Тапталып өлгендер тарихы және статистика

Меккедегі қанды оқиға алғаш рет болып тұрған жоқ. 2006 жылы, 2004 жылы, 1994 жылы да қажылық жолында бірнеше жүздеген адам қырылған. Білгіш Википедия мәліметтеріне сүйенсек, сонау 19 ғасырдың орта шенінен бергі адамзат тарихында тапталып өлгендер статистикасы жүздеп тіпті мыңдап саналады екен.

• 1872: Великополь аралындағы синагогада 19 әйел қолдарындағы балаларымен тапталып қалды.
• 1883: Сандерленд, Англия сыйлық тарату мейрамында 180-нен астам бала мерт болған.
• 1896: Николай Екінші патшаны ұлықтау рәсімінде 1389 адам (ресми деректер бойынша) тапталған—Ходын жазығындағы қырғын.
• 1908: Залдағы белгісіз біреудің «өрт шықты!» деген айғайынан Англиядағы Барнсли елді мекенінде 16 бала опат болды.
• 1913: Дәл осындай «өрт шықты!» айғайынан Рождество мерекесін тойлап жатқан 73 адам қайтыс болды. Калумет, Мичиган штаты.
• 1943: 173 адам Лондонда бомбадан бас сауғалаймыз деп бункерде тапталып қалған.
• 1953: 1953 жылдың 6 наурызы, Мәскеудің Трубной алаңында Сталинмен қоштасу рәсімі. Өлгендер саны 2000-3000 мың адамға дейін. (Нақты деректер әлі күнге дейін құпия)
• 1956: 124 адам. Яхико, Жапония, Жаңа жыл мейрамындағы дүрбелең.
• 1975: 21 адам Сокольниктегі матчында қайтыс болды.
• 1979: 11 адам АҚШ-тағы Цицинаттиде болған концертте тапталып өлді.
• 1982: 66 адам Мәскеудің «Лужники» стадионында қалың нөпірдің табанында қалған.
• 1982: 18 адам Хабаровск қаласындағы хоккей матчынан кейін мерт болды..
• 1985: 39 адам Эйзель стадионында қайтыс болды
• 1989: 96 адам Англияның Шэффилде стадионында тапталды.
• 1991: ОАР, футбол, 40 адам.
• 1993: 21 адам Гонконгте жаңа жыл мейрамында мерт болып, 48 адам ауыр жараланған.
• 1994: 270 адам Меккеде тапталып өлді.
• 1998: 70 адам. Непалдағы футбол стадионы.
• 1998: 119 адам. Мекке.
• 1999: 53 адам, Минскідегі метро станциясы. Көп адамдар әйелдердің «біз өкше» туфлилерінен зардап шеккен.
• 2001: 43 адам Эллис Парк стадионында ажал құшты.
• 2001: 126 адам Ганадағы Аккре стадионында полиция қызметкерлерінің кесірінен қаза болды.
• 2003: 21 адам Чикагодағы түнгі клубта, би алаңында біреудің газ баллонын шашып жіберуінен тапталған.
• 2004: 251 адам Меккеде қайтыс болды.
• 2004: 265 адам Үндістанның Махараштра ғибадатханасында тапталып қалды
• 2005: 1000 адам Бағдаттағы көпірден өте алмай алмай қалған
• 2006: 345 адам, Мекке.
• 2006: 74 адам, ФилСпортс аренасы, Филлипин аралдары.
• 2006: 51 адам, Иемен
• 2009: 4 адам. Ресейдің Первоуральск қаласы. Жастар тегін дискотекаға кіреміз деп тар дәлізде кептеліп қалған.
• 2010: Love Parade шоуы, Германия. 21 адам о дүниелік болды.
• 2010: Пномпен (Камбоджа). 456 адам су фестивалі мейрамында тапталды.
• 2014: Шанхай, жаңа жыл, 36 адам.
• 2015: Мекке. 700-ден артық адам. (ресми ақпарат бойынша)

ozgeshe.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста