Шетелдіктер қашанғы құтыра береді?

Шетелдіктер қашанғы құтыра береді?

Өткен аптада Астанадағы колледжердің бірінде кішкентай қызды қан-жоса етіп ұрған елшінің ұлы білім мекемесінде де, ғаламторда да біраз шу туғызды. Әлбетте, мектептегінің бәрін «балалық қой» деп жаба салуға болатын еді. Алайда сол шетелдіктердің өздеріне қарап, «Олардың дипломатиялық «иммунитеті» балаларына да ауысқан ба?» деген ойдың келетіні рас. Тіпті шетелдіктерге қазір «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ сияқты. Бұл қай басынғандары?
Колледждегі (үздіксіз білім беретін халықаралық колледж) жағдайға тоқтала кетсек, бірнеше айдан бері Қазақстанда қызмет ететін шетелдік дипломаттың бір бұзық баласы екінші сынып оқушыларына маза бермей жүрген көрінеді. Бірде біреуді түртіп өтсе, енді бірде аузына келгенін айтып балағаттап тастайды. Төбелес шығарған кездері де жоқ емес. Ал соңғы рет кішкентай қызды соққының астына алып, қан-жоса етіп ұрыпты. Ол «батырдың» аты – Георг Камилл. Өзі Швецияның Қазақстандағы елшісі Кристиан Камиллдың ұлы екен. Оның «еркелігіне» шыдай алмаған ата-аналар прокуратураға дейін хат жазып, мектептен шығарып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, елші өз ұлының кінәсін мойындамақ түгілі кешірім де сұраған жоқ. Ал таяқ жеген қыздың әкесі бұзақыға ұрсып, мән үйретемін деп, пәлеге қалып қоя жаздады. Дипломаттың жұбайы: «Менің балама қоқан-лоқы көрсеттіңдер!», - деп, ішкі істер органдарына арыз түсіріпті. Ол жерде дене жарақаттарын көрсетуді сұрағанда, бір түннің ішінде жазылып кетті деп ақталады. Бірақ ата-атаналардың сыртқы істер министрлігі мен бас прокуратураға шағым жазып жатқанын естігеннен кейін бірден өз арызын алып кеткен. Айтпақшы, халықаралық колледждің мұғалімдері де ол балаға тосқауыл бола алмаған. Мектеп «атаманын» жолатқан жоқ. Бәрі бірдей елшінің баласын қорғаштап бақты. Осының сезген Георг нағыз ханзада ұқсап, ойына келгенін істеп жүрген екен.
Әрине, «аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» демекші қай мектепте құтырып жүретін байдың баласы жоқ дейсіз. Ондайлар жетіп артылады. Дегенмен, ата-аналардың алаңдайтын жөні бар. Астанадағы мектептердің бірінде оқушы өз парталасын қаламмен өлтіргеннен кейін баласын сабаққа жіберуге қорқатын болды. Елшінің баласы болса, бір қызды кеуде тұсынан қатты ұрған көрінеді. Содан кардиологтарға барып, текерістен өтуге тура келді. Жарайды делік, елдестіремін деп жүрген елшінің баласына көз жұма ғараған болайық. Ал тура сондай жағдай, керісінше, Швецияда болса, онда қазақстандық дипломатты бірден кері қайтарып тастайтын ба еді? Жоқ, елде балаларын алып қойып, қыруар айыппұл төлеткізетін бе еді?
Иә, «әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» демекші, Швеция сияқты Еуропа мемлекеттінде бала құқығын қатты сақтайды. Ата-аналары оларға ұрысып, сәл қол тизізсе, бірден соттайды. Елші Камилл соған әбден үйреніп, баласына тосқауыл қоя алмай жүрген болар. Дегенмен, өзге елге барғанда, ол жердің мәдениеті мен салт-дәстүрін білген абзал. Ал елшінің өзі тыныштық пен тұрақтылықтың нышаны болуы керек. Өкінішке қарай, бұл жағдайда ол, керісінше, айғай-шудың себепкері болып тұр. Шамасы, әкесінің дипломатиялық «иммунитеті» баласына да жұққан.
Ашығын айту керек, бүгінде Қазақстанға келетін кейбір шетелдіктер жергілікті азаматтардан өзін жоғары санайды, қазаққа менсінбей қарайды. Рас-өтірігін білмейміз, бірақ колледждегі шу кезінде елші мен оның жұбайы бізді «мәдениетсіз әрі жабайы халық» деп атапты, оларға қарсы шыққан сынып оқушыларының ата-аталарын жарымжан деп, жерден алып, жерге салған көрінеді. Елші ғой, олай айтуы тіпті де мүмкін емес шығар. Ал егер дәл солай болса, бұзақы баланың әрекеті де түсінікті.
Айтпақшы, күні кеше елші өз кінәсін мойындаған сияқты. Олар зардап шеккен қыздың ата-анасымен ымыраға келіп, сол колледжде оқып жатқан үш бірдей баласын басқа мекемеге ауыстыруға уәде берген екен.
Негізі, Қазақстанда жүрген шетелдіктердің өздері де «бұзақылыққа» жиі жол беріп жатады. Бас прокурордың орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, қызметтік көлікпен жүретін олар заңға пысқырмай, ережені бұзып жүре береді. Ертесінде шекара асып, өз елдеріне қайта салады. «Ондай шетелдік азаматтардың айыппұл соммасы 1,5 миллиард теңгеген асты. Олардың көбісі шетелде жүр. Қазақстанға да келіп кетеді. Бірақ оларды ешкім ұстап жатқан да жоқ», - дейді Асанов. Міне, мәртебелі елшіміз деп жүргендердің өздері осылай істесе, ондай ата-аналардың балалары Қазақстанға қалайша құрметпен қарайды? Айтпағымыз, кешегіден де сорақы жағдай орын алмай тұрғанда дипломаттарға қоылатын талаптарды да бір қарап шыққан абзал шығар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста