Қазақстан Суретшілер одағы 100-ден астам суретшіні мүшеліктен шығаруы мүмкін

Қазақстан Суретшілер одағы 100-ден астам суретшіні мүшеліктен шығаруы мүмкін

Қазақстан Суретшілер одағы 100-ден астам суретшіні мүшеліктен шығаруы мүмкін. Себебі олар жалпыға ортақ міндетті жарнаны бірнеше жыл бойы төлемей келген. Қара тізімге елге танымал қылқалам шеберлері, тіпті Мемлекеттік сыйлық иегерлері де іліккен. Ал ұйым басшылығына олардың айтар уәжі бар. Өнер ордасындағы мәселе бойынша Мәдениет министріне де сұрақ төтесінен қойылды.
Белгілі мүсінші Ескен Сергебаев 47 жылдан бері Суретшілер одағының мүшесі. Әкемтеатр алдындағы Мұхтар Әуезов, ҚазҰУ-дағы әл-Фараби ескерткіші сияқты бірқатар мүсіндердің авторы. Солай бола тұра 6 жыл бойы ұйымның мүшелік жарнасын төлемеген. Тіпті төлеуге құлықсыз екенін айтады. Өйткені, Суретшілер одағының аты дардай болғанмен, іс жүзінде ешқандай пайдасы жоқ деп санайды.

ЕСКЕН СЕРГЕБАЕВ, мүсінші, Мемлекеттің сыйлықтың иегері:
- Мемлекеттің сыйлықтың иегері: Қазір құр аты ғана бар. Ал былай ештеңе жоқ. Союзға өттің одан қандай пайдасы бар? Соны түсінбедім. Ешқандай пайда да жоқ, мен енді пайда іздеп жүрген жоқпын.

Ал одақ басшылығы бұл жауапсыздық танытқан мүшелерге қатаң ескертуіміз дейді. Айтуларынша ұйымға мүшелікке өтудің пайдасы мол. Қылқалам шеберлері халықаралық көрмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Тіпті мүшелікке өтуге сұраныс та жоғары екен. Ал жиналатын ақшадан одақ қызметкерлеріне жалақы беріліп, түрлі көрмелер ұйымдастыруға жұмсалады. Жарна сомасы жылына 2400 теңге. Ендігісін төлеуден бас тартқан суретшілердің ар-ұятына қалдырыпты.

ЖАНАРБЕК БЕРІСТЕН, Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы:
- Ол енді ескерту ретінде. Ешкім шығарылған жоқ бұл жерде. Біз бостан-босқа төлеп жатырмыз дейді. Ондай сөздер болмауы керек. Біз мысалы шығармашылық одақ көрме ұйымдастырамыз. Соның бәрі ескерілуі керек.

Осы ескертуден кейін 10 шақты адам қарызын төлеп кетіпті. Қара тізімдегі суретшілердің одаққа мүше болып қалу-қалмауы алдағы уақытта өтетін съезде шешіледі. Мәдениет министрі жүз суретшінің ісін міндетті түрде қарастырамыз деді.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Мәдениет министрі:
Қазір суретшілер одағында бірінші басшы жоқ. Неге десеңіз бұрынғы басшы денсаулығы ма, үй жағдайына байланысты ма жұмыстан босату туралы өтініш білдірді. Жақын арада біз үлкен съезд өткізгеннен кейін жұмысын әрмен қарай жандандырамыз.

Министр Мұхамедиұлы шығармашылық ұйымдарды қайта жасақтап, бақылауымызға аламыз дегенмен, әзірге Суретшілер одағы қатардағы қоғамдық бірлестік екенін айтады. Олар өнердегі теңсіздікті мәдениет министрлігінің өзі жасап отыр деп наразы. Мәселен, жылма-жыл өнер адамдарына берілетін мемлекеттік және президенттік стипендияның барлығын дерлік ақын-жазушылар мен әртістер қауымы иеленіп, суретшілер назардан тыс қалады дейді. 

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста