылардың кенеттен қайтыс болуына немесе ауыр сырқаттарға ұшы­рауына себеп болатын тамақ өнім­дері­нің жасанды түрлеріне ерекше ықыласпен назар аудару керек. Тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде сатушы тауардың сатып алынғанын (жұмыстың орындалға­нын, қызметтің көрсетілгенін) рас­тайтын құжатты, яғни тауарлық чек­ті, қазы­налық чекті, кассалық кіріс ордерін және басқа да құжаттарды тұтынушыға беру­ге міндетті болады. Себебі, Қа­зақ­стан аумағында ақшалай есеп айырысулар, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңна­масында, тұтынушылардың құқық­тарын қорғау үдерісінің міндетті саты­сы ретінде дауларды қараудың сотқа дейінгі тәртібі көзделген. Бұл деге­німіз – тұтынушының құқығын бұзған сатушыға (орындаушыға) жазбаша арызбен (кінәрат-талаппен) жүгінуі, сатушының (орындаушының) заңсыз әрекеттеріне шағыммен уәкілеттік мем­лекеттік органдарға, сондай-ақ, тұтыну­шылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінуі. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республи­касы Заңының 42-бабына сәйкес, тұты­ну­шылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтыну­шы­ның өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу­шылықтарды жою және осы бұзу­шылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көр­сетілетін қызметті) сатушыға (дайын­даушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы (назар аудары­ңыз: өз бастамасы бойынша емес, тұтынушының өтініші немесе шағы­мы бойынша ғана). Егер сатушы (дайын­даушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бер­месе немесе заң бұзушылықтарды жою­­дан және келтірілген залалды (зиян­ды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұты­ну­шылардың қоғамдық бірлестік­тері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды. Осыған орай маман ретінде тұтыну­шыларға бірнеше кеңес бергенді жөн деп санадым. Әрдайым сыпайы, мәдениетті болы­ңыз, бірақ өз құқықтарыңыздың орын­далуын қаласаңыз, табанды болыңыз. Тауарды асықпай таңдап, үйреніңіз. Оны мұқият қарап шығыңыз, таң­балама­дағы, заттаңбадағы, нұсқау­лық­тар­­дағы ақпаратты асықпай оқып шығы­­ңыз. Сапасына күмәніңіз болса, ілеспелі құжаттарды талап етіңіз. Тауардың сал­мағы мен оның құнын әдепті және сы­пайы түрде бақылап тұрыңыз. Егер дүкенде электронды сағат орнатылған болса, оны «нөлге» теңестіруді сұраңыз, бұл үшін арнайы «ыдыс» түймешігін басу керек. Таразы­да өнімнің мөлшері үшін баға, өнімнің салмағы өлшенгеннен кейін терілуін бақылаңыз. Егер сіздің ақшаңыз касса­да кем есептелген болса, дүкеннің әкім­шілігінен біреуді шақырып, одан кассаны алып тастауды талап ету керек. Қысқасы, сауатты сатып алушы болы­ңыз! Елімізде тұтынушылардың құқық­тары әдеттегі күнделікті іс болуы үшін, осы құқықтарды зерттеу, олар­ды пайдалана білу, өз-өзін қорғай білу және қажет болса достарыңызға және жақындарыңызға көмек көрсету керек. Тұтынушы өз құқықтарын неғұр­лым жақсы білетін болса, олардың мүд­делерін заңды түрде қорғап қалу мүм­кін­дігі соғұрлым көп болады. Сондықтан әрқашан өз құқығыңызды қорғай біліңіз! 

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста