Төреліктің тарихы тереңде

Төреліктің тарихы тереңде

ҚР «Төрелік туралы» заңы бұрынғы «Аралық соттар туралы» және «Халық­аралық төрелік туралы» қос заңның ережелерін біріктірді. Заң азаматтық­құқықтық дауларды соттан тыс реттеу бойынша ішкі және халықаралық төрелік қызметін құқықтық жағынан бірыңғай тәсілмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Төрелік түсінігі енді Қазақстанда бұрын қол­даныста болған аралық соттарды, халықаралық төрелікті қамтиды. Төреліктің ведомстволық қарауына дауға шетелдік азаматтың қатысуына қарамастан, жеке немесе заңды тұлға­лар арасындағы жеке құқықтық дау­лар енгізілген. Бұрынғы заңнама бо­йынша ішкі дауларды, яғни, Қазақстан Республикасы резиденттері арасын­дағы дауларды аралық сот, ал, шетелдік субъектінің қатысуымен болған дауларды халықаралық төрелік қарайтын.

Жаңа заңда төрелік процессте қарастыруға болмайтын даулар сана­ты анықталған. Оларға мынадай дау­лар жатады: кәмелеттік жасқа тол­мағандардың мүдделеріне қатысты; мүліктік дауға қатысы жоқ, жеке мүліктік емес қатынастардан туындаған даулар; табиғи монополия субъектілерімен олардың тұтынушылары арасын­да туындаған даулар; оңалту және банкроттық туралы даулар; әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет етуі шектелген деп танылған тұлғаларға қатысты даулар; мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері арасын­дағы даулар. Сонымен қатар, бұл заңның «Аралық соттар туралы» бұрынғы заңнан өзгешелігі бір жағынан, Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасындағы, екінші жағынан, мемлекеттік органдар, мем­лекеттік кәсіпорындар, мемлекет­тік сыңайлы сектор субъектілері арасындағы дауларды қарастыру мүмкіндігі бар. Алайда, бұл үшін тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық мүлікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы орган­ның (коммуналдық мүлікке қатысты) келісімі талап етіледі. Заңда резиденттер арасындағы, шетелдік субъект қатысқан даулардың да төрелік шешіміне шағымданудың бірыңғай тәсілі енгізілген. Төрелік қабылдаған шешімді мемлекеттік соттар бұрынғыдай аралық сот шеші­міне шағымдану барысындағыдай заңдылық қағидасының бұзылғандығын негізге ала отырып тексере алмайды.
Төрелік шешімнің күшін жоюға немесе оны мәжбүрлі түрде орындаудан бас тартуға тараптар төрелік істі қарау барысында заңдарда Қазақстан қосыл­ған халықаралық Конвенцияларда келтірілген рәсімдік ережелердің бұзылғандығы туралы дәлел келтірсе ғана рұқсат етіледі. Жаңа заңның жаңашылдығы, онда қайта ашылған жағдайлар бойын­ша төрелік шешімді қайта қарауды болдырмау негіздері бекітілген. Бұрын­дары төрелік туралы бірыңғай заң қабылданбастан бұрын, қайта қарау мүмкіндігі Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы ғана дауларды
қарайтын аралық соттарға ғана қатысты болған. Заң төрешілерге ғана емес, процеске қатысушыларға да қатысты төрелік құпиялылығы қағидасы әре­кетін кеңейтеді, бірінші кезекте тараптардың келісімі мен Төрелік институттарын реттеу ережесін есепке ала отырып, төрелік іс қараудың дис­позициялылығын реттейді. Заңда төрелік іс қарау барысында тараптарға дауларды медиациялық тәртіпте реттеу мүмкіндігі ұсынылған. Жалпы Төрелік – дәстүрлі заң, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан, билік жолымен бекітілген құқықтық тәртіп. Іс әділ шешілсе, оған әркім тоқтайды,
ризалық білдіреді. Өмір болған соң ауыл арасында, ел ішінде, үй ішінде дау­жанжал, түсініспеушілік болмай тұрмайды. Мұндай жағдайда аузы дуалы, қазақ заңын, істің жөн­жобасын білетін әділетті билер шиеленіскен істі шешіп, төрелігін айтып, дауды бітіреді. Төре, яғни билік айтушы, болған істі екі жақтың да даугерлерін қатыстыра отырып қарайды. Екі жақты да мұқият тыңдап, куәларды да қатыстырады, сөйтіп, ақ­қараны шешіп, төрелігін беріп, билігін айтады. Қазақ заңында дау­жанжалды ел ішінен шыққан билер мен қазылар шешеді. Қазақ қауымында бидің орны мүлде бөлек. Би – өзі сот, өзі прокурор, өзі тергеуші әрі ақтаушы. Төле бидің: «Елге бай құт емес, би құт», – деуі, халықтың: «Әділ бидің елін дау араламайды», – дегені осыдан шыққан.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста