Руслан Күлекбаевтың жалғыз өзі бірнеше полицейді жайратып салуының себебі...

Руслан Күлекбаевтың жалғыз өзі бірнеше полицейді жайратып салуының себебі...

Талай отбасына қасірет әкеліп, елді-жұрттың зәре-құтын ұшырып, терроризмнің қызыл деңгейін енгізуге мәжбүр еткен қылмыскер Руслан Күлекбаевтың қолынан қазақ тапқандардың саны 9 адамға жетті. Оның жетеуі полиция қызметкері. Кеше Алматыда сол теракт кезінде ауыр жараланған полиция сержанты Жалғас Келдібаев көз жұмды. "Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті" делінген қайғылы қаза туралы хабарламада.
Өте өкінішті. Өзек өртер қайғы. Қаншама жанның қабырғасын қайыстырған қаза. Қапыда кеткен арыстар.
Кім кінәлі осыған? Әлгі қанішер Руслан Күлекбаев па? Әлде оны қаніпезер қылған қоғам ба? Әлде, атқан оқтары мүлт кеткен марқұм полицияның өздері ме кінәлі? Олардың қолына қару Руслан секілді қылмыскерлерден қауіп төнсе дер кезінде құтырған иттей қылып атып тастау үшін берілген жоқ па? Әлде, қылмыскер Күлекбаев екі рет түрме көргенде оны иттей қылып қорлаған түрме бақылаушылары ма кінәлі? Әлде, әлде... жә, аптықпайық.
Редакциямызға атын айтпауды өтінген бір оқырманымыз хабарласты. Теракт болған күнгі оқиғаларға қатысты өзінің мазасыз ойларын білдірді. Айтып отырған мәселелері кәдімгідей ойландырады. Сонымен ол бүй дейді:
"Менің інім полиция қызметкері. Қылмыскер шабуыл жасаған Алмалы аудандық ішкі істер бөлімшесінде жұмыс істейді. Дәл сол күні ол бір тапсырмалармен қалада жүрген. Теракт туралы алғашқы хабар WatsApp-пен тарай бастады. Зәреміз ұшып ініміздің амандығын тіледік. Өзі қаны қызбалау, ұрыншақтау еді. Әйтеуір, Құдай сақтады.
Қаза болған жігіттердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Әрине, мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейсің ғой. Ендеше, мұндай қайғылы жайттар болашақта қайталанбас үшін бес қаруды серік еткен сақшыларымыз қалайша оп-оңай оққа ұшып, жалғыз қылмыскерді тоқтату үшін қаншама боздақ жан қиды деген мәселеге ойланып көрсек. Мен ішкі істер органдарындағы ахуалды жақсы білемін. Құдай өзі кешірсін, дегенмен, әлгі марқұм болған жігіттердің көпшілігі жол-патрулдік полиция жасағына 5 мың доллар пара беріп кірген. Көптеген полиция қызметкерлері мылтық ата білмейді. Полигонға жылына бір-екі рет барса, соған да шүкір. Бөлімшеде отырып тергеуші болып жұмыс істейтін жігіттердің ішінде қолына мылтық ұстап көрмегендер бар.
Әлгі қылмыскер Руслан есік алдындағы өткізу-тексеру пунктіндегі полицияны атып, оның қаруын алып ғимаратқа кіруге жүгіріп келген. Тек кіре берісте сыртқа шығып бара жатқан адаммен бетпе бет келіп қалады. Анау оны өткізіп жіберемін дегенше магниті бар темір есік жабылып үлгеріп, кезекші болып отырған полиция қызметкері есікті құлыптайтын кнопканы баса салып, төрт аяқтап қашқан. Абырой болғанда магниті бар бұл есіктің орнатылғанына да бір-екі-ақ жыл болған. Сол есікті аша алмайтынын түсінген қылмыскер ғимараттың ішіне бей-берекет оқ жаудырып сыртқа шығып кеткен. Інімнің айтуынша, ғимаратта болған терегушілері бар, басқалары бар, толып жүрген қызметкерлердің біреуі дәлізге шыға алмаған. Бәрі кабинеттерінде тығылып отырған. Себебі, көпшілігінде қару болмаған. Ана магнитті есік болмағанда қылмыскер бүкіл бөлімшені жайратып тастар еді. Осы орайда, қылмыскерді бірден тоқтатудың алғашқы мүмкіндігін кезекші болып отырған қызметкер жіберіп алғанын ескеріп қойыңыз. Оның әлде қаруы болмаған, әлде ол жедел шешім қабылдап үлгермеген. Қылмыскерді залалсыздандырудың келесі мүмкіндігі оны артынан қуып барған екі полицияда болды. Алайды, өкінішке орай, әрқайсысы тапаншаларындағы 6 оқты түгесе атып, 12 оқтың бірін де дарыта алмаған. Ал қылмыскер екеуін де жайратып кеткен. Онан соң Төле би-Абылай хан көшелерінің қиылысына жақын жерде оққа ұшқан жол-патрульдік полициясының екі қызметкері қылмыскер қастарына келгенде көліктерінде ұйықтап жатқан. Қызметте жүрген кезде ұйықтаудың қандай қауіпті екенін осыдан көруге болады. Сол машинада болған үшінші қызметкер бұл кезде дәретханада жүреді. Сөйтіп ол аман қалады. Ол да Русланды тоқтата алмаған. Себебі, көліктегілердің де, оның да кабуралары бос болған көрінеді әріптестерінің айтуынша. Яғни, қарусыз жүрген.
Енді ойлап қараңыздаршы, елімізде Ақтөбедегі терактіден кейін террорлық қауіптің сары деңгейі еңгізіліп, сақшылардың сақтығы күшейтіліп, бес қарулары түгенделіп, көшеде сауыт киіп жүруі тиіс кезде соншама қызметкердің қырылып қалуы ненің белгісі?
Бұл полиция орындарын парақорлық пен салғырттық жайлап алғанын көрсетпей ме! Жалпы, Қасымов мырза министр болып келгелі ішкі істер органдарын берекетсіздік жайлап алды. Тәртіп жоқ. Қадағалау жоқ. Полиция қызметкерлерінің тұрақты дене шынықтырумен айналысып, үнемі қару атып жаттығуы деген ұмыт болғалы қашан. Жемқорлық жайлап біткен.
Міне, мені ашындыратын осы мәселе. Інімнің ел-жұрттың тыныштығын қорғап сақшы болып жүргенін мақтан тұтамын. Бірақ, оның басына төнуі мүмкін қауіпті ойласам ұйқым қашады. Менің жанайқайымды түсініңіздер. Полициямыз бекем болмаса, қауіпсіздігіміз қыл үстінде тұрады ғой".
P.S. ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов 2016 жылы 22 шілдеде өткен ведомстваның алқа жиынында соңғы бес жылда Қазақстанда қызмет бабында жүріп 144 құқық қорқау қызметкері көз жұмғанын хабарлады. 

shyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста